Известия Национальной академии наук Республики Казахстан



Дата24.04.2017
өлшемі104,47 Kb.
#15113
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан


NEWS

OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

PHYSICO-MATHEMATICAL SERIES

ISSN 2224-5227

Volume 5, Number 3 (2015), 94 – 103


INFORMATION AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES

IN TEACHING CHILDREN WITH DISABILITIES
G.I.Salgaraeva, A.S.Makhanova
Kazakh State Women's Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan

E-mail: gulnaz_sal@mail.ru


Keywords: information and communication technology, educational games, interactive methods, distance learning, education of children with disabilities.

Abstract. In modern pedagogical concept of learning is not considered only as the transfer of knowledge from teacher to student. Defining trends of modern education is the shift to student-centered education that can be provided through information and communication technologies (ICT). Similar techniques are used extensively for communication and interoperability of the teacher and the student in modern open and distance education. The modern teacher must not only have knowledge of ICT, but also to be an expert on their application in their professional activity.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Г.И.Салғараева, А.С.Маханова
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
Тірек сөздер: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, дамытушы ойындар, интербелсенді әдіс, қашықтан оқыту, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.

Аннотация. Қазіргі заманауи педагогикалық концепцияларда оқыту оқушыға мұғалімнен берілетін білімді жеткізу үдерісі ретінде қарастырылмайды. Заманауи оқытудың анықтаушы тенденциясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) көмегімен қамтамасыз етілетін тұлғалық-бағытталған білім беру жүйесіне ауысу болып табылады. Мұндай технологиялар ақпаратты тасымалдауда, ашық және қашықтан оқытудың заманауи жүйелерінде оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасын камтамасыз етуде кеңінен қолданылады. Қазіргі мұғалім АКТ облысындағы білімді меңгеріп қана қоймай, оларды өзінің кәсіби қызметтерінде қолданудың маманы болу керек.
Білім берудің кез-келген жүйесінің ақпараттық ортасындағы АКТ негізгі құралдары мүмкіндігі онда орнатылған программалық қамтамамен анықталатын дербес компьютер болып табылады.

Әдістемелік жағынан қолдану облысындағы АКТ құралдарының классификациясы келесі құралдардан тұрады: оқытушы - білімді хабарлайды, меңгерудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып оқу немесе тәжірибелік іс-әрекеттердегі білік, дағдыларды қалыптастырады; жаттықтырушы - білік, дадыларды өңдеп, қайталауға және өтілген материалды бекітеді; ақпараттық-ізденушілік және анықтамалық - деректерді хабарлайды, ақпаратты жүйелеу бойынша білік, дағдыларды қалыптастырады; демонстарциялық - оқытылатын нысандарды, көріністерді, зерттеу мен меңгеру мақсатында үдерістерді модельдеуге мүмкіндік береді; имитациялық - нақтылықтылықтың анықталған аспектісін құрылымдық және қызметтік сипаттамаларды үйрену үшін ұсынады; зертханалық - нақты құылғыда жойылған тәжірибелерді өткізуге мүмкіндік береді; модельдеуші - нысандарды, көріністерді, оларды зерттеу мен меңгеру мақсатында үдерістерді; есептеушілік - түрлі есептер мен басқа да операцияларды автоматтандырады; оқу-ойындық - білім алушылардың іс-әрекеті ойын түрінде жүщеге асатын оқу жағдаяттарын құруға арналған.

АКТ көмегімен шешілетін дидактикалық міндеттерге:


  • Оқытуды ұйымдастыруды жетілдіру, оқытуды жекешелендіруді арттыру;

  • Оқушылардың өз бетінше дайындалу өнімділігін көтеру;

  • Мұғалімнің өз жұмысын жекелендіру;

  • Педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне қол жетімділік пен таралымын жылдамдату;

  • Оқуға қызығушылығын арттыру;

  • Оқу үдерісін белсендіру, оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке тарту мүмкіндігі;

  • Оқу үдерісінің иірімділігін қамтамасыз ету жатады [2].

Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекетін дамыту түрлі факторларға оның ішінде оқу материалы қабылдауда қаншалықты көрнекі мен қолайлы екендігіне тәуелді.

Оқу мен сабақ кезінде электронды оқу материалдарын қолдану балаларды пәндік өмірмен таныстырып қана қоймай, олардың ақпараттық құзырлығы мен танымдық аймағын түзетуді дамытуға әсер етеді.

АКТ қолдану облысындағы жұмыс үдерісі кезінде:


  • Ақпаратты технологияны қолдану арқасында мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық үдеріс деңгейінің артқандығын;

  • Ақпараттық технологиялар мен түзету-дамыту жұмыстарының әдістемесі облысында тұлғалық деңгейлерінің артқандығын;

  • -білім алушылардың көпшілігінің мотивациялық құрауыштарының қалыптасқандығын байқауға болады.

Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау кез-келген материалды шығармашылық тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді, бірақ дербес оқыту жағдайында ол орынсыз. Арнайы қажеттілікті талап ететін бала қоршаған ортаға бейімделуі, нысандардың қасиеттері мен қатынастарын белгілеуі, анықтауы үшін, қандай да бір әрекетті түсінуі үшін дұрыс дамыған балаға қарағанда көптеген қайталауларды талап етеді. Дидактикалық компьютерлік ойындар тапсырмаға деген жағымды әсерлерін сақтай отырып түрлі материалдарды қажетінше қайталауға мүмкіндік береді.

Дидактикалық ойындардың оқыту үдерісінде алатын ерекше орнын сол ойынның өзі оқыту үдерісін әсерлі, әрекетті ететіндігімен анықталып, балаға өзіндік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Түзету-дамыту жұмыстарында оқу-ойындық құралдар мен жаттықтыруларды қолдану нәтижесі компьютерлік технологиялардың дәстүрлі түзету әдістемесінде педагогикалық әдістерді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашатындығын көрсетеді:



  1. Түрлі қиындықтағы материалдарды таңдап алу мүмкіндігі. Нақты бір балаға оның қазіргі мүмкіндіктері мен оқыту міндеттеріне сәйкес келетін тапсырманы ұсынуға болады.

  2. Дәстүрлі оқыту барысында анықталуы қиын бала дамуындағы мәселелерді «көрінетін» етіп қоюға болады.

  3. Балада өзінің жеке дағдыларын ойлау үдерісін қалыптастыруға болады.

  4. Жаттығудың сәтті орындалуына компьютерде орындалатын тапсырмалар жайлылық шарттарын ұсынады.

  5. Білім алушылармен тұлғалық қарым-қатынасты меңгерудің негізгі құралы ретінде қолданылатын компьютерлік программалардағы ойдан алынған батырлармен байланыс моделін меңгеру мүмкіндігі туады.

  6. Білім алушы тартымды графикаға бағыттала отырып көрген қателерін түзетуге тырысады, өзін-өзі бақылау әдістерін үйренеді.

  7. Компьютерлік программаны қолдана отырып орындалатын тапсырмалар кезінде қандай да бір ережелер мен формулаларды көп ретті қайталау қажеттілігімен байланысты білім алушыдағы қарама-қарсы теріс әрекеттер (негативизм) жойылады. Оларды өз күштеріне деген сенімділік пен оқуды жалғастыру құлшыныстары оянады, өзіне қтын болған жұмыстарды орындауға жігерлері артады.

  8. Балалар аз шаршап, жұмыс істеу қабілеттерін көп сақтайды.

  9. Монитор экранына қарап, бала өз жұмысының нәтижесін көреді.

Осылайша компьютерлік программаларды қолдану ойын есебінен ғана жігерді арттырып қоймай, балаға үлкендер жағынан, компьютер тарапынан мақтау, мақұлдау алуына септігін тигізеді.

Word мәтіндік процессоры мен Access мәліметтер қоры, Power Point презентацияларымен танымал Microsoft Office пакеті, Active Inspire бағдарламалары мұғалімге сабақ өткізу мен дайындық барысында үлкен көмек береді. Word мәтіндік процессоры таратпа қағаздары мен дидактикалық тапсырмалар жасауда қолданылады. Power Point презентациялары мұғалімге уақытты үнемдей отырып, қысқа уақыт ішінде сабаққа көрнекілік дайындауға мүмкіндік береді. Презентация арқылы жасалынған сабақтар ақпаратпен жұмыс істеу барысында өте тиімді.

Бүгінде қашықтан оқыту бойынша сұрақтар көптеп қойылады, қашықтан оқытуға қызығады, тіпті кейбіреулер күмәнмен қарайды, алайда мектеп мұғалімдерінің арасында бұл оқыту формасы кең таралмаған.

БҰҰБҒМҰ (UNESCO) болжамы бойынша ХХІ ғасырда ортамектеп оқушылары мектепте 30-40% уақыттарын, қашықтан оқуға 40% уақыттарын, ал қалған уақыттарын өз бітңнше бңлңм алуға жұмсайды делінеді. Осыдан қарап-ақ университет, орта мектепте білім беру шеңберінде қашықтан оқытуға деген қызығушылықтың артқанын байқауға болады. Қашықтан оқыту деп біз оқушының оқу-әдістемелік материалдар мен оқытушының кеңесіне аптасына жеті күн, кез-келген уақытта қолжетімді етіп ұйымдастырылған оқыту формасын айтамыз [3].

Осы ретте қашықтан оқытудың мүмкіндігі шектеулі балаларға беретін мүмкіндіктеріне тоқталып өтсек дейміз. Компьютерлік технологияларды оқу үдерісіне енгізу түзету мен оңалтумен айналысытан мамандар жұмысын жеңілдетеді, балаларға жылдам және байқаусыз өздерін қоршаған ортаға кіріп кетуіне көмектеседі, сонымен қатар ақпаратқа заманауи жолдармен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияны қолдану балаларға жаңа іс-әрекет түрінде – компьютермен өз бетінше жұмыс істеу әрекетінде дамуға жол ашады. Оқудың жекеленген жолын қамтамасыз ету мүмкіндігі, білімді меңгеру әдістері мен әрбір балаға жол табу, бір сөзбен айтқанда жекеленген жүйелік көмекті қамтамасыз ету – түзету педагогикасында компьютерлік технологияларды қолдану артықшылығын береді. Компьютермен оның ішінде, қашықтан білім беру ресуртарымен жұмыс балалардың зияткерлік әрекетін, кеңістікті ойлау, жады, логика, зейінін дамытады, өз бетімен жұмыс істеуге, шешім қабылдауға үйретеді, алдына қойған мақсатты өзі шешуіне, саусақтарының, қолдарының моторикасын дамытуға көмектеседі [4].

Қашықтан оқыту элементтерін қолдана отырып, оқытушы білім беруде өзінің жеке ролін белсендіруді қамтамасыз етеді (бағытты, оқытудың формалары мен күйін таңдауда); оқытушыға адамзаттың мәдени-тарихи және ғылыми жетстіктері жайындағы білімдерге қол жеткізуді кеңейтеді.

Оқытудың қашықтан оқыту формасы тұлғалық қарым-қатынас үдерісін жеңілдетеді, онымен болатын психологиялық сипаттағы мәселелрді шешеді. Үй жағдайында білім алатын бала педагог-мамандармен, құрдастарымен, территориялық орналасуына тәуелсіз байланыс, қарым-қатынас жасау, тілдесу мүмкіндіктеріне ие болады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке жұмыс атқару тәжірибесі оқытудың бұл жаңа түрін үлкен қызығушылықпен қабылдайтындығын көрсетеді.

Қашықтан оқыту режимінде жұмыс жасайтын мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын өз әріптестері жүргізетін оқытудың дәстүрлі шарттарын орындайды, бірақ олардың балалармен арасында қатынастың болмауы оқытудың арнайы формасына алып келеді. Мысалы, оқушы жанында мұғалімнің жоқтығынан өзін сенімсіз сезінеді немесе өзінің,көп жағдайда басқа оқушылардың алып отырған бағасына келіспейді. Балалардағы мұндай сезімнің бар болуы кейбір курстардың құрылымы әлі де болса толық ашылмағандығын білдіреді [1].

