Қылмыстық іс жүргізу құқығы



Дата27.03.2020
өлшемі18,55 Kb.
#60908
Байланысты:
ПР 1892

Қылмыстық іс жүргізу құқығы

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты.

 Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:



  • тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

  • жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Сөздерді аудар: алдын ала тергеу,заң, құқық, істер, қызмет, қылмыстық процес,кінәсі, қолдану.

2.Тақырып бойынша тірек сызба құрастыр.(опорная схема по теме)

3.Сұрақтарға жазбаша жауап бер .



  • Қылмыстық процес міндеті қандай?

  • Қылмыстық процестің мақсаттары?

  • Қылмыстық іс жүргшізу құқығы нені реттейді?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет