1. Жалпы психология
|
Ересек адамдардың
психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын
зерттейді
|
|
2. Жас ерекшелік психологиясы
|
Психиканың әр түрлі
кезеңдеріндегі психикалық ерекшеліктерін зерттейді,
балалар мен әр түрлі жастағы оқушылардың психикалық
ерекшеліктерін (бұл жас ерекшелігінің саласы балалар
психологиясы деп аталады)
|
|
3.Педагогикалық психология
|
Өскелең ұрпақты
оқыту (оқыту психологиясы) мен тәрбиелеу
(тәрбие психологиясы) заңдылықтарымен
айналысатын психология саласы
|
|
4. Әлеуметтік психология
|
Топтар және
ұжымдар психологиясы мен ондағы
адамдардың өзара қатынастары болып
табылатын психология саласы
|
|
5. Еңбек психологиясы
|
әр түрлі еңбек іс-әрекет
түрлерінің психологиялық ерекшеліктерін
қарастырады (оның бір түрі — инженерлік
психология — адамның еңбегін өндірістің қазіргі
механикаланған және автоматтардырылған
жағдайында зерттейді)
|
|
6. Ғарышкерлік психология
|
Адам психикасын
ғарышқа ұшу жағдайында зерттейтін
психологиясы саласы
|
|
7. Әскери психология
|
Әскери қызметкерлердің
психикалық іс-әрекетімен, соғыс немесе әскери
жағдайда адамның мінез-құлығымен істес
болатын психология саласы
|
|
8. Спорт психологиясы
|
Спорттық іскерліктер
мен дағдыларды қалыптастыру заңдылықтарын
және спортшыларды оқыту мен тәрбиелеу
мәселелерін зерттейтін психология саласы
|
|
9. Арнаулы психология
|
Бұл адам дамуының
бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына
ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы
саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады
|
|
10. Олигофрено-психология
|
Ми зақымы
ауруымен туған адам психологиясының дамуын
зерттейді
|
|
11. Сурдопсихология
|
Саңырау не керең
болып туған балалардың психикасын
зерттейді
|
|
12. Тифлопсихология
|
Нашар көретіндер мен
соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді
|
|
13. Патопсихология
|
Психиканың зиянды
бұзылыстарын зерттейтін психология саласы
|
|
14. Зоопсихология
|
Жануарлар психикасын
зерттейтін ғылым
|
|