Жалпы білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып есептелетін мектепке дейінгі ұйымдарда және отбасында баланы мектепке дайындау бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі



бет1/2
Дата24.07.2022
өлшемі85 Kb.
#147726
  1   2
Байланысты:
Тақырыбы Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс


Тақырыбы: Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс


Елдің келешегі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,


ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз бен ата – ананың қолында» Н.Назарбаев.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.
Балабақша - бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.
Отбасы –адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Ол бала үшін бір үлкен әлем,осы әлемде бала алғаш өмірмен қарым -қатынас жасап, өмірді сүюді, қиындыққа көнуді, қуануды, қайғыға ортақ болу керек екенін ұғынып өседі.Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдың бірі отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Отбасындағы күнделікті тұрмыс қажеттілін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттілігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешнеді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады. Сондықтан кез келген педагогикалық тәрбие отбасымен қарым-қатынас жасамай іске аспайды. Сондықтан балабақшадағы оқу-тәрбие ісінде басты мақсаты ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу болып саналады. Бұл барлық педагогтерге түсінікті жайт, дегенмен әлі күнге дейін балабақша мен ата-аналармен жұмыс жүргізу кәзіргі күннің өзекті мәселерінің бірі болып тұр деп ойлаймын. Сол себебтен балабақша ұжымы , тәжірибелі педагогтердің жұмысының арқасында бүлдіршіндерге ең жақын адамдардың бізбен бірге бірлесе отырып тәрбие ісіне араласуына ат салысып жұмыс жүргізуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек екенін ұғындыру біздің басты міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармауымыз керек.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.

Толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке –бірлікті түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін біз ата- аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата- аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата- аналардың ұсыныс - пікірлермен санаса отырып ата- аналарға арналған әңгімелер мен консультациялар, сұрақ- жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу тәсілдері қарастырылады. М. Әуезов « Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » . өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің құдіреттілігін байқатады.


Баланы жан -жақты тәрбиелеуде отбасы мен балабақшаның, тәрбиеші мен ата - ананың байланысын нығайту арқылы біз қоғам талабына сай ұрпақ қалыптастыра аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет