Жедел гломерулонефрит



бет1/13
Дата03.04.2024
өлшемі0,79 Mb.
#200493
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Райхан

Гломерулонефрит

Орынған:Бердібек.Р

Тексерген:Садыкова.Қ

Нефрон – бүйректің құрылымдық және қызтеттік бірлігі. Әр нефрон бүйрек (мальпигий) денешігінен және өзекшеден тұрады.


Микроскоп арқылы эндотелиді, эпителиді (подоциттерді) және мезангиальды клеткаларды, мезангиальді матриксті көруге болады. ГН кезінде бұл клеткалар саны артады (пролиферация) немесе аз өзгереді.

Өзекше шартты түрде үш бөлімнен тұрады

  • І реттік проксимальды иірімді өзекше;
  • Генле ілмегі;
  • ІІ реттік дистальды иірімді өзекше.
  • Генле ілмегі келесі бөлімдерден тұрады:

    а) жуан төмендеуші сегмент, ол проксимальды иірімді өзекшенің жалғасы болып табылады;

    б) жіңішке (төмендеуші, өрмелеуші) сегмент;

    в) жуан өрмелеуші сегмент, ол дистальды иірімді өзекшеге өтеді.


Сканер микроскопында- шумақта, подоциттер аяқтары,

Дистальды иірімді өзекше жалғастырушы түтікше арқылы жинақтаушы түтікшеге түседі, ал ол нефронның бөлімі емес және оған көптеген нефрондардың дистальды өзекшелері ашылады.

Бүйрек (мальпигий) денешігі шумақтан және Шумлянский –Боумен капсуласынан тұрады. Шумақ немесе гломерула тамырлы құрылым болып табылады. Ол әкелуші артериялардан басталатын және әкетуші артерияларға жиналатын шамамен 50 капиллярлы ішектерден тұрады.

Физиологиялық жағдайларда қанның 85-90% үлкен (қыртысты) жол, ал 10-15% кіші жол қан айналымда жүреді. Бірақ кейбір патологиялық жағдайларда қанның негізгі көлемі кіші қан айналым (қысқарған бүйрек жолдарымен) бойынша жүреді. Мұндай жағдайларда қанның үлкен көлемі бүйректің қыртысты затына емес, милы затына түсетін ерекше шунт болып табылады. Осының нәтижесінде қыртысты заттың ишемиясы, кейде некроздардың дамуы да мүмкін.

Зәрдің түзілу механизмі:

  • Зәрдің түзілу механизмі:
  • 1) шумақтық фильтрация (сүзу);
  • 2) өзекшелік реабсорбция және
  • 3) секреция.
  • Қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі шумақтық сүзудің бірден төмендеуіне, ал ауыр жағдайлар толық тоқталуына әкеледі. Сонымен қатар, мұндай нәтиже бүйрек ішіндегі қысымның едәуір жоғарылауы кезінде де (мысалы, зәр бөлу жолдарының обтурациясы кезінде) көрінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет