Ішінара бақылау Орындаған: Яссауи Бақытжан



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі39,97 Kb.
#185782
  1   2   3
Байланысты:
Ішінара бақылау Орындаған Яссауи Бақытжан-engime.org
YHqbx1Wpjs8XcCp9Ob2I1Q

Ішінара бақылау Орындаған: Яссауи Бақытжан

Ішінара бақылау

Орындаған: Яссауи Бақытжан


  • Статистикалық ішінара бақылау әдісі деп жалпы жиынтық бірліктерінен зерттеуге кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми негізде алдын ала іріктеліп алынған кейбір бөліктерін айтады. Ал одан шыққан қорытынды көрсеткіштерді жалпы жиынтық көрсеткіштеріне толығымен таратуға, қолдануға болады. Мысалы, зауыт 1000 дана тетік өндірді. Алайда олардың сапасын анықтау үшін барлығын бірдей тексеріп шығуға ешқандай мүмкіншілік болмайды. Сондықтан оның ішінен белгілі бір блігін ғана тексеріп, соның қорытынды көрсеткіші арқылы барлық өнімдердің қаншасы сапалы, қаншасы сапасыз екендігі туралы деректі мәлімет алуға болады және т.с.с. Егер бақылау қорытындысы барлық жиынтық бірліктеріне таратуға болмайтын болса, онда ол ішінара бақылау тәсіліне жатқызылмайды және оны жай зерттеу деп атайды. Статистикада ішінара бақылауды жүргізгенде екі жиынтық бірліктері – негізгі немесе жалпы және ішінара бақылау – бірге қолданылады. Зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар, процестер, заттар жиынтықтың барлығын негізгі немесе жалпы жиынтық деп атайды, ал жалпы жиынтықтың ішінен іріктеліп алынған бөлігін ішінара жиынтықтың бірліктері деп атайды.

Ішінара бақылауды жүргізу кезінде мынадай негізгі сипаттамалар мен белгілер қолданылады: N- зерттеуге жататын барлық жиынтық бірліктерінің саны (жалпы жиынтық) n – ішінара бақылауға алынған жиынтық бірліктерінің саны (ішінара жиынтық) - жалпы жиынтықтың орташа шамасы (жалпы орташа) - ішінара жиынтықтың орташа шамасы (ішінара орташа) G 2 – жалпы жиынтықтың шашырандылығы (жалпы шашыранды) G 2 i - ішінара жиынтықтың шашырандылығы (ішінара шашыранды) M – жалпы жиынтықың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер саны m - ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер саны P- жалпы жиынтықың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер үлесі P = M / N W – ішінара жиынтықтың ішінде өзіне тән белгісі бар бірліктер үлесі W=m/n ∆ - ішінара бақылаудағы қатенің шегі µ- ішінара бақылаудың орташа қатесі F – ықтималдылық t ықтималдылық сенім коэффициенті



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет