Ж Жоспар Кіріспе Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі220,42 Kb.
#98140
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
синхронды машиналар

Реферат
Орындаған: Құсманбет Балқаш


Тобы:ЭЭ-18-1
Тақырыбы: Синхронды машиналар
Қабылдаған: Шегенбаева Райхан

2020-2021ж


Жоспар
Кіріспе
Синхронды машиналардың түрлері және олардың құрылысы
Синхронды машиналардың құрылысы
Синхронды машинаның жұмыс істеу принціпі
Қуаты аз синхронды машиналар
Синхронды генератордың кернеулерінің теңдеулері
Реактивті синхронды қозғалтқыш


Кіріспе

  • Синхронды машина - бұл айнымалы токтың машинасы. Синхронды машиналарда ротордың айналу жылдамдығы стартордың айналмалы өрісінің айналу жылдамдығына тең. Осы себептен мұндай машиналар синхронды деп аталады.

Синхронды машиналар 3ке бөлінеді:

  • Генератор

  • Қозғалтқыш

  • Компресор

Синхронды машиналар – олар коллекторсыз айнымалы ток машиналары. Құрылыстары бойынша олардың асинхронды машиналардан айырмашылығы тек қана ротордың құрылысында, ол айқындалған полюсті немесе айқындалмаған полюсті болуы мүмкін. Қасиеттеріне келетін болсақ, синхронды машиналардың айырмашылығы кез келген жүктеме кезіндегі ротордың айналу жиілігінің синхронды (n2 = n1= const) болуында, сондай-ақ қуат коэффициентін реттеу мүмкіндігінде, оның мәнін бұл кезде синхронды машинаның жұмысы өте үнемді болатындай етіп қояды. Синхронды машиналар қайтымды және генератор режимінде де, сондай-ақ қозғалтқыш режимінде де жұмыс істеуі мүмкін. Синхронды генераторлар электр станцияларындағы электротехникалық жабдықтардың негізін құрайды, яғни іс жүзінде электр энергиясының бәріде синхронды генераторлармен өндіріледі. Қазіргі кездегі синхронды машиналардың жеке қуаты милион және одан да көп киловатқа дейін жетеді. Синхронды қозғалтқыштар негізінен үлкен қуатты құрылғылардың жетегі ретінде қолданылады. Мұндай қозғалтқыштар техникалық – экономикалық көрсеткіштері бойынша басқа типтік қозғалтқыштардан басым болады. Үлкен электроэнергетикалық қондырғыларда синхронды машиналар кейде компенсатор ретінде пайдаланылады, яғни барлық қондырғылардың қуат коэффициентін өсіруге мүмкіндік беретін реактивті қуат генераторы ретінде.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет