Жалпы түсінектемелер



бет1/5
Дата20.10.2023
өлшемі322,5 Kb.
#186966
  1   2   3   4   5
Байланысты:
5ТРИГГЕ2


5 ТРИГГЕРЛЕР
5.1 Жалпы түсінектемелер
Екі орнықты жағдайы бар және триггерді бір жағдайдан келесіге ауыстыратын сыртқы әсерді алып тастаған соң ол жағдайлардың біреуін керекті уақытқа сақтайтын құрылымды триггер деп атайды. Сондықтан триггерлерде зерде бар дейді. Триггер зерде ұясынан және кіру ақпаратты сигнал комбинациясына қайта құратын (кейде өте күрделі)басқару құрылымнан тұрады, ал сол сигнал комбинацисының әсерімен зерде ұясы екіден бір тұрақты жағдайды қабылдайды. Триггер (және оның негізінде құрылған: тізімдер, есептеуіштер және т.б.) тізбекті қосылысты схемаларға жатады. Тізбекті қосылысты схемаларда шығу сигналдардың көлемі тек кіру өзгеріс комбинацияларынан ғана емес комбинацияны өзгеру жүйелінен де тәуелді. Сондықтан тізбекті қосылысты схемаларда зерде болу керек. Сондай схемаларда шығу сигналдардың көлемі кіру өзгеріс комбинацияларынан да кіру өзгеріс комбинациясы өзгерген алдыңғы сәтінде шығу сигналдардың көлемінен де тәуелді.
Тізбекті қосылысты схемаларды сонымен қатар санды автомат деп атайды. Құрылыстық тізбекті қосылысты схема 5.1 сүретте көрсетілген.

5.1 сұрет. Тізбекті қосылысты схема
Триггерлер санды және есеп техникада тараған және өз бетімен және тізім, есептеуіш және есте сақтау құрылымдар үшін негізгі элемент түрінде көп қолданылады.
Ақпаратты жазу тәсілімен асинхронды және синхронды триггерлер болады. Егер ақпаратымен сигнал өзі триггерді ауыстырып қосса оны асинхронды деп атайды. Синхронды триггерлерде ақпарат синхронды (рұқсат беретін) импульс әсерімен жазылады. Синхронизация импульспен (потенциалмен) және потенциал көркіремесімен (шебімен және импульс кесіндімен) жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда (статикалық бақылау) ақпараттық кірудегі сигналдар синхроимпульс болған барлық уақытта триггерге ықпал етеді. Екінші жағдайда (динамикалық бақылау) ақпараттық сигналдардың синхронизациялау кіруіндегі потенциал өзгергендегі сәттерде ғана білінеді, яғни ол 1-ден 0-ге ауысқанда(шебі) немесе 0-ден 1-ге (кесінді).
Функционалды мүмкіндік бойынша:

  • R және S кірулерге бөлінген бақылаулары бар триггерлер (RS-триггерлер);

  • D кіруге ақпаратты қабылдайтын триггерлер (D-триггерлер);

  • Есептік кіруі бар триггерлер (T-триггеры);

  • J және K ақпараттық кірулері бар әмбебап триггерлер (JK-триггерлер).

Триггерлерде әр түрлі кірулері бар:
R (англ. Reset) – қондырғының 0 жағдайына бөлінген кіруі (жылыспа);
S (англ. Set) - қондырғының 1 жағдайына бөлінген кіруі (іске қосылуы);
K (англ. Kill) – кенет сөндірілуі, нөлді бақылау;
J (англ. Jerk) – кенет іске қосылуы, бірді бақылау;
T – есепті кіру;
D (англ. Delay – кідіріс, Data – деректер) – логика дәрежесі бар жағдайға ақпараттық кіру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет