Жас маманның ізденістері мен жетістіктері



Дата15.06.2020
өлшемі35,5 Kb.
#73553
Байланысты:
жас маман баяндама

Жас маманның ізденістері мен жетістіктері


«Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, озық ойлы, ұшқыр қиялды, жаны жайсаң, кең жүректі білікті тәрбиеші білімдіде білікті шәкірттер шығатыны өз-өзінен түсінікті. Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. Білім беруде нәтижеге жету оңай жұмыс емес. Білім беру міндеті білім сапасын көтеруді мақсат етіп қояды. Педагог алға қойған мақсатқа жету үшін үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап, педагогикалық құзыреттілігін дамытып отыруы қажет.

Қазан айында жас мамандарды тәрбиешілер күніне арналған салтанатты жиналыста мұғалімдікке қабылдау рәсімі өткізіліп отырады. Кәсіби дайындығын бағдарлау мақсатында диагностика жүргізіледі.

Жас мамандар балабақшада тәлімгерлердің көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады. Тәлімгерлері жас мамандардың сабағына, жас мамандар тәжірибелі тәрбиеші сабақтарына қатысып отырады. Сабаққа қатысуды талдау әдістеме отырысында жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда жан-жақты білімді, өз істерінің білгірлері болғысы келетін жас ұстаздар бар. Олар түрлі сайыстарға қатысып, өздерінің жетістіктерімен көзге түсіп жатады. Біздің мектепте де осындай жас мамандар баршылық. Балабақшада келген жас мамандар балабақша қабырғасына жаңадан келгендіктеріне қарамастан, балабақшадан тыс іс-шараларына өз үлестерін қосып жатыр. Жас мамандар балабақшада қараша айында өткізген «Жас ұстаздар апталығына» белсене қатысты. Апталықта инновациялық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті.



Кез келген кәсіби ортада жылдар өткен сайын ұжым мүшелерінің ауысуы – заңдылық. Егер жаңа келген буынды жақсылап педагогикалық тұрғыдан қаруландырмаса, болашаққа балта шабылатыны ақиқат. Жас мамандармен толық жұмыс барысын қамтитын жұмыс жоспары құрастырылды. Олар бірнеше бағыттардан тұрады: оқу бағдарламасымен танысу, түсініктеме хат, тақырыптық – күнтізбелік жоспар, оқулықтармен, әдістемелік әдебиеттермен танысу, сабақ жоспарын дайындау, сынып журналымен жұмыс. Тәрбиеші – тәрбиеші сабақтастығы барысында жас мамандардың тұлғалық ерекшелік қасиеттерімен бірге ұстаз ретіндегі педагогикалық ұстанымдары мен біліктілік, білімділік, шығармашылық шеберліктерінің артуы мен жан – жақты дамуына көмек қолдарын созуымен қатар, дамуына да көмек үлестерін тигізіп келеді. Олардың ұстаз тұлғасы ретінде қалыптасуы және бар тәжірибесінің іс жүзінде іске асырылуы үшін жан – жақты жағдай қарастырылған. Мұндай педагогикалық өсу үшін тәжірибелі ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек қажет. Ұстаз – жас маман арасындағы қарым – қатынас әріптестік бағытта қарастырылған. Әр жас маман үшін тәжірибелі ұстаз бекітілген . Әдістеме бірлестік жетекшілері жас мамандар және жұмысқа жаңа орналасқан мұғалімдермен жұмыс жасаудың жоспарын жасайды. Жас мамандармен ұлағатты ұстаз арасындағы сабақтастық мектебіміздің жыл бойына қаланып келе жатқан дәстүрін жалғастыру мақсатында көп көмек беріп келе жатыр. Біршама педагогтардың жоғары сапалы сабақтары, білім сапасының жоғарылауы, пәнге деген, мектепке деген қызығушылықтың артуы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын байқатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет