Жағдайлық есептер Сілекей мицелласының заряды азайды, муциннің қорғаныштық қасиеттері төмендеді, сілекей қанықпаған болып қалды. Осы жағдайда сілекей қандай сұйықтыққа айналады?
Асқазан сөліндегі сүт қышқылының мөлшері қышқылдық жоғары және төмен болған кезде артуы мүмкін бе? Неліктен?
Асқазан сөліндегі сүт қышқылының мөлшері күрт артып кеткен. Асқазан сөлінде қандай патологиялық жағдай орын алғанын айтуға болады?
Науқас құрсақ бөлігінің ауратына және ішінің өтетініне шағымданды. Оның асқазан сөліне сараптама жасағанда күкіртсутектің иісі байқалып, құрамында бос тұз қышқылы мүлдем болмаған. Асқазанның қандай ауруы туралы айтуға болады?
Науқас асқазан тұсының шаншып ауырғанына шағымданады. Асқазан сөлін зерттегенде, қанның бар екені жалпы қышқылдылықтың 90 мл екені анықталды. Сіздің диагнозыңыз?
Асқазан 5 мл титрлегенде, ондағы бос тұз қышқылын титрлеуге 0,1 н NaOH ерітіндісінің 2,5 мл кетті, В көлемі 3 мл құрады, барлық қышқыл түзуші заттарды бейтараптауға 4,5 мл жұмсалды. Жалпы қышқылдылықты, бос және байланысқан тұз қышқылын есептеңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.
Зерттелінетін зәрдің құрамында көп мөлшерде индикан анықталды, бұл кезде қандай жағдай байқалады?
Ұйқы безінің, асқазанның немесе ішектің созылмалы аурулары кезінде құрамында ұйқы безі сөлінің ферменттері бар мезим-форте (панкреатин) препаратын берді. Препараттың емдік әсерінің механизмін түсіндіріңіз. Ас қорыту жолдарында белоктарды қорытатын ферменттерді атаңыз, эндо- және экзопептидазаларды көрсетіңіз, осы ферменттердің активтену реакцияларының схемасын жазып, активаторларын көрсетіңіз.
Науқас белок мөлшері аз диетада, оның қан сарысуын зерттеген кезде мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады?
Науқастың қан сарысуында мочевина азоты 0,75 г/л-ге тең, ол барлық қалдық азоттың 89% құрайды. Сіздің жорамал диагнозыңыз?
Зерттелген қан сарысуында креатин мөлшері 1,2 мМоль/л-ге тең. Қандай органның жұмысы бұзылғаны туралы болжам жасауға болады?
Пародонтит кезіндегі қабыну ошағында гистамин және серотониннің мөлшері артып кетті. Аталған қосылыстардың биологиялық сипатына байланысты осы құбылыстың маңызын қалай түсіндіруге болады? Гистамин мен серотониннің синтезделу реакциясын жазып, реакцияны катализдейтин ферментті және оның коферментін атаңыз.
Клиникада ми қызметі бұзылғанда ГАМҚ-ның синтетикалық аналогы болып табылатын ноотропил препараты қолданылды. ГАМҚ-ның биологиялық рөлін түсіндіріп, оның түзілу реакция теңдеуін жазыныз. Реакцияға қатысатын ферментті және оның коферментін атаныз.
Белоктық ашу жағдайындағы В6 гиповитаминозы жасушадағы белок синтезінің төмендеуіне әкеледі. В6 гиповитаминозы кезінде аспартаттың қатысуымен жүретін қандай реакцияның жылдамдығы баяулайды. Осы реакция теңдеуін формуламен жазып көрсетіңіз, оған қатысатын ферментті және оның коферментін атаңыз.