Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді



Дата07.04.2020
өлшемі15,6 Kb.
Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.

 Сақадай сайланған қырық жігіт маңдайды батысқа қойды да, төскейді үзеңгіге ала жүріп кетті.

 Қорқып тұрған атты алқымынан алды да, омбы қардан шығармай жығып алды.
Жалпақ балуан оқ бойы алда отырды, астындағы сары қасқа ат киіктей орғып келеді.


Ертеңіне жат иістер шықты, алыстан әлдеқандай дабырлаған дауыстар естілді.
 Мен сұлап жатқан орнымнан тұра алмадым, себебі Тортай мінер ақ боз ат менің тақымымда кеткендей еді.
Үлкендер көрші ауылға кеткен еді, сондықтан жастар кешкілік сауық-сайран құрмақ болады.
 Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен
Дәуренбек салдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашағы ғана бар сол қолымен қармалап, төс қалтасынан төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды.
Әрқайсысы ашылған кітаптың, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді.
Бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-ақ жүрек,адал еңбек,арлы ақыл болуы керек.
Тақымынан толық шығарып алғанша, бастырмалатып кеп, Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жіберіп, сол сәтте шоқпарға жармасты.
Тобықты көп рулы ел болғанымен, барлық үлкен шеңберінің таразысы осы отырған бес-алты адамның руларымен өлшенеді.
Жай сөйлем құрамына енген сөздердің бір-бірімен грамматикалық тығыз байланыста тұратыны сияқты құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер де өзара байланыста болады.

Бураның шудасындай бұйраланып, жердің еңсесін басып тастаған қою қара аспанды жыртып шыңғырған дауыс естіледі.


Тысы тозған сеңсең тымағын құлағын қайырып бір жақ шекесіне қисайта киіп, жұрттың бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде тұрған Ахмет шал қарына қыстырған құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып түсті.

Қысы-жазы ағайынды екі жігіттің еңбегі, ер қайраты кіргізетін кіріс айта қаларлық болса да, Сәлмен осы екі жігітті талай жылдар өзге малайлары тәріздендіріп, ақы бермей жұмсап жүрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет