«Жас ұстаздар » ұйымы Алпысбай Нұртілек Маратұлы 8 «А» сыныбы «Ғажайыптар алаңы» сайысы Алғашқы кезең Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар және оқушылар тапқырлықты сынға салатын «Ғажайыптар алаңы» сайысына қош келдіңіздер. Ендеше, «Ғажайыптар алаңы» сайысына қатысушы бақ сынайтын қатысушылармен танысайық
Әрдайым тың тақырыпты зерттеп жаңа іспен шұғылдану адамның ой өрісін кеңейтіп мидың жұмысын жақсартады екен. Бұл сайыс қатысушыларға да тамашалайтын көрермендерге де пайдалы деген үміттеміз . Сайыс кезеңімен таныстыра кетейін. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Қатысушылар берілген сөзді әріп айту арқылы табуы қажет. Сондай-ақ Дартстың көмегімен өздеріне тиесілі ұпайды қанжығысына байлайтын болады. Әр топтың үздігі финалда өз білімдерін сынайтын болады.
(Мыршай) Түлкінің баласы Екінші кезең: Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Мықты екенін дәлелдейтін баршаға
Бас жүлдені алып кету бар ойы
Сайыскерле дайын тұрар ортада
(Кереқап) Жаңа туған қозы немесе лақты салып алып келетін қапшық.
Үшінші кезең: Жүргізуші: Ойын толқы айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда , жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
(Томыртқа) Қыста семіз жылқының еті әрі тағам, жанға қуат, денсаулыққа аса пайдалы.Жылқының сорпасына мұз салып ішуді Томыртқа деп атаймыз. Ет етке сорпа бетке деген содан қалуыда мүмкін.
Финал Жүргізуші: Ойын толқын жатады асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұламалар
Жеңіске де жеңілсеңде қалма жасып.
Ақтүймеш . Қауынның қағы мен сөк талқаның қоспасынан жасалатын тағам.
Бұл сайыста қатысушылардың ой жүйріктігі сыналады және де тақырыпты ұғынып сыр аңдай алатындар ғана жеңімпаз атанады. Үздік ойын Жүргізуші: Көніл-күйі жоқ адамның IQ көрсеткіші әлдеқайда төмен болады екен ал біздің сайыс үнемі жоғары көңіл күй және ерекше тапқырлықты талап етеді. Ендеше жоғары көңіл-күймен финалдық кезеңді бастаймыз.
Мойынтұрық. Өгіздің жегін құралы.
Жүргізуші: Қаңтар айының 25 –Ақпан айының 2-сі аралығында Жас ұстаздар ұйымының «Смарт ЖОМ» тақырыбында апталығының аясында өткен «Ғажайыптар алаңы» атты бұл сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған үлгілі оқушылар қатысқан сайысымыз 4 кезең бойынша бағаланып сайыс өз мәресіне жетті. Құрметті қатысушылар сіздер тек сайысқа қатысып қана қоймай өздеріңіздің нағыз үздік екендеріңізді дәлелдей біліңіздер. Себебі сіздер зеретігімен қоса тапқырлығымен көзген түскен Мағжанның сенген жастарысыздар. Ал енді бүгінгі сайысқа тамашалауға келген ұстаздар, оқушылар сіздерге үлкен рахмет. Сау болыңыздар.