Жеңіл деңгей
Сұрақ: Мотивация ұғымына түсінік беріңіз.
Жауап: Негізінен алғанда, адамның қызметке деген мотивациясы - адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп ойлаймын.
Сұрақ: Жеке адам мотивтерiн атаңыз.
Жауап: Қиял процесі. Сөйлеу процесі.Ес процесі. Зейін.Қабылдау процесі.Түйсіну процесі
Сұрақ: Мотивация және өзіндік мотивацияға анықтама беріңіз.
Жауап: Мен өзім екі нәрседен мотивация аламын. Біріншісі ол-болашақ балаларым жақсы өмір сүрсін деп ал екіншісі- ата- анам,бауырларым,ағайын-туыстарым менімен мақтансын деген мотиыацияларым бар.
Орта деңгей
Сұрақ: Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру жоспарын атаңыз.
Жауап: Жалпы мотивациялық сферға қалай кіреміз? Бірінші тәсіл- көп мотивациялық кітаптар оқу керек
Екінші тәсіл- қасыңдағы құрдастарыңның жетістігін көре алмай қастандық жасау емес қызғанып олармен жарыса білу қажет.Есіңде болсын көре алмаушылық жаман қасиет. Егер де құрдастарыңның өмірге деген құштарлығы болмаса ортаңды өзгертуіңе тура келеді. Өйткені ондай адамдармен сен ешқандай жетістікке жете алмауың айдай анық.
Және соңғысы ол- болашақ өміріңді армандай біліп сол аңсаған арманыңа мақсат қою керек.
2.Сұрақ: Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастырудың маңызын түсіндіріңіз.
Жауап: Мотивациялық сфераны ұйымдастыру маңыздылығы жетістікке жетудің өте маңызды бір жолы.Өйткені сен мотивацияны ұйымдастыра білсең қалаған мақсаттсрыңа жетіп ойыңдағы өмірді құрасытыра білесің
Күрделі деңгей
Сұрақ: Адамның мотивациялық аумағының іс-әрекеттік пайда болуының теорияларын салыстырыңыз.
Жауап: Бұл сұрақтың жауабына өзімді мысалыға ала кетсем жамандығы жоқ деп ойлаймын. Мысалы менің ҰБТ емтиханына дейін ешқандай мотивациям болмаған сол себепті өзім күнімді өткізссем болды деген бір қағидамен жүретін едім. 11-ші сыныпқа өткенімде ойыма "Егер мен емтиханнан төмен балл алып қалсам кейін анам басқа адамдардың көзіне қалай қарайды?"-деген ой келді. Бұл ой мотивацияға айналды. Осы бір мотивациядан кейін азаннан кешке дейін дайындықпен 11-ші сыныпты өткіздім. Әрине, 10 жыл бойы оқымаған адамға бірден оқып кету оңайға соқпады.Нәтижесінде, осындай бір мотивацияның арқасында ҰБТ-дан жоғары балл ала қоймай өмірімде бірінші рет үздік оқушы болдым.
2. Сұрақ: Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуін талдаңыз.
Жауап: Менің ойымша еңбек тиімділігінің төмендеуінің себебі жұмысқа деген сезімі жоқ болуы деп ойлаймын.Адмның жұмысқа деген сезімі болмаса ол барлық мотивациясын жоғалтады.Негізі мотивация деген сөзді қазақ тіліне аударғанда ниет,түрткі,себеп деген мағынаны білдіреді. Сол себепті қазір көп адамның жұмысқа деген ниеттері жоқ,өмірге деген талпынысы,махаббаты жоқ.Мысалыға менің анаммен ағамды ала кетсек. Менің анам күн сайын азанда ұйқыдан тұруының бір себебеі ол- жұмысқа деген махаббаты бар болуы ал ағамның ешқандай жұмыс,өмірге деген талпынысы мүлдем жоқ. Сол себепті ол кешке дейін өзінің төсегінен көтерілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |