Жедел жады Жедел жады (оперативті есте сақтау құрылғысы - ОЕСҚ) – бұл компьютердің негізгі элементтерінің бірі, оның уақытша жады. Ал ол, өз кезегінде барлық процесстердің, бағдарламалардың жəне қосымшалардың дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет. Өз атауына ол тез жұмыс жасау жəне процессордың ақпартты дереу оқи алуын қамтамасыз ету қабілетінің арқасында ие болды. Тұрақты жадыдан (мысалы, дисктік) жедел жадының ерекшелігі – оған біршама тез уақытта қол жеткізуге болады, жəне бұл айырмашылық жүз мың есеге дейін жетеді. Оған жазылған деректер компьютердің қосулы болған жағдайында ғана қолжетімді болады. Компьютер өшірілген жəне ауыстырылған жағдайда ОЕСҚ барлық деректер өшіріліп қалады (жойылады). Сондықтан компьютерді өшірмес бұрын немесе оны қайта жүктеудің алдында жұмыс бабында өзгеріске ұшыраған барлық ақпаратты қатқыл дискте немесе есте сақтау құрылғысының басқа баламасында сақтап алу керек. DDR4 — жаңа тип, ол эволюциялық дамудың келесі сатысы болып табылады. Бұған дейінгі сатылардағы сияқты, бұл типтің де жиілігі жоғары (2133 - 4266 МГц) жəне қуат тұтынушылығы төмен. Сондай-ақ, адрестер пен командалар құрсымдарындағы жұптылықты бақылау механизмінің арқасында жұмыс жасаудың дəйектілігі де жоғарылды. 2016 жылы Іntel Skylake процессорларының жаңа буыны өндіріліп шығарылғаннан кейін жаппай таралу басталды. Жедел жады көлемі. Бүгінгі күні аса танымал модельдер 4 Гб жəне 8 Гб (мəселе DDR3 стандарты туралы) көлемді тақшалар болып табылады: ОЕСҚ көлемін іріктеу жəне таңдау барысында компьютерге қандай операциялық жүйе орнатылғанын, сонымен қатар, компьютердің пайдалану мақсатын ескеру қажет. Көп жағдайда, егер компьютер интернетке шығу үшін жəне əртүрлі қосымшалармен жұмыс жасау үшін пайдаланылса, жəне бұл ретте Wіndows 7 орнатылған болса, онда 2 Гб əбден жеткілікті.