Іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған баланың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Тамақтанудың созылмалы бұзылуы. Жоспар



бет6/20
Дата18.12.2021
өлшемі48,72 Kb.
#103092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Лекция. Іріңді- сепсистік аурулар.Жаңа туған баланың ОНЖ зақымдануы. (4)
№1,прак.сабақ Әбілдаева Ажар, Тыныс алу тесттері, Тыныс алу тесттері
Нәрестелер флегмонасы.

Клиникасы: тері мен теріасты шел ай қабатының зақымдануымен жүретін ауыр ауру. Бұл іріңді – некротикалық зақымдану. Инфицирлену тері арқылы немесе гематогенді жолмен жүреді. Алғашында қоңыр түсті шекарамен шектелген тері гиперемиясы пайда болады. Тілмеге ұқсайды. Гиперемия ұлғаяды, тері мен тері асты шелмай қабаты ығысады да некротикалық аймақ пайда болады. Жиі арқада, аяқ-қолдарда, мойында, кеудеде орналасады. Бұл аурудың ерекшелігі некроз ошағы тез арада ұлғайып, таралады. Нәрестелердің жалпы жағдайы өте ауыр болады. Инфекциялық токсикоз белгілері өте айқын болады. ерте диагностика жасалып, емді ерте бастау керек. Себебі процесс бұлшықеттерге жайылып сүйекттерге дейін жетіп тіндердің некрозы дамуы мүмкін.

Емі: жергілікті – зақымдану аймағын ашады, (1,5-5 см көлемінде сау тіндерді шахматты ретпен кеседі, дренаждейді); гипертоникалық ертіндісіне салынған таңғыш салынады. Жалпы - комбинирленген антибактериальді терапия микроорганизмдердің сезімталдығын есептеп, егер ондай мүмкіндік болмаса цефалоспорин 3-4 + аминогликозидтер. Септикалық дозада (2 есе көбірек) көктамырға. Дезинтоксикация және метаболикалық бұзылыстарды емдеу мақсатында инфузионнды терапия жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет