Жазылымдағы олқылықтар. Бітіруші топ студенті ретінде осы семестрде,оқу жоспарымыз бойынша «Өндірістік- педагогикалық тәжірибе»



Дата11.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#131394
Байланысты:
жазылым


Жазылымдағы олқылықтар .
Бітіруші топ студенті ретінде осы семестрде ,оқу жоспарымыз бойынша «Өндірістік- педагогикалық тәжірибе» болғандықтан, Алатау ауданы ,Айгерім 2 ықшам ауданындағы №171-ші Жалпы біліп беру мекемесінен Сұраныс бойынша тәжірибе жүргіздім .

Орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқыту – маңызды мәселенің бірі.Мысалы, осы мектепте оқушылардың 70%-ы өзге этнос өкілдері болса, қалған 25-30%-ы – қазақтар. Олардың басым көпшілігі үйінде орысша сөйлейді.Егер ата-аналары баласының ана тілінде сөйлеуіне баса мән берсе, онда бала орыс мектебінде оқыса да қазақ тілін жақсы білетін еді. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі сабағындағы 5«Д» сынып оқушыларының жазылымдағы қателіктерінің сипатын зерттеу барысында біраз олқылықтарды кезіктірдім .


Тәжірибе жүргізу барысында 5«Д» сыныпқа сабақ бердім.Сыныпта оқушылар саны 27 .Оның 20-сы озге ұлттың балалары болды.Олардың сабаққа деген зейіндері өте зор болғаны мен бірлі –жарым қателесіп жататыны заңдылық .Жазылымдағы көбіне кездесетін кателіктер олар; төл дыбыстар .
Мысалы :
І-мен Ы-ны .
Н мен Ң -ды ,
Ү мен Ұ-ны .
Амен Ә-ні .
О мен Ө- ні ,
Қ мен К –ны
Ғ мен Г-ны,
Ү мен У –ды және тыныс белгілерінен де де көптеген қателіктер болады . себебі олар толыққанды қазақ тілін меңгермегендіктен үтір нүктені қашан қай кезде қою керектігін біле бермейді . Тәжірибе кезінде осы қателіктерді 5« Д» сынып оқушысы Ұйғыр ұлтты сүйкімді қыз Рашидова Санияның жазба жұмыстарынан байқадым .

№1 сурет . Санияның қазақ тілі дәптері



№2 Сурет . Санияның Ү-ні У мен шатастыруы.

№3 Сурет. Ы мен І -ні шатастыруы



№4 Сурет Мұндағы Ұ әріпін Ү деп қателескен .



Жазылымдағы олқылықтарды жою.
Оқушылардың осы типтегі қателіктерін жою үшін мен не істей аламын деген ой келді .Мен дәл осы төл дыбыстарды оқушыларға дұрыс жаздыру үшін қандай әдіс- тәсіл қолдансам болады деген ой мазалады.Оқушыларды қалай қызықтыруға болатынын сол мекеменің психолог маманы Торегожина Мадина Мұратовнадан кеңес сұрадым. Торегожина Мадина Мұратовна ның айтуынша бұл сыныптың оқушылары өте салмақты болғаны мен сабаққа деген зейіндері өте зор.Сондықтан әдіс –тәсілдер көңілді және заманауи болғаны абзал деген ұсынысын айтты . 15 жылдық тәжірибесі бар сол мектептің қазақ тілі әдебиеті пәнінің ұстазы Бельгибаева Элмира Қалиевна ұстанып жүрген әдіс –тәсілдерін мұқият егжей -жегжейлі түсіндіріп, осы бір сарынды тәдіс-тәсілдерден өзгешесін және нәтижелі болатын әдіс ойластырып көруімді ұсынды .



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет