Жақсы ұстаз – мектептің ЖҮрегі



Дата19.03.2022
өлшемі15,5 Kb.
#136247
Байланысты:
Молдахметова Б.Е. эссе



ЖАҚСЫ ҰСТАЗ – МЕКТЕПТІҢ ЖҮРЕГІ
Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, оған бағыт-бағдар беруші. Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейді.Нағыз ұстаз болу – бақыт, әрі абырой. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім»,- деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Негізі, ұстаз болу оңай шаруа емес. Әр оқушының көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын жан болу әр адамның қолынан келе бермейтін дүние. Аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен іс. 
Мектеп – жас ұрпақтың нәр алатын бастауы болса, мұғалім – тәуелсіздікке тірек болар сол бастаудың басты тұлғасы. Бүгінгідей зымыраған уақыт көшіне ілесу, кез-келген ортада бәсекеге қабілетті болу, білім мен ғылым жетістіктерін меңгермей ұстаз болу мүмкін емес. Рухани өрісі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін азамат тәрбиелеу, ұстаздардың, яғни, біздердің қолымызда.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деп елбасы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктеді. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Менің түсінігімдегі қазіргі ұстаз қандай болуы керек? Ұстаз – жауапкершілігі мол, заман талабына сай, жаңа технологияларды меңгерген, оқушының жанын баурап алатындай, яғни, «жанам деген жүрекке от беретін» тұлға болуы керек.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»,- деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту.
Білім беру кеңістігінде ұстаздық өмірге қадам басқан кезімнен бастап, әлі күнге дейін шәкірт тәрбиелеуде тер төгуде жеткен жетістіктерім де бар. Атап айтар болсам, 2021 жылы республикалық «Үздік жыл ұстазы», Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және т.б облыстық, аудандық байқаулардың дипломдарымен және Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталдым.
Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Әйгілі жазушы Ғ.Мүсірепов «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» демекші, мен мамандығымды сүйемін! Өз мамандығын жақсы көрген жан әрқашан да жетістікке жетері даусыз. Алдыңғы буын ұстаздарымды үлгі етіп, болашаққа қадам басып, шәкірт тәрбиелесем еткен еңбек пен төккен терімнің зая кетпегені деп білемін.
«Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ұлы қызметімді абыроймен алып жүру менің борышым! "Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз баласына талмас қайрат сыйлайды"- демекші әр кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі бола білетін маман иесі болғандығымды мақтан тұтамын! 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет