Жалпы микробиология оқу – әдістемелік нұсқауы Микроорганизмдердің жіктелуі



бет1/83
Дата22.12.2021
өлшемі1,54 Mb.
#127757
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Байланысты:
Методичка микробиология
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, �������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������., 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары



Жалпы микробиология
оқу – әдістемелік нұсқауы
Микроорганизмдердің жіктелуі
РНҚ-лы

Вирустар


ДНҚ-лы
Микробтар әлемі

Эукариоттар Прокариоттар



(эубактериялар мен

архебактериялар)



қарапайымдылар бактериялар

жіпшелі саңырауқұлақтар спирохеталар

және ашытқылар актиномицеттер

риккетсиялар

микоплазмалар


Микроорганизмдерді зерттеп оларды бір-бірінен ажырату (идентификациялау), яғни жұқпалы ауруларға дұрыс диагноз қою микробтардың жіктелуі негізінде атқарылады. Жіктелу (классификация ) – ол бір-біріне ұқсас белгілері бойынша микробтарды топтарға бөліп (таксондарға) түрін анықтау.

Систематика - түрлердің көптігі және сол түрлердің организмдер жүйесіндегі орны туралы ғылым.

Таксон- жіктелу бірлігі (единица классификации).

Бактериялар үшін мынадай таксономиялық категориялар (таксондар) бар:

Түр- вид - Species

Туыстастық-род - Genus

Тұқымдастық- семейство - Familia

Реттілігі- порядок - Ozdo

Класы- класс - Classis

Бөлімі- отдел - Divisio

Әлемі- царство - Regium

Мысалы: Ішек таяқшасының таксономиясы

Әлемі - Procaryotes

Бөлімі - Scotobacteria

Тұқымдастығы- Enterobacteriaceae

Туыстастығы- Escherichia

Түрі - Escherichia coli

Морфологиялық варианты (марфовар)- “S” пішінді

Биохимиялық варианты (биовар) - Lac+

Патогендік варианты (патовар) - Ent+ энтеропатогенділік плазмида

Серологиялық варианты (серовар)- 0-55, 0-26, 0-ІІІ т.б.

Фагтық варианты (фаговар) - 2

Микробтардың түрден төменгі таксондарын, яғни варианттарын анықтаудың эпидемиологиялық маңызы бар.

Негізгі таксономиялық бірлік- ол түр болып есептелінеді.



Түр (вид) - бұл генотипі және шығу тегі бір, биологиялық белгілері бойынша ұқсас, ұрпаққа берілетін тиісті үрдістер қоздыра алатын қабілеттілігі бар микроорганизмдер бірлестігі.

Штамм- бұл әр жерден немесе бір жерден бірақ әртүрлі мерзімде (уақытта) бөлініп алынған бір түрге жататын микроб дақылы. Бір түрге жатқанымен штамдардың вируленттілігі, антибиотикке төзімділігі немесе ферменттік белсенділі бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.

Клон - бір бактериалық жасушадан алынған бактериялар популяциясы (ұрпағы).

Таза дақыл- микробтың бір түрінен тұратын дақыл жиынтығы.

Бактерияларды жіктеу (классификациялау) 18 ғасырда басталған болатын. Алғашқы кездегі жіктеу бактериялардың морфологиялық қасиеттеріне негізделген еді. Тірі әлемнің жіктеуін ұсынған К.Линней (1707-1771) микробтардың барлығын жалпы бір туыстастыққа жатқызды - оны хаос (chaos) деп атады. О.Мюллер микробтарды 3 туыстастыққа бөлді- бациллалар, спириллалар, вибриондар. Петри (1852) микроорганизмдерді 2 топқа бөлді:

І. Protozoa, II. Protophyta. Ценковский (1855) микробтарды жануарлар және өсімдіктер тобына жатады деп бөлді. Леман және Нейман (1860) барлық микроорганизмдерді 3 тұқымдастыққа бөлді: Corraceae, Spirillaceae, Bacteriaceae. Шаттон (1937) барлық тірі жасушаларды эукариоттарға (жануарлар мен өсімдік тектестер) және прокариоттарға (бактериялар) бөлді.

Қазіргі кезге дейінгі белгілі микроорганизмдерді жіктеу бактериялардың морфо-физиологиялық қасиеттерінің ұқсастығына негізделген және тәжірибелік мақсаты - микробтардың бір-бірінен жылдам ажырату үшін оптималды кілтін табу. Міне осындай жалпы қабылданаған прокариоттардың Халықаралық классификациясын Бергидің бактериялар анықтауышы жатады (Bergey`s manual of Sistematic Bacteriologi). Бұл анықтаушының негізінде прокариоттардың құрылымы, яғни олардың жасуша құрылысының ерекшелігі жатыр.

Прокариоттар мен эукариоттардың жасушалық құрылымының айырмашылықтары:


Прокариоттар

Эукариоттар

Нуклеоид цитоплазмадан арнайы мембранамен оқшауланбаған.

Цитоплазмадан мембранамен бөлінген,оқшауланған ядросы бар.

Бір сақиналы (кольцевая) хромосомасы бар.

Бірнеше хромосомасы бар.

Митоз болмайды.

Митоз болады.

Жасуша қабатының құрамында пептидогликан бар.

Жасуша қабатында пептидогликан болмайды.

Цитоплазмалық органеллелар болмайды.

Цитоплазмалық органеллалары болады.

Цитоплазмадағы рибосомалар типі 75S.

Цитоплазмадағы рибосомалар типі 80S

Жасушаның құрғақ массасы 10 -15- 10-11.

Жасушаның құрғақ массасы 10-11-10-7

Прокариоттар әлемі бөлімдерден тұрады. Ыңғайлы болу үшін бөлімдерді топтарға бөледі.

Топ (группа) – таксономиялық статусы жоқ, рангадан тыс түсінік.

Микробтарды жіктеуде математикалық әдіс те қолданылады, мысалы нөмірлік талдау (нөмірлік таксономия). Бұл әдісті А.Адансон (1757) ұсынған. Бұл әдіс бойынша зерттелетін обьектінің мүмкіндігінше көптеген белгілерін 50-ден 300-ге дейін зерттеу көзделген. Зерттелетін белгілерінің барлығының маңызы бірдей, бағалау және жіктеу осы белгілердің бір-бірімен сәйкестелуіне, яғни корреляциясына негізделген. Нөмірлік таксономияны алғашқы рет бактерияларды жіктеуге Смит (1957) қолданды. Электронды санаушы машиналар (ЭВМ) қолданыла бастағаннан кейін бұл әдістің мүмкіндігі күшейіп отыр.

Генетикалық жүйеде болашағы күшті әдіске ДНҚ-ң молекулалық гибридизациялау (будандастыру) тәсілі жатады. Бұл әдістің бактериялардың түрін ажыратуда маңызы күшті болғанымен, жоғарғы сатыдағы таксондарды анықтауда нәтижесі төмен. Осы ғасырдың 70-ші жылдары прокариоттарды жіктеу мақсатында, эволюциялық процесс кезінде өте баяу өзгеріске ұшырайтын рибосомалық РНҚ-ң нуклеоидтық құрамы ұсынылды.

«Бержди анықтамасы» 9 басылымы бойынша бактериялардың жіктелуі олардың жасуша қабырғасы құрылымы және Грам әдісімен бояуына қарай 4 бөлімге топтастырылған:



  • Gracilicutes, нәзік қабатты, грам теріс;

  • Firmicutes, қалың қабатты, грам оң;

  • Tenericutes, жасуша қабырғасы жоқ, микоплазмалар;

  • Mendosicutes, жасуша қабырғасы ақаулы, архебактериялар.

Морфологиясы бойынша бактериялардың келесі пішіндерін ажыратады.

Кокктар – шар тәрізді жасушалар (көлденең өлшемі ұзындығына тең, яғни - 0,5-1,5 мкм), тізбектеліп орналасқанда байланысқан орны жазық болуы мүмкін, осындай қос-қос, екі-екеуден орналасқан жасушаларды диплококктар деп атайды (Neisseria meningitidis). Тізбектелген кокктар - стрептококктар (Streptococcus lactis). Стрептококктар тізбектері қысқа (5 жасушаға дейін) және ұзын (5-9 және одан да көп) болады. Хаос түрінде, шоғырланып орналасқан “жүзім дәндер бұтағына ұқсас” кокктарды стафилококктар деп атайды (мысалы, Staphylococcus aureus). Микрококктар дара орналасқан жасушалар. Сарциналар қапшық (пакет) тәрізденіп, 8,16,32 болып орналаады.

Таяқшалар – таяқшалы микроорганизмдер (ұзындығы көлем өлшемінен ұзын). Жұғын-препараттары бір-біреуден орналасады (мысалы бациллалар – Escherichia coli). Жұптасып орналасқан таяқшаларды, V әріпіне ұқсас таяқшаларды диплобациллалар деп атайды (мысалы, Klebsiella pneumoniae). Кейбір таяқшалар тізбектеліп орналасады - стрептобациллалар (мысалы, Bacillus subtillis). Жасушалар сәл имектелуін вибриондар деп атайды (мысалы, Vibrio cholerae).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет