Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат



Дата22.08.2017
өлшемі12,68 Kb.
#23947
Жекешелендірудің екінші ағымы аясында

сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
2014 жылдың 7 қазанында Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (www.gosreestr.kz мекен жайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс) 3 кәсіпорындар бойынша коммерциялық тендер тәсілімен сату өткізілді, нәтижесінде «Ақтөбе өңірлік ақпараттандыру және білім сапасын бағалау жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталығы» МКҚК сатылды. Сату сомасы 1 857 300 тенгені құрады.

Кәсіпорын мынадай жағдайларда сатып алынды:



  • кәсіпорын қызметінің бейінін 3 жыл ішінде сақтау;

  • кәсіпорынның штаттық кестесіне сәйкес жұмыс орындарын сақтау;

  • кредиторлық бережақты өтеу;

  • келісімдер жасауға шектеу. 3 жыл ішінде жекешелендірілген объектіні үшінші тұлғаларға қайта сатуға, беруге, сонымен қатар кепілдікке беруге тыйым салынады.

Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:

1. Білім беру сапасын бағалаудың заманауи технологияларын ендіру.

2. Білім сапасын бағалау процедураларында қатысатын білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

3. Білім беру саласында компьютерлік телекоммуникациялардың аймақтық және локалдық жүйелерін ақпараттандыру бағдарламаларына сәйкес зерттеулерді орындау, әзірлеу және ендіру.

4. Ұлттық білім беру деректер базасы бойынша сүйемелдеу.

5. «elening» жүйесі бойынша методикалық көмек.



6. онлайн сабақ бойынша методикалық көмек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет