ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА 2 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АНАТОМИЯ 1 БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫМЕН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ Самай сүйек өзектері, олардың маңызы.
Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары, тесіктері, қатынастары. Самай шұңқыры. Самайасты шұңқыры.
Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі.
Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы.
Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы.
Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері.
Іш аймақтары. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы.
Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері. Іштің ақ сызығы туралы түсінік, кіндік сақинасының түзілуі, Лесгафттың 4-бұрышы, петитов үшбұрышы, олардың практикалық маңызы.
Шап өзегі, қабырғалары, терең және беткей сақиналары, өзектің құрамы.
Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
Ұлтабар, дамуы, оның бөлімдері, топографиясы, құрылысы, ішастарға қатынасы
Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі. 12-аш ішек бұрылысы. Оның орны, практикалық маңызы.
Соқыр ішек, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы. Құрт тәрізді өсіндінің топографиясы, орналасу варианттары.
Жиек ішектің бөлімдері және қызметі, ішастарға қатынасы.
Жіңішке ішектің тоқ ішектен айырмашылығы.
Тік ішек: топографиясы, ішастарға қатынасы.
Бауыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
Өтқуық. Бауыр мен өтқуықтың шығару жолдары. Өттің түзілуі және өттің шығарылу жолдары.
Ұйқыбез, құрылысы, қызметі (шығару жолдары, бездің ішкі секреторлы бөлігі) ішастарға қатынасы.
Іш қуысы, құрсақ қуысы. Ішастар, ішастар қуысы туралы түсінік.
Кіші және үлкен шарбының құрамы, олардың қызметі. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатында ішперде жолының топографиясы.
Шарбылық қапшық, шарбылық тесік, олардың шекаралары, қатынасы.
Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.
Бауырлық және асқазаналды қапшықтары, оның шекаралары және құрамы.
Құрсақ қуысының ортаңғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы: шажырқайлардың, шажырқайлық қойнаулардың, өзектердің, қалталардың пайда болуы, олардың практикалық маңызы.
Құрсақ қуысының төменгі қабатындағы ішперде жолының топографиясы. Ұңғыл пайда болуы, олардың практикалық маңызы, кіші жамбас астауы ағзаларының ішастарға қатынасы.
Асқорыту ағзаларының даму ақаулары.
Сыртқы мұрынның құрылысы, мұрын қуысы (иіс сезу және демалатын аймақтар), мұрын қалқандары және мұрын жолдары. Мұрынмаңы қойнаулары, олардың қатынасы және маңызы.
Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.
Жүрек камераларының құрылысы. Жүректің клапан аппараты. Құлақшалар құрылысы, қызметі.
Жүрекке кіретін және жүректен шығатын ірі тамырлар. ҚАШ.
Жүрек қабырғаларының құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалар миокардысының құрылысы.
Жүрек жұмысы. Жүректің өткізгіш жүйесі, оның практикалық маңызы.
Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері, оның топографиясы.
Жүректің негізгі және қосалқы қанмен қамтамасыз етілу қайнар көздері. Жүрек қабырғасында артериялардың тарауы, жүрек қанайналым шеңберлерінің қалыптасуы.
КҚАШ тамырлары, жалпы сипаттама, олардың өкпеде таралу заңдылықтары.
Үлкен қанайналым шеңберлерінің тамырлары, жалпы сипаттама, Қолқа, оның бөлімдері: жоғарлаған, қолқа доғасы, тармақтары. Кеуделік қолқа, оның қабырғалық (париеталді) және ағзалық (висцералді) тармақтары, олардың қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Жалпы ұйқы артериясы, топографиясы. Қан кеткенде артерияны басу орны. Сыртқы ұйқы артерия, оның үш топ тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Жоғарғы жақсүйек артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Ішкі ұйқы артериясы, оның топографиясы, тармақтары. Көз артериясы, тамақтары.
Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Виллизий және Захарченко артериялық шеңберлері, олардың практикалық маңызы.
Бұғанаасты артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Омыртқалық артерия, оның бөлімдері, тармақтары. Негізгі артерия, тармақтары. Ішкі кеуде артерия, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Қолтық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Иық буыны тұсындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.
Иық артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Кәріжілік, шынтақ артериялары, олардың топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Шынтақ буынының артериялық торы, оның практикалық маңызы.
Қолбасының қанмен қамтамасыз етілуі, беткей және терең алақан доғаларының қалыптасуы. Кәріжілік-білезік буынының қанмен қамтамасыз етілуі.
Құрсақтық қолқа; оның жұп висцералді және париеталді тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Бүйрекүсті бездері мен бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің қайнар көздері. Бүйрек ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.
Құрсақтық сабау; топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауыр ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.
Асқазанның, он екі елі ішектің және ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі.
Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Аш және мықын ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.
Төменгі шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Тоқ ішектің қанмен қамтамасыз етілуі. Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.
Ұрықтың және нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі.
Жалпы және сыртқы мықын артериялары. Алдыңғы құрсақ қабырғасындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.
Ішкі мықын артериясы, оның париеталді және висцералді тармақтары.
Әйел кіші жамбас астауы ағзаларының (жатыр, жатыр түтігі, аналық без) қанмен қамтамасыз етілуі.
Сыртқы аналық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі.
Ерлер кіші жамбас астауы ағзаларының (аталық без, қуықасты без және шәует көпіршіктері) қанмен қамтамасыз етілуі.
Сыртқы аталық жыныс ағзаларының қанмен қамтамасыз етілуі.
Тік ішек, несепағар және несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.
Сан артериясы; топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Ұршық буыны тұсындағы артериялық анастомоздар, олардың практикалық маңызы.
Тақым артериясы, оның топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Тізе буынының артериялық торы.
Алдыңғы, артқы асықты жілік артериялары, олардың тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары.
Аяқбасының қанмен қамтамасыз етілуі.
Жоғарғы қуыс венасы жүйесі, пайда болуының қайнар көздері.
Ішкі мойындырықтық вена, оның құйылымдары. Бассүйекішкі және бассүйексыртқы құйылымдары. Бас пен мойынның веналарының веналық қойнаулармен және фасциялармен байланысының практикалық маңызы.
Қатты ми қабығы синустары, олардың артериялар мен веналармен ұқсастығы мен айырмашылығы. Бас веналарының үш қатары, практикалық маңызы. Мидың қатты қабығы қойнауларынан қанның ағу жолдары.
Сыртқы және алдыңғы мойындырықтық вена, қалыптасуының қайнар көздері.
Иық-бас венасы, қалыптасуының қайнар көздері. Бастан, мойыннан және қолдан веналық қанның ағу жолдары.
Сыңар және жартылай сыңар веналары, қалыптасуының қайнар көздері және кеуде торы қабырғасы мен ағзаларынан қанның ағу жолдары мен топографиясы.
Қақпалық вена, оның құйылымдары, құрсақ қуысының тақ ағзаларынан қанның ағу жолдары мен топографиясы.
Төменгі қуыс венасы жүйесі, қалыптасуының қайнар көздері. Төменгі қуыс венаның құйылымдары.
Жамбас астауы ағзалары мен қабырғасынан және аяқтан веналық қанның ағу жолдары
Тік ішектің қанмен қамтамасыз етілуі және веналық қанның ағысы.
Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғасының кава-кавалді анастомоздары, олардың практикалық маңызы.
Порто-кавалді анастомоздар, олардың практикалық маңызы.
Кеуделік лимфа жолы, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға құю орны.
Лимфа түйіні ағза ретінде (құрылысы, қызметі). Лимфа түйіндерінің жіктелуі.
Оң лимфа жолы, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға құю орны.
Сүт безінен, тілден және өңештен лимфаның ағу жолдары.
Лимфа капиллярлары, тамырлары және өрімдері, құрылыс ерекшеліктері.
Лимфа жүйесінің звеносы.
Лимфа жүйесінің қызметі және практикалық маңызы
Аймақтық лимфа түйіндері, олардың орналасу ерекшеліктері.
Нерв жүйесінің филогенезі
Нерв жүйесінің жіктелуі
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі –нейрон
Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы.
Жұлынның сыртқы, ішкі, сегменттік құрылысы
Рефлекторлық доғалар, қарапайым /2 және 3 тілді/ және күрделі
Жұлын мен мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары
Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары.
Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.
Ми қыртысы, оның қабаттары. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысы орталықтары
Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы
Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері, филогенез
Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе
Симпатикалық бағананың кеуде бөлігі, оның топографиясы, түйіндері, тармақтары.
Құрсақ және жамбас қуыстарының симпатикалық өрімдері (құрсақтық, жоғарғы және төменгі құрсақасты, жоғарғы және төменгі шажырқайлық), қалыптасу құйылымдары, түйіндері, тармақтары.
Операциялық хирургия мен адам
анатомия кафедрасының
меңгерушісі, м.ғ.д., профессор А.Б. Аубакиров