Бұл мәселелерді шешу үшін оқушылармен бірге 3 жұмыс кезеңінен өту керек. Біріншісі – бұл дайындық кезеңі (кұндізгі) – қашықтан оқыту жұмысында. Одан кейін балалар мұғалімнің қадағалауымен немесе Skype арқылы өз бетінше жұмыс жасап көру керек (күндізгі – сырттай кезең). Енді барып, бала өзін сенімді сезінгенде ғана қашықтан оқыту кезеңіне өтуге болады.

Қашықтан оқыту курстарының көрнекі әрі ыңғайлы түріне MOODLE программалық платформасында құрылған курстарды жатқызуға болады. Ол түрлі онлайн оқу курстарын құруға, өткізуге мүмкіндік береді, мұнда оқытушы мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы белсенді қарым-қатынасты қолдауға көп көңіл бөлінеді. Мұнда келесілерді көрсетуге болады:


  • Мәтіндер, web-беттер, дыбыстық және бейне файлдар;

  • Автоматты тексерілетін тесттер, интербелсенді оқу материалы;

  • Ішкі білім беру ресурстарын қосу.

Жоғарыда келтірілген мүмкнідіктерді қашықтан оқыту порталында сабақ құру кезінде қолдануға болады. Ол сабақтың қажетті теориялық матриалын қойып, оны қызықты етуге мүмкіндік береді. Портал негізінде жаңа білім беру технологияларын, әрбір баланың дербес ерекшеліктерін ескере отырып сабақтар құруға болады. Мысалы, денсаулық сақтау технологияларын жүзеге асыра отырып, сабаққа музыкалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар, шынықтыру минуттарын қосуға болады. Оқушы өз деңгейіндегі тапсырмаларды немесе қиын тапсырмаларға қайта қарастырып орын.дауға, тапсырмаларын түзетуге, өз жұмысының нәтижесін бірден көруге мүмкіндік алады.

Оқушылардың компьютерлік технологияларды меңгеруі оларға қашықтық конкурстарына, жобаларға (олимпиадалар мен конференцияларға) қатысуына мүмкіндік береді.



Компьютерлік технологиялар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда оларға қоғамның қажетті бір бөлігі мен тұлға ретінде дамуына көмектесе отырып оқытудың маңызды бөлігіне айналады.
ЛИТЕРАТУРА:

  1. Л.Я.Гозман, Е.Б.Шестопал. Дистанционные обучение на пороге ХХІ века., 2008, М.:Мысль., с.167-169.

  2. Д.С.Ковалев. Место и роль компьютерных технологии в системе образования детей с ОВЗ., Коррекционная педагогика. -2013., №3.- с.76-78.


REFERENCES

  1. L.Ja.Gozman, E.B.Shestopal. Distancionnye obuchenie na poroge ХХІ veka., 2008, M.:Mysl'., s.167-169. (in russ).

  2. D.S.Kovalev. Mesto i rol' komp'juternyh tehnologii v sisteme obrazovanija detej s OVZ., Korrekcionnaja pedagogika. 2013., №3. s.76-78. (in russ).


ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В ОБУЧЕНИИ ДЕТЕЙ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ ЗДОРОВЬЯ
Г.И.Салгараева, А.С.Маханова
Казахский государственный женский педагогический университет, Алматы, Казахстан
Ключевые слова: информационно-коммуникативные технологии, развивающие игры, интерактивные методы, дистанционное обучение, обучение детей с ограниченными возможностями здоровья.

Аннотация. В современных педагогических концепциях обучение перестает рассматриваться только как процесс передачи знаний от учителя ученику. Определяющей тенденцией современного обучения является переход к личностно-ориентированной системе образования, что можно обеспечить с помощью информационных и коммуникационных технологии (ИКТ). Подобные технологии активно применяются для передачи информации и обеспечения взаимодействия преподавателя и обучаемого в современных системах открытого и дистанционного образования. Современный преподаватель должен не только обладать знаниями в области ИКТ, но и быть специалистом по их применению в своей профессиональной деятельности.
Salgaraeva G.I.

Candidate of technical science, professor, Department of Computer Science and Applied Mathematics, Physics and mathematics faculty


Kazakh State Women's Teacher Training University, Almaty, Kazakhstan
Information and communication technologies in teaching children with disabilities
Makhanova A.S., master teacher

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет