Жергілікті жерде картасыз бағдарлану



Pdf көрінісі
Дата05.06.2020
өлшемі58,92 Kb.
#72443
Байланысты:
Alina Kikabaeva - 04.06.2020 год 15.00



Жергілікті жерде картасыз бағдарлану. 

  

Əскери топография жергілікті жерді зерделеу тəсілдерін, ондағы бағдарлауды жəне 

ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да 

мəселелерді қарастырады. 

Жергілікті жер əскерлердің ұрыстық əрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар 

мен жер бедерін пайдалана отырып, əскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; 

қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық жəне биологиялық 

қорғану мəселелерін шешеді. 

Жергілікті жерде табиғи жəне жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері 

бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған 

жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кəсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер 

т.б. 


Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен 

немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті 

заттар деп аталады. 

Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау 

пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын жəне 

əскердің орналасуына үлкен əсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген 

жауынгерлердің əрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, 

ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың 

ерекше мəні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу 

кезінде кеңінен пайдалынылады. 

Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу жəне оны дұрыс бағалай білу ғана 

емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу 

дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану жəне қаруды, 

əскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану. 

Бағдарлану туралы түсінік. 

Əрбір жауынгер ұрыс даласында табысты əрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана 

қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы  бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» 

сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, 

өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн 

шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі. 

Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – 

солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер 

пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу жəне осы бағытта 

жолда ұстанып жүру. 

Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында 

өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты жəне нысаналар мен объектілердің 

орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге 

түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе 

бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс. 



Жергілікті жерді зерделеу жəне есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге 

түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара 

орналасуын жақсылап есте сақтап жəне ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз 

тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін 

қолдану керек. 

Көкжиек тұстарын анықтау тəсілдері. 

Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары жəне жергілікті 

белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тəсілі – 

құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. 

Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар 

сандар салынған. 

Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің 

жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан 

сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың 

үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты жəне қарауылды қақпақ бар. Ол 

кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың 

бағытына бағытталады. 

Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның 

магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. 

Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-əріптері – шығыс, оңтүстік, батысты , ал нөлдік 

бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді. 

Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нəтижелі 

болады. 

Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі 

əдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып жəне сағат тілінің ұшы 

Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған 

циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын 

көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны 

ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын 

оңай анықтауға болады. 

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда əрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық 

жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға 

болады. 

Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а жəне в арқылы өтетін түзуді 

ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес 

рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы 

көрінеді. 

Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап 

анықталады. 

Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау жəне күңгірттеу болып келеді. Бұл əсіресе 

қайыңның қабығынан байқалады. 



Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының 

ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр 

көбірек жинақталады. 

Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. 

Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді. 

Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады.Қар оңтүстік 

беткейде тезірек ериді (еру кезінде , қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген 

шұңқыр пайда болады). 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет