Жеке адам ґміріне ќатысты іс ќаєаздарыныѕ тїрлері



бет1/2
Дата05.02.2022
өлшемі56,36 Kb.
#13873
түріСабақ
  1   2

Ақмоншақ Әйіп,


Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Қоскөл ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі


Тақырыбы: Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері.
Мақсаты:
1. Білімділік.
Жеке адамның өміріне қатысты іс қағаздарының түрлерінен мәлімет беру. Іс қағаздарының тілдік құрылымы, қолданылуы, тілдік құралдарын ұғындыру
2. Дамытушылық.
Тіл мәдениетін арттыру, логикалық ойлауын, іскерлік дағдыларын, шеберліктерін дамыту
3. Тәрбиелік.
Іскерлік ортада мәдениетті, білімді, сауатты, жан – жақты болуға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Ақпараттық, жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта
Ұйымдастыру бөлімі:
Үй тапсырмасын сұрау
Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Анкета, түйіндеме, конспект.
Тілдік құрылымдық ерекшеліктерін айту
Жаңа сабақ.
І. Қызығушылығын ояту
Бүгінгі заман іс қағаздарын сауатты, ұқыпты толтыра білуді талап етіп отыр. Әсіресе, ресми құжаттарды толтыру бір қалыпқа түскен жоқ, көбінесе орысшадан тікелей аударылған.
Жеке адам өміріне қатысты қандай іс қағаздар түрлерін біледі екенбіз, есімізге түсірейік.

Категориялы топтастыру.






ІІ. Мағынаны тану.


Ресми іс қағаздар стилінің түрлері 2 – ге бөлінеді.
І Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары.
ІІ Мекеме, ұйым жұмыстарына қатысты іс қағаздары.
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздар түрлері өмірбаян, өтініш туралы тоқталамыз.
ЖИГСО әдісі бойынша өткіземіз.
Оқушыларға түрлі – түсті 4 түрлі қағаздар арқылы 4 топқа, 4 жанұяға бөлінеді.
Әр жанұяға түрлі тапсырмалар береміз.
І жанұя Өмірбаян туралы айту.
ІІ жанұя Өмірбаян түрлеріне тоқталу.
ІІІ жанұя Өтініш туралы.
ІҮ жанұя Өтініш жазудың үлгісін көрсету.
І-ІІІ; ІІ-ІҮ жанұялар бірігіп әрбір оқушы берілген мәтінмен танысады, жеке оқиды, жұптасып оқиды, топта талқылайды. Жанұяға қайта оралып тақырыпты ашады.
Өмірбаян ІІІ түрге бөлінеді.
1. Саяси – қоғамдық өмірбаян
2. Жай өмірбаян
3. Автобиография – автопортрет, мемуар.
Өтініш – арыз – тілек, шағым мағынасында жазылатын іс қағазы. Өтініш бір ұйымға мүшелікке өту үшін, жұмысқа не қызметке тұру үшін, оқу орнына құжат тапсыру, мектептегі үйірме, арқылы бөлімдер секция жұмыстарына қатысу үшін берілетін жеке адамның беретін іс қағаздарының түрі.
Ол құжат күйінде дәлдікті, аз сөзділікті, толық мәліметті талап етеді. Толық мәліметке өзінің аты - жөні мекеме аттары жатады. Өтініш мазмұны түсінікті, қысқа әрі нақты болу керек. Өтініш бір ғана мәселені қамтиды, І жақта жазылады.
Әр жанұя мүшелері өзі оқыған, түйгендерін ортаға салады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет