Иса пайғамбардың өмірі” Дүниеге келу тарихы



бет1/5
Дата31.05.2020
өлшемі32,21 Kb.
#71885
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дүниеге келу тарихы


Иса пайғамбардың өмірі”

Дүниеге келу тарихы



Иса (Айса, Ғайса) – еврей қауымына келген ақырғы пайғамбар. Ол қасиетті Құранда аты аталған жиырма бес пайғамбардың бірі, әрі «Улул азм» деп аталатын бес ұлық пайғамбардың төртіншісі. Иса пайғамбардың жарық дүниеге келуінің өзі мұғжиза болған, яғни Алла тағала оны мұғжиза ретінде әкесіз, яғни ер адамның қатысынсыз әйел затынан ғана жаратты. Анасы – хазреті Мәриям. Иса пайғамбардың (ғ.с.) анасы хазреті Мәриям күллі жаһанды билеген, аң-құстардың тілін білген патша пайғамбар хазреті Сүлейменнің тікелей ұрпағы болатын. Ол сондай пәк, ары таза әрі өте тақуа жан еді. Анасы Мәриямды дүниеге әкелмей тұрып-ақ: «Уа, Раббым! Шынын-да мен құрсағымдағы баламды дүниелік істерден толық босатып, басыбайлы етіп бір Өзіңнің жолыңа атадым. (Осы нәзірімді) менен қабыл еткейсің! Расында Сен бәрін естуші, шексіз ілім Иесісің», – деп нәзір етіп, Алла жолына атаған болатын. Сөйтіп хазреті Мәриям бала күнінен қасиетті ғибадатханада қызмет етіп, онда Зәкәрия пайғамбардан жақсы тағылым, өнегелі тәлім-тәрбие алып, иләһи ілімнің қайнарынан сусындап өсті. Бой жеткен шағында ел-жұрттан оқшауланып ғибадатхананың бір бұрышында күндіз-түні Раббы-сына құлшылық етуді әдетке айналдырды. Күндердің күнінде Алла тағала оған Жебірейіл (ғ.с.) періштені өте келісті де, нұрлы адам бейнесінде: «Ұл табасың», – деген сүйінші хабармен жіберді. Сөйтіп хазреті Мәриям Алланың қалауы һәм құдіретімен Иса (ғ.с.) пайғамбарға жүкті болды.
Міне, осынау ғибратты оқиға қасиетті Құранның Мәрям сүресінде былай баяндалады: «(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): Бұл Кітапта Мәриям жайлы да айтып бер. Ол кезінде жанұясынан уақытша қол үзіп, (тек құлшылық ету һәм Алланың құдіреті мен жалпы жаратылысқа ой жүгіртіп, терең ойға шому мақсатында) қасиетті ғибадатхананың шығыс жағында оңаша қалған еді.
Сөйтіп ол адамдар мен өзінің арасына перде тұтып, ел-жұрттан барынша оқшауланған еді. Сол кезде Біз оған Рухымызды (яғни Жебірейіл періштені) жібердік, ол оған нұр нұсқа (өте келісті) адам бейнесінде көрінді.
Мәриям оны көргенде, қо-рыққаннан селк ете түсіп: «Мен сенен (яғни жамандығыңнан сақтай гөр деп) Рахманға сыйы-намын. Егер Алладан шынымен қорқатын тақуа жан болсаң, (маған тиме)», – деді.
Сонда Рух оған: «Мен бар болғаны, саған пәк перзент сыйлау үшін келген Раббыңның елшісімін», – деді.
Сол кезде Мәриям (таңырқап): «Маған бірде-бір (ер) адамның қолы тимесе, мен қалайша бала табамын? Сондай-ақ, мен әсте ардан безген жеңіл жүрісті әйел болған емеспін», – деді.
(Сонда Алланың атынан сөйлеп тұрған Рух): «Солай болмақ, (бұл Алланың пешенеңе жазғаны)! Раббың: «Мен үшін ол оп-оңай. Біз оны (яғни оның ер адамның қатысынсыз дүниеге келуін) адамдарға (құдіретіміздің шексіздігін көрсететін) айқын дәлел, сондай-ақ Бізден келген рақым қыламыз. Бұл енді үкімі кесілген іс», – дейді» – деді.
Мәриям ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті. Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: «Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді», – деді.
(Періште) оның астыңғы жағынан: «Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты», – деп дабыстады. «Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі» (деген үн келді).
Ал енді же де, іш. Көз айым бол! Егер адамдардан біреу көрсең: «Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін» де.
Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: «Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің», – деді.
«Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді».
Мәриям баланы көрсетті. Олар: «Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?», – деді.
(Бала): «Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды», – деді.
«Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды».
«(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір озбыр және қиқар қылмады».
«Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады».
Міне, осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Ғиса (ғ.с.) жайындағы Алланың хақ сөзі.
Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған «бол» дейді. Сонда ол, бола қалады.
«(Иса пайғамбар қауымына): «Расында Алла менің де Раббым, сендердің де Раббыларың. Олай болса, Оған ғана құлшылық етіңдер. Міне, нағыз тура жол осы», – (деген еді).
Алайда, діни топтар (же-бірейлер мен христиандар ол жайлы әр алуан пікірді ұста-нып) бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Бар ақиқат айқындала-тын, әрі күллі адамзат жауапқа тартылатын ұлы сот күні Аллаға күпірлік қылғандардың жағ-дайы нендей өкінішті десеңші» («Мәриям» сүресі, 16-37-аяттар) аятты қарау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет