Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жалелова Рысты Шайхатоллақызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мектеп:
|
НЗМ Атырау қаласы
|
Уақыты
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жалелова Рысты Шайхатоллақызы
|
Сынып: 11 Т1
|
Қатысқан оқушылар саны: 10
|
Қатыспағандар: 0
|
Бөлім
|
Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші: Қазақстан және батыс елдері
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстан және Батыс елдері
|
Оқу мақсатына сілтеме
|
О 1 Ақпаратты түсіну
Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу
|
Бұл сабақ үлес қосатын оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін қорытындыларды ғаламдық әдеби мәтіндермен салыстырады.
Ғаламдық тақырыптардағы көтерілген мәселелерге өз көзқарасын дәлелдей отырып, ресми насихаттау хаттары мен хабарламалар жазады.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар
Көтерілген мәселені анықтай алады
Өзіндік көзқарас қалыптастыра алады
Көптеген оқушылар
Өз көзқарасын дәлелдей алады
Кейбір оқушылар
Көзқарастарын ғаламдық мәселемен салыстыра алады
|
Жетістік критерийі
|
Ғаламдық мәселені көтере алады
Өз көзқарастарын дәлелді түрде білдіре алады
Насихаттау бағытында жаза алады
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс - әрекеттер
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
4 минут
6 минут
10 минут
15 минут
3 минут
|
Ынталандыру.
Ортаға өз еркімен 5 оқушы шығады. Оқушыларға мұғалім тақырыпқа байланысты сұрақ қояды. Мысалы:
1. Уақытты қадірлей алып жүрсіз бе?
2. Уақытты тиімді пайдалануда өз тәсілдеріңіз бар ма?
3. Өміріңізде «уақытым бекер өтті» деген өкінішті сәттер болды ма?
Ескерту: берілген сұрақтарға «иә», «жоқ», «әрине», «мхм» деп жауап беруге болмайды, бас изеуге немесе бас шайқап білдіртуге болмайды.
Тиым салынған сөздерді айтып қойған оқушы шыға береді де, соңында жеңімпаз анықталады.
Мұғалім қойған сұрақтар арқылы оқушылар тақырыпты болжайды. Тақтаға толық тақырып жазылады.
«Сократ үлгісіндегі әңгіме». Оқушылар шеңбер бойымен тақырыпқа қатысты қандай мәселелер талқылануы мүмкіндігін талдайды, пікірлерімен бөліседі.
Шеңбер бойында соңғы жұптасқан реттерімен оқушылар жұп болады.
ЖЖ
Оқылым алды тапсырма.
Қазіргі жастар уақытты қалай үнемдеуде?
Уақыт үнемдеу қоғам дамуына әсер етуі мүмкін бе?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін не туралы екенін болжайды.
Жұптарға оқылым мәтіні таратылады.
Оқылым кезіндегі тапсырма.
Мәтіннен өзіңіз келісетін пікірлердің тұсына + белгісін қойыңыз.
Келіспейтін пікірдің тұсына – белгісін қойыңыз.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
«Сократтық үлгідегі әңгіме» кезінде айтылған пікірлерді мәтіндегі пікірлермен байланыстыра отырып өз қорытындыларын шығарады.
Жазылым тапсырмасы.
Жұпта өз көзқарастарын дәлелдей отырып, «Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші» тақырыбында насихаттау хат жазады. Хат А3 форматтағы қағазға жазылып, жұмыстарын тақтаға іледі.
Оқушылар тақтадағы жұмыстарды аралап оқиды, критерий бойынша өз бағаларын береді.
Жетістік критерийі:
Ғаламдық мәселе көтерілген
Өз көзқарастарын дәлелді түрде білдіре алған
Насихаттау бағытында жазылған
|
Оқылым мәтіні
А3 форматты қағаз
|
Рефлексия
2 минут
|
Бүгінгі сабақта не тиімді болды?
Не тиімсіз болды?
Қай тапсырманы орындау қиын болды?
Қай тапсырма оңай болды?
|
|
Қосымша мәлімет
|
Рефлексия
Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?
|
Бұл бөлімді сабақ бойынша ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз.
Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру
арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз
|
|
Қорытынды бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және
оқыту жайлы ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік
берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?
1:
2:
Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім?
Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?
|
Бүгінгі таңда жастардың құндылықты бағдарлануын зерттеген Абдраймова Г.С. мынадай мәселелерді анықтады. Жастардың жеке өмірге бағдарлануында құндылықтар жүйесінде – ақша, материалдық сәттілік бірінші орында тұрғандығы білінген. Дегенмен, жастардың 56 пайызы өздерінің еңбегімен материалдық игілілікке жетуге болады деген тоқтамға келген. Ал 27 пайыз жастар еңбектен гөрі, статусты «ақшалы» мамандықтарды материалдық игілікке бастар жол ретінде көрсетеді. Сонымен қатар, мансап жасау, жұмыстағы сәттілік секілді бүгінгі жастардың бойында индивидуалистік қасиеттер басым. Дегенмен, отбасы бақытын жастардың 52 пайызы өмірдің маңызы деп түсінеді. Бұл көбіне 18-19 жас аралығындағылардан гөрі, 25 пен 29 жастағылар үшін көбірек маңызды. Ал отбасы құру мәселесінде көпшілік жастар ата-анасына қаржылай тәуелсіздік жағдайы, жеке көлемді табыс болуы керек екендігін атап көрсеткен. Ал жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп есептейді (тек 7 пайызы ғана ата-анамен тұруға келіскен). «Сізге бақыт үшін не керек?» деген сұраққа 39 пайызы жеткілікті деңгейде қаражат, 35 пайызы-махаббат, 18 пайызы – сенімді дос, ал 8 пайызы – аман-есендік деп белгілеген. Ал бос уақытты тиімді пайдалану мәселесінде жас ерекшелікте айырмашылықтар пайда болды. Ересектерінде бос уақыт аз болса, жастарында көп болып шықты. Бос уақытты пайдалану мәселесінде «ештеңе жасамау» көрсеткіші жоғары болып отыр. Ал «Қаншалықты Сіз театр, концерт, музыкалық үйірме. т.б. жиі барасыз?» деген сұраққа оң жауап бергендердің де үлес салмағы аз. Ал жастардың мінез-құлық қалпытасытыруы мен өмірді қабылдауында теледидар ерекше орын алады. Мәселен, тек 11 пайыз жастар жарнамаға назар аудармаушылықпен қарайды, 15-20 пайыз жастарға барлық ролик, клиптер қызық. Профессор Абдрайымованың пікірінше, бүгінгі қазіргі замнағы жастар алдыңғы буынға қарағанда өте күрделі кезеңде өсіп жетіліп келеді. Сондықтан жастарға бағытталған мемелкеттік саясат біріншіден, қоғамдық өмірдің маңызды салаларын: денсаулық, білім беру және тәрбие салаларын қамтуы керек. Бұл бағытта мемлекеттік жастар саясат жүйелі жұмыстар атқаруы керек.
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» қабылданған тұжырымдама болғанымен, оның орындалу тетіктері нақты көрсетілмгендіктен, әлі күнге дейін бұл құжаттың практикалық мәні болмай келеді. Осы тұста әбден жауыр болған, жастардың тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік жағдай, білім алу секілді проблемаларды қайта көтергім келмейді. Керісінше, жастардың өзіне қатысты дүниелерге тоқталамын.
Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғасырда төмендегідей құндылықты бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп санаймын. Демек, әрбір жастың Отанын шексіз сүюінің астары бос қуыс болмауы керек. Елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар.
Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |