ЖАҢа технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының Ғылыми танымын қалыптастыру баятбек Жансая Жанатқызы



Дата13.12.2016
өлшемі71,85 Kb.
#3808
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Баятбек Жансая Жанатқызы

Ғылыми жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы Майлыбаева Г.С

gulmirasabyr@mail.ru
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы, барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].

Ғылым өзін-өзі түзете отырып, үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым – саты»,- деп В.Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт, жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес, танымдық қабілетті дамыған өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын ояту.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.

«Инновация» ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.

Инновация (латын сөзі in - в, novis- жаңа)- жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Кейіннен «инновация» ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу» мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады. [2]

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек6 яғни еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Жалпы, педагогика ғылымында оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты - жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан бұл жерде де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті - оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ бұл мақсат - өздігіне дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс -әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі оқыту түрі мен құралдарының) олардың өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.

Осы талапты орындау үшін төмендегі төрт ұсынысты қажет деп санаймыз.


  1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмысына пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Демек , біздің жағдайымыздағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз «оқушы-мұғалім» деген өзара тығыз байланыстағы қатынасты қарастырады. Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.

Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады.

  1. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет етіп, ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгеруді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек.

  2. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функциональды мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі комьютерлік техника-оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет[3].

  • Қалайша ?!

  • Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру болғандықтан, теориялық материалдардың мазмұны әңгімелесуші – оқулықтарда беріліп, оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы керек. Мұндай талаптарды қанағаттандыру үшін оқулықта келтірілген тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде беріледі, оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бұл тапсырмалар, негізінен, жаңа тақырып бойынша заңдар мен ережелерді өздігімен шығаруға және анықтамаларды өздігінен құрастыруға жетелейді. Жаңа меңгерген тақырыптарды бекіту үшін, қарапайым мысалдар келтірсе жеткілікті. Осындай әңгімелесуші - оқулықтардың мазмұны, бұл жағдайда, білім алу құралына айналады.

Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын байытуда қолданылатын жаңа технологияның бірі ретінде мнемосызба әдісін пайдалануға болады. Бұл әдіс қазіргі таңда инклюзивті білім беруді білім беру үрдісіне енгізу барысында таптырмас құралдардың бірі болмақ.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:

І кезең: оқып-үйрену;

ІІ кезең: меңгеру;

ІІІ кезең: өмірге ендіру;

IV кезең: дамыту.

Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда келесі кедергілердің бары ешкімге де құпия емес. Яғни, -сөздік қорының кемдігі; -сөйлемдегі сөз тіркестерін дұрыс таба алмауы; -дыбыстау кемшілігі; -берілген тақырыпқа сюжеттік немесе сипаттау әңгіме құра алмауы; -өз ойын дұрыс жеткізе алмауы.
Бұл себепте оқушыға қалай көмек беруге болады? Өз ойын жеткілікті айтуға, байланысты, ретімен, грамматикалық дұрыс сөйлеуге қалай көмек береміз?

Мнемосызба – дегеніміз не? Мнемосызба - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда мнемосызбаны қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін, оқушының тілін дамытуға әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану қажет. Қойылған мақсатты нәтижелі етуге қолданылатын тәсілдер:


- Көрнекіліктер, дидактикалық ойындар; суреттер; буындық кестелер; тірек-сызба; үлгілер т.б; - «Жинақтаушы - сөйлеу материалдарын безендіру; - жаңылтпаштар, тақпақтар, жұмбақтар, саусақ гимнастикасы, тыныс алу жаттығулары, т.б; Көрнекілік-бейнелік есте сақтау және есту, суретін көру арқылы оқушының есінде нақты қалады. Соның бірі мнемосызба. Мнемосызба - бастауыш мектеп оқушыларының қоршаған орта, табиғат туралы білімін кеңейтуге, әнгіменің барысын тиімді есте сақтауға, әнгімені айтып беруге және сөздік қорын дамытудағы іс-әрекеттерінің жүйесі. Мнемосызба - оңай жолдан қиынына қарай құрылады. Жұмысты ең оңай мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет.Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .
Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз оқушыға түсінікті болуды жеткізу. Сызба - мнемокесте бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оны біз қолдануда оқушының сөздік қорын байыту, әнгіме құруға үйрету, көркем әдебиетті мазмұндау, жұмбақ жасыру және шешу, өлең жаттау үшін және құрылған сызба оқушыларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу кезегін белгілеуге көмектеседі. Бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын байытады.
Мнемокестені қолдану 3 кезеңнен тұрады:
Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау; мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру; қолдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді. Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр, басқасы ұйықтап жатыр/, қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден. Бастысы - оқушы өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Іс-тәжірибеден өту барысында аталмыш әдісті пайдаланып, сабақты қызықтырақ өткізуге тырыстым. Өйткені, жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз, сосын мнеможолға көшеміз, мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі. Дайын модельдік сызбалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны оқушылармен толтырып отырамыз. Оқушылармен бірге ""Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық. Осы сызбалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады. Әңгіме барысын, әңгіменің айтылу кезеңін, әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.

Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, оқушылар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.


Мнемосызба тиімділігін әрбір сабақ барысында байқадық, сондықтан қазіргі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі деп санап, қызығушылығымыз арта түскен соң, тәжірибеде қолданғанды жөн көрдік.

Оқу үрдісінде жаңа технологияны пайдалану арқылы – оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек.


ӘДЕБИЕТТЕР.

1. Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы .

// Қ.М,28 қазан , 2000ж.

2. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.



3.Сабыров Т.А Оқушылардың өз белсенділіктерін арттыру жолдары.

Алматы «Мектеп»,1978ж. 110-бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет