ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ӨЛКЕТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРЫУ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада жергілікті жердегі өлкетану зерттеулерін ұйымдастыру жұмыстары қарастырылған.
Елімізде болып жатқан түрлі бағытттағы өзгерістер – білім беру қызметіне жаңаша қарауды талап етеді.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жтілдіру,оқушылардың оқу – тәрбие жұмыстарын ғылыми – әдістмелік тұрғыдан жаңаша ұйымдастыру.
Бүгінгі таңда ұстаздардын тәлім – тәрбие алып жатқан жас жеткіншектер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес,сонымен қатар Отанын,туған өлкесін жанындай сүйетін,ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлей білетін,рухани кемелденген азамат болып өсуі қажет.елбасы Қазақсатан халқына жолдауында ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғандығын,сондықтан да оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін,білікті мамандар ұсыну маңызды екенін атап өтті.[1]
Әрбір күні өзгеріске толы бүгінде уақыт талабына сай өз елінің табиғатын жете білетін азамат тәрбилеу ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктейді.Өлкетану – жергілікті белгілі бір шектелген шектелген өңірді немесе еліміздің шағын бөлігін оқып үйрену.Оқушылар өз өлксі жөніндегі білім қорые меңгеруді алғаш рет мектеп табалдырығынан аттаудан бастайды.Ал география пәнінің әрбір тақырыбы – өлкетанулық білім беруде,басты құралдарының бірі.Өз өлксінің физикалық - географиясымен ,экономикалық – географиялық жағдайымен және табиғат ресурстарымен,халық шаруашылығымен танысады және іздеу білу,ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.Өлкетану өзінің мазмұны және зерттеу жұмысы әдістерімен өте үлкен дәрежеде географияны оқытудағы көрнекілікке ықпал етеді.Өз өлкесін зерттей отырып,оқушылар табиғи ортаны,адамдар өмірін көреді,табиғат компоненттері даму процестері мен өзара байланысын,адамның шаруашалық іс – әрекеті нәтижелерін бақылайды.
Өлкетану материалын оқып – үйрену,жинақтау және пайдалану негізінде жүргізілген экскурссиялар мен практикалық жұмыстар,зерттеудің географиялық әдістеріне сәйкес келетін білімді белсенді түрде меңгеруде және практикалық іскерлік мен дағдыны қалыптастыруға мүмкіндіе береді.[3]
Педагогикалық тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған бұл іс – әрекеттер жеке тұлғаны қалыптастыруда географиялық білім деңгейін көтерудегі ерекше орны бар екендігін, өлкетану жұмыстар жас жеткіншектерді туған жерге, елге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, білімін жетілдіріп және біліктілігін кеңейтетіндігін А.Л.Шпико, Ә.Бірмағанбетов, О.Б.Мазбаев, В.П.Фомин, А.З.Абулхаиров еңбектерінен көреміз.
Жаңа оқулықтар бағдарламалары өлкелік материалға ерекше маңыз бергенді талап етіп отырғанның өзінде де, бірер сараңдылық пен жеңіл – желпілік бұрынғыша схематизм принципінен арыла алммай келеміз. Әрине, сабақтың тақырыптарын үйлесімді,қосымша өлкелік материалдарын іздестіріп,оқушылардың жергілікті қоршаған ортасына байланысты қызықты да,шығармашылық талғамға сай сабақ жүргізу өте қиын да болар.Қосымша өлкелік материалдарын іздестіріп, оны бағдарламалық материалдармен сәйкестендіріп ,сабақтарды қосымша материалдармен байытуға болатын шығар. Ал оған қай мезгілден бастап кірісуге болады? Бұл мәселені әркімнің ішкі талапкерлігі,жауапкершілігі мен білім деңгейіне,педагогикалық ар – ұятына байланысты ғой деп ойлаймыз. Өкінішке орай,қазіргі мектеп бітірушілер өз өлкесінің табиғатын,тарихын,географиясын нашар біледі. Өлкетану іс – әрекеттерді оқу – тәрбие үрдісінде кеңінен пайдаланбай келеді. Сондықтан да мектептегі өлкетануға байланысты жүргізілетін жұмыстарды жергілікті жерде жүргізудің әдістері мен тәсілдерін үйренуді одан әрі жалғастыруды қажет етеді.
Жалпы білім беретін мектептердегі география курсының оқу бағдарламасында өлкетану мақсатында оқу экскурсиясы енгізілген.Оқу экскурсиялары кезінде оқушылар өз өлкесінің физикалық – географиялық жағдайымен және табиғат ресурстарымен,халық шаруашылығы туралы түсініктер қалыптасады және іздене білу,ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Өлкетану материалын оып үйрену,жинақтау және пайдалану негізінде жүргізілетін экскурсиялар мен практикалық жұмыстар “зерттеудің географиялық әдістеріне сәйкес келетін білімді белсенді түрде меңгеруде және практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға” мүмкінндік береді.[2]Оқушылар экскурсияда географ-ландшафт зерттеуші мен геолог,топырақ зерттеуші мен геоботаник,гидролог пен топограф мамандықтарымен,өнркәсіптің,ауыл шаруашылