Құжат тақырыбы



бет1/5
Дата19.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#149949
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Лабораторные работы ИКТ на каз
Метод указ по выполнению Лаб.раб по ИКТ-2018

Кіріспе


Заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы – компьютерді жетік меңгеру, ақпараттық - коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу, ақпарат алмасудың негізгі көзі – Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларының негізгі мақсаты – студентті қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда әрбір отбасының күнделікті өмірге қажетті техникалық құралдарының бірі – компьютер. Ал студент үшін компьютерді жақсы меңгеру, яғни әртүрлі бағдарламада жұмыс тәжірибесін жанындағы адамнан асыра көрсете алса, оның беделін одан да жоғары көтеретіні сөзсіз.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялары пәнінде қатып қалған стандарт болмайды, болуы да мүмкін емес. Себебі заман жаңарған сайын, компьютердің жаңа түрлері мен бағдарламалары көбейген сайын пәннің мазмұны да жаңаруда. Осыдан барып, болашақ маманның кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл оқу үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Болашақ маман заман талабына сай болуы үшін ізденушілігі күннен - күнге артуда.
Себебі студент қойылған сұраққа жан - жақты, мазмұнды қанағаттанарлықтай жауап беруі тиіс. Осыдан барып оқытушы студенттің сабаққа ынтасын, қызығушылығын қалай арттыруға болады, ал баяу меңгеретін студентке қандай әдістемелік көмек көрсетсем екен деген сұрақтар туындайды.
Тәжірибе көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру студенттердің сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде оқытушылар студенттердің жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видео сабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, экскурсия - сабақ және т. б. жатқызуға болады.
Біз студенттерге күрделі және көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, сабаққа қарай көңілдерін аудару қажет.
Студенттердің ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер оқытушының түсіндіруін студент дұрыс қабылдай алмай қалса, Интернет желісінде бар видео - сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады.
Ұсынылып отырған оқу құралында қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологияларды әр түрлі пайдалану тәсілдері туралы қысқаша теориялық түсінік беріледі. Сонымен бірге зертхана жұмыстарын орындау үшін әдістемелік нұсқаулар қарастырылады.
Аталған оқу құралы жалпы көпшілікке, сондай-ақ педагогтік, техникалық және экономикалық мамандықтарының студенттеріне арналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет