Жалақы нысандарына есептер



Дата02.05.2023
өлшемі20,21 Kb.
#175891
Байланысты:
тапсырма- Еңбек акы


ЖАЛАҚЫ НЫСАНДАРЫНА ЕСЕПТЕР





  1. Кесімді-сыйлықтық жүйеде жалақыны анықта. Жоспарды толық орындаса 15%, артық орындаса әр пайыз 2% сыйақы төленеді. Сағаттық тариф қойылымы 1200 тг, 350 дана өндіріп жұмысшы жоспарды 106 % орындаған.

  2. Мерзімді-сыйлықтық жүйедегі жалақыны анықта. Оклад 160 мың тг. Жұмысшы 8 сағаттан 21 смена орындауы тиіс. Факт бойынша 20 смена орындалған. Авариясыз жұмыс істегені үшін 20 % сыйақы беріледі.




  1. Жұмысшының жалақысын анықта. Күніне 7 сағаттан 26 күн бекітілген. Сағаттық тариф қойылымы 1280 тг/сағат, факт бойынша 185 сағат орындаған. Сыйақы – 20%.

  2. Мерзімді-сыйлықтық жүйеде жұмысшының жалақысын анықта. Күніне 8 сағаттан 20 күн бекітілген. Сағаттық тариф қойылымы 1900 тг/сағат, факт бойынша 170 сағат орындаған. Сыйақы – 20%.


  1. Жалақының кесімді-сыйлықтық жүйесі бойынша жұмысшының бір айдағы еңбекақысын есепте. Бір ай ішінде 240 өнім өндірген, өнім бірлігін жасауға уақыт нормасы 0,9 сағат. Сағаттық тариф қойылымы 1270 тенге. Өнім нормасын орындағаны үшін сыйлық 20%, ал норманы артық орындағаны үшін әрбір пайызға 1,5% кесімді жалақы сыйлығы тағайындалған. Жұмысшы күніне 8 сағаттық жұмыс бойынша барлығы 21 күн істейді.

  2. Егер сағаттық тариф қойылымы 5%-ке азайса, ал уақыт нормасы өзгеріссіз болса, кесімді баға қалай өзгереді?

  3. Сағаттық тариф қойылымы 25%-ке артса, ал уақыт нормасы өзгеріссіз болса, кесімді баға қалай өзгереді?

  4. Жалақы қорының абсолютті экономиясын (шығындануын) есепте. Егер жұмысшы саны 1200 адамға жоспарланса, ал факт бойынша 1300 адам болды. Жоспарланған жалақы қоры 130 мың ш.б. жоспарланса, ал факт бойынша 154 мың ш.б. жұмсалған.




  1. Жалақы қорының абсолютті экономиясын (шығындануын) және пайыз бойынша есепте. Егер жалақы қоры 420 мың тг жоспарланса, ал факт бойынша 431 мың тг жұмсалған. Өнім шығару жоспары 106,5% орындалған.


  1. Кесімді-сыйлықтық жүйеде жалақыны анықта. Егер жоспарды толық орындаса 10%, артық орындаса әр пайыз 1,5% сыйақы төленеді. Сағаттық тариф қойылымы 1250 тг, 300 дана өндіріп жоспарды 107,5 % орындаған.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет