Тотығу дәрежесі
Қосылыс құрамына кіретін атомды сипаттау үшін тотығу дәрежесі деп аталатын химияның негізгі ұғымы енгізілген.
Ионды қосылыстардағы ион заряды және полюсті байланыстағы атомдардың шартты зарды тотығу дәрежесі деп аталады.
Егер атом электрондарын берсе, тотығу дәрежесі оң (+), электрондарды қосып алса, теріс (-) мәнге ие болады. Жай заттардағы атомның тотығу дәрежесі 0-ге тең. Мысалы: O2, Cl2, Al, Na т.б.
Қосылыстардағы металдардың тотығу дәрежесі әрқашан оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
Тотығу дәрежесін көрсету үшін таңба цифрдың алдына қойылады: Al+3Cl3-1 Ca+2O-2, H2+1S-2.
Тотығу дәрежелері арқылы бинарлы қосылыстардың формулаларын мынадай тәсілдермен жазады;
Химиялық элементтердің таңбалары электртерістілік мәніне байланысты (бірінші орында электрондарын берген элемент) қатар жазылады. Мысалы, AlCl;
Элемент таңбаларының тотығу дәрежелерін жазады (алюминий атомдары сыртқы электрондық қабатында қанша электрон болса, сонша электрон береді; хлор атомдары сыртқы қабаты аяқталу үшін қанша электрон қажет болса, сонша электрон қосып алады);
Оң және теріс зарядтардың мәнін теңестіру үшін индекстер қойылады. Индекстерді қою үшін элементтердің тотығу дәрежелерінің яғни 3 пен 1-дің ең кіші ортақ еселігін табамыз. 3 пен 1-дің ЕКОЕ 3. Алюминийдің индексін табу үшін ЕКОЕ-ті алюминийдің тотығу дәрежесіне бөлеміз (3/3=1). Хлордың индексін табу үшін ЕКОЕ-ті хлордың тотығу дәрежесіне бөлеміз (3/1=3). Нәтижесінде қосылыс формуласы-Al+3Cl3-1
AlCl3 – алюминий хлориді.
Элементтердің тотығу дәрежесін анықтау (P2O5)
Бірінші тотығу дәрежесі - оң элемент, содан кейін тотығу дәрежесі – теріс элемент жазылады.
Оттек әрқашан (-2) тотығу дәрежесін көрсетеді. Қосылыстағы оттек атомдары 5-еу болғандықтан 5*(-2) =-10.
Фосфор атомының тотығу дәрежесін табу үшін +10 – ды фосфордың атом санына бөлеміз. +10/2=-5. Нәтижесінде P2+5O5-2 болады.
Күрделі қосылыс (H2SO4) құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін есептеу:
Оттек (-2) пен сутектің (+1) тотығу дәрежелері қойылады.
Күкірттің заряды былай есептеледі:
H2+1 Sx O4-2
+1 * 2 + x + 4 * (-2) = 0
x = +6
H2+1 S+6 O4-2
Егер формулада жақшалар болса, онда былай анықталады:
Ca+2(NxO3-2)2
+2 + 2x + (-2) * 3 * 2 = 0
x = +5
Ca+2(N+5O3-2)2
Төменде көрсетілген химиялық формулалардағы элементтердің тотығу дәрежелерін табыңыз:
Na2O, CaO, H2
Достарыңызбен бөлісу: |