Адвокат Калиев кәсіптік әдеп нормасын бұзғаны анықталған. Осы жағдайға байланысты адвокаттардың тәртіптік комиссиясының әрекетін пайымдаңыз
Жауап: Адвокаттардың тәртіптік комиссиясы Адвокат Калиевке тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс жариялаына болады
Рыскулов көгесінде болған жол көлік апатынан 1 адам көз жұмды. Тергеу нәтижесінде Тойота көлігінің жүргізушісінің бағдаршамның қызыл түсінен өткені үшін көлік апаты орын алып, оның кінәсі дәлелденеді. Көлік жүргізушісі Алматы қаласының адвокаттар алқасының мүшесі адвокат Сарсеновке көмекке жүгінді. Адвокат Сарсенов оны ақтап алу үшін рөлде оның досы болды деп алдамақ болды. Адвокаттың әрекетін талдаңыз
Жауап: адвокат өзінің кәсіптік мiнез-құлқын көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiне сәйкес қалыптастырып, iстi қасақана созуға, заң көмегiн көрсетудiң заңсыз әдiстерiне, алдауға жол бермеуге міндетті.
Адвокат Асанов Ақтөбе қаласының адвокаттар алқасының мүшесі. Ол адвокаттық қызметпен айналысып жүргеніне 2жыл болды. Бірақ оның заң көмегін көрсету қағидаттарын бұзғанын бақылаушы орган бірнеше рет байқады. Осы жағдайда адвокатқа қанда шара қолданылады?
Жауап: Заң көмегін көрсету қағидаттарын бұзған жағдайда сот тәртібімен лицензиядан айырылу жүзеге асырылады.
4) Алматы қаласында адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрылуы жүзеге асырылып жатты. Адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша оған алты адвокат ұсынылды. Алайда оның ішінде адвокат Нұрпейсов еңбек өтілі төрт жыл еді. Нұрпейсовты комиссия құрамына ұсыну дұрыс па?
Жауабы: Жоқ дұрыс емес.Өйткені адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына адвокаттар алқасының ұсынуы бойынша кемінде бес жыл адвокаттық практика өтілі бар алты адвокат, әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі, отставкадағы екі судья енгізіледі.
Талдықорған қаласында азамат Тастанов отставкаға шыққан судья болатын. 3 жыл бұрын ол адвокаттардың тәртіптік комиссиясының құрамына кірген болатын. Осы жылы ол іс сапармен Алматы қаласына келіп, 3 ай жұмыс жасады. Тастанов Талдықорғанға қайтқан уақытта комиссия құрамында бола алады ма?
Жауабы: Ия, бола алады. Өйткені адвокаттардың тәртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды.