Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын-алу бағытындағы жұмыс жоспары



бет1/2
Дата07.03.2022
өлшемі350,5 Kb.
#134495
  1   2
Байланысты:
0007a525-538255b9
base offer 1018995 3029753 20210928172129, OHDDEJAAQVPS21102022153751, Оң қол. Төлен Әбдік, Документ Microsoft Office Word, nanananna, 1-лек коркем, 1) 1 деңгей




Жасөспірімдер арасындағы
суицидтің алдын-алу
бағытындағы
жұмыс жоспары
2014-2015 оқу жылы
Түсінік хат

Тақырыптың көкейтестілігі. Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты.


Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші - Адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылығы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері.
Білім берудің қай түрі болмасын –тәрбие. Бүгінгі күнгі тәрбиенің біртұтастығын сақтауда әлі де нақты шешімі табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз керек. Тәрбие саласындағы мәселелердің қатарына өскелең ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы ерекше ден қояр мәселелердің бірі. Әдетте жиі қолданылып жүретін «қоғам мен мектеп» байланысы деген сөз тіркестерінің астарында отбасы, оқушының денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы өз өмірін басшылыққа алатын адамгершілік құндылықтар жатыр. Осы орайда мектеп қабырғасындағы тәрбие мәселесі дұрыс жолға қойылуы керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс-әрекетін үйлестіруге тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет.
Қазіргі таңда бойында психикалық дамуы баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатологиялық формалар кездесетін оқушылар бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады. Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу - осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға (суицидке) итермелейді.
Осыдан келіп мынадай сұрақ туады. Суицид дегеніміз не?
«Суицид» латын тілінен алынған «өзін-өзі өлтыру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді.

Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейтестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті.


Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық мәселеге айналып отыр. Осы дауасыз дерттің алдын-алуда мектеппен отбасы арасында тығыз қарым-қатынас орнатуда жинақталған іс шара жоспарын ұсынамын.
Мақсаты: Жан күйзелісі және одан арылту жолдары. Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын-алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу.
Міндеті:
1. Ата-аналарды психологиялық сауаттандыру, ескерту.
2. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.
3. Суицидтік мінез-құлықтың алдын-алу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет