ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОҚЫТУДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Фриери, мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толықтыру, байыту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқарас тұрғысынан оқушылармен диалогқа түсу деп санайды (2007 ред., 43-б).
Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отырғанын «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылар арасындағы бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс іздейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.(2)
Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ.Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу, пысықтап анализ жасау - әр ұстаздың міндеті.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.(К.Д.Ушинский)
Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Ол сабақтың кіріспе бөлімі яғни, «ынтымақтастық атмосферасын құру» кезеңінен басталады. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Баланы ынталандыру үшін түрлі мотивациялық бейнероликтер мен ситуациялық суреттер қолдануға болады. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.Сонымен қатар, оқудың белсенді әдістеріне: пікір-таластар, өзін-өзі бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер етеді. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырады. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек. Кез-келген баланың білімге құштарлығын ояту – мұғалімнің кәсіби шеберлігінен деп білемін.
Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы
Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа дағдыланады.
Оқушы сыныптастарымен қарым – қатынасын түзету мүмкіндігі туындайды.
Ең бастысы сыныпта жағымды эмоциялық атмосфера орнайды. Және оқушылардың барлығы сабақ барысында белсенді болады.
Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етіп, білім алудың тиімді жағдайларын жасайды, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.
Баланы үнемі сынай берсе, ол жеккөруді үйренеді;
Егер бала өшпенділікте өссе, ол қатыгездікті үйренеді;
Егер де балаға күле берсеңіз , ол тұйық болып өседі;
Егер баланы сөге берсеңіз , онда ол кінәлі сезіммен өседі;
Егер баланы әлпештей берсе, ол өзімшіл болып өседі;
Егер бала шыдамдылықпен өссе, онда ол басқаларды қабылдауды үйренеді;
Егер баланы қолдап тұрса, онда ол өзіне сенуді үйренеді;
Егер баланы мақтаса, онда ол игілікті болып өседі;
Егер бала шындықта өссе, онда ол әділетті болып өседі;
Егер бала қауіпсіздікте өссе, онда ол адамдарға сенуді үйренеді;
Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Бағдарымыз – белгілі, таңдауымыз – айқын, мақсатымыз – биік». Сондықтан заман ағымына ілесе отырып сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың міндеті деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |