Жазылар естеліктер мен туралы



Дата26.06.2018
өлшемі40,5 Kb.
#45144
Жазылар естеліктер мен туралы...

1.Өлеңдерің бөленгендей ақ нұрға ,

Ұқсатамын жырларыңды аққуға .

Қыран болып қалықтар ең мәңгілік

Ұзақ ғұмыр жазбапты ғой жалғанда.

Сырлас болдық қасиетті өлеңмен

Қазағымынң қара сөзін тел емген.

Ұстап бүгін ақындықтың тізгінін

Соңыңа ерген шәкіртің боп келем мен.

2.Ардақты ұстаздар!Құрметті оқушылар !

9 ақпанда халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толды. «Жазылар естеліктер мен туралы» атты поэзия кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесіне арналмақшы.Ол Алтайға Атырауды қоса құшақтауға құлаш ашқан кезінде , жалындаған жырларымен Әзиз аға ,ақ ақ шашты аналардың жүрегін әлдендіріп,замандас-құрбы құрдастарының мәртебесін биіктетіп,барша ғашық жүректерді жиі соқтырып ,бөбектердің бесігін тербете бастаған шағында бұл өмірімен қоштасты.Бірақ артына саф таза ақындығын мол да мөп-мөлдір ақындығын қалдырған жасы.

3.Ағалар кетті-ау алысқа

Арыстан болар –деп едім.

Зор болдық талай танысқа

Данышпан солар –деп едім.

Авторы:Роза Қунақова «Мұқағалимен сырласу»

4.Өмір дегенге

Тіршілікте сірә жетер ме ой!

Жарық сәуледен

Басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі

Бекре ғой бәрі бөтен ғой

Өмір дегенің бір күнгі сәуле екен ғой...

Көрініс «Ақынның дүниеге келуі»

«Кең дүние есігіңді аш мен келемін!»

Оқитын :Мұхаметбекова Салтанат

5.Мен өскен лашық - бір бөлме

Бір бөлме – маған мың бөлме

Хан тағы қараң қалатын

Босағаңды аттап кіргенде – деп өлең жазған Мұқағали ол кезде бала еді...

Көрініс: «Бала Мұқағали».

Мұқағали-Шәкәрім.Қ

Анасы-Мержақыпова.Ә

6. «Шеше сен бақыттысың»

Оқитын:Түсіпханова.Ж

Ән : «Сәби болғым келеді»

7.Жайлауыңнан самал желпіп еседі,

Жас ақыным қайда кетті деседі.

Төбемнен тұр Хантәңірі түнеріп,

Іздегендей ақын ұлын кешегі.

Көрініс: «Ақын мұқағали»

Мұқағали:Хасаенов.Д

Ақын інісі:Серіков.Қ

8. «Жазылар естеліктер мен туралы»

Оқитын:Ақылбекова.А

9.Бүгінде ақын есімі өлең сүйген барша қазақтың жүрегіне мықтап орныққанын айтып жатудың өзі артық.Артында қалдырған жауһар мұрасы ,жарқыраған асыл қазынасы

туған халқының өлмес үніндей,жүректердің нәзік діріліндей шалқып саз төгіп тұр.

Ән: «Сарыжайлау»

Музыкасы:Н.Тілендиевтікі

10.Мұқағали - өлең өру мен жыр сомдауды жан-жақты дамытқан, тереңдеткен ,жаңа кеңістіктерге алып шыққан ақын.Әбділдә Тәжібаевтың сөзімен айтқанда , «қазақ поэзиясының асыл қазынасын жырымен толықтырған заманымыздың ғажайып ақындарының бірі» , ал ақынның өз сөзімен айтқанда «Күпі киген қазақтың ақра өлеңін күпі жауып өзіне қайтарған» өрен жырдың жаратушысы ұлы ақын.

«Қара өлең» оқитын: Бидахметова.А

«Поэзия менімен егіз бе едің» оқитын: Дуанбаева.Т

11.Туған жерге ,халқына ,Отанына деген махаббат сезімі оның өлеңдеріндегі басты тақырып еді.Ұлтын,туған тілін ерекше құрметтеген ақын.

«Отан» оқитын:Қасымова.Ә

«Қарасаз» оқитын: Кәдірбекова.Ә

12.Бұқағали аға өлеңдері бүгін біздің жүрегімізді әнмен тербейді,сұлу сазға бөлейді.

Ақын табиғатқа табынғандай жазды емес,күрең күзді,қоңыр күзді жақсы көріп сырласқандай.

«Күрең күз» орындайтын:Кенжина.Н

Музыкасы:Гүлнар Даукенованікі

13.Мейлі ғасыр,айлар өтсін,жыл өтсін

Тек өмірім сеніменен бір өтсін

Сен байлығым,сен-бақытым,сен-досым

Сен-жүрегім,сен кеудемде жүрексің!

«Ұлыма» оқитын:Мұхаметқалымова.Ұ

«Тоқта, ботам» оқитын:Мырзахметова.Ж

«Мен қарапайым қарттарды сүйемін» оқитын:Мырзахметова.Н

14.Жырым менің жай болып атылғанда ,

Атылғанда аспаннан оқылғанда

Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,

Жанар пайда болады соқырларға.

Тағы да ақын жырларына кезек берейік

«Көшеде» оқитын :Бекболова.Қ

«Көктемде» оқитын: Бекжанов.Н

«Жалынды жастық шақ» оқитын:Қинаятова.Ә

15.Сен де өмірден көп жағдайды өткіздің,

Бізге бақыт әкелер –ау тек бір күн..

Жүрегімді жылытар да жұбатар,

Үміт етер тентегім бар деп білгін.

«Бақыт деген» оқитын:Мержақыпова.Ә

«Аққулар қош болыңдар» оқитын:Сағиева.А

«Шыда,шыда» оқитын:Даниярова.Қ

«Өмір жайлы» оқитын: Жамелов.Ә

16.Фаризаны айтсақ қалың елдің есіне Мұқағали түседі.Мұқағали жырын қастерлейтін қалың елдің ,қазақтың есінде Фариза есімі егіздей қатар жүреді.Махаббатттан да биік «достық» атты ұлы сезімді ту қалып ұстаған бұл екі ақынның рухани егіздігінің көрінісін кестелеген әйгілі «Фаризажан» деп басталатын әні.Сірә, Лермантовтың «Жұлдызға жұлдыз тіл қатып,ең асыл сырын тыңдатып» дейтініндегі рухани жарасым осы шығар.Енді біз де ,Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайықшы.

Көрініс «Ақын қыз бен Мұқағали»

Ән: «Фариза, Фаризажан,Фаризақыз»

17.Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам

Тау деген Ана туған дара тұлғам – деп асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған тау ұлының өмір өткелдерімен таныс болу - әрбір азаматтың парызы.Ақынның тау тұлғасын адам түгіл,табиғатта мойындағандай, туған жеріне барар жолда биыл ақынның тау тұлғасының таудағы тұлғасы 80 жылдық мерейтойының куәсіндей болғанын білдік.

«Мен таулықпын» оқитын:Әмір .Ә

«Өмір сүрейік алмасып» оқитын:Сейтқазиева.М

18.Менің қасым болсаңшы кешірімді,

Сабыр етші тауысайын несібемді

Басталмаған ісім көп,Аялдашы,

Қақпашы,тым ертерек есігімді.

«Арыз жазып кетейін» оқитын:Тоқтаснова.Ә

19.Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам , жұртым елеңдестің

Өлсе,өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда, өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай ,оның өлеңі ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса береді.Қашан да ақиықтың ақ туын көтеріп,әделет пен адамдықты тең ұстаған ғажайып сырлы өлеңдерімен кең байтақ қазақ даласының әр түкпірінен өз оқырмандарын тапқан М.Мақатаев өлеңдері мәңгілік.Мұқағали поэзиясы –мезгілімен бірге жасайтын ескерткіш.

Ән: «Есіңе мені алғайсың!»



20.Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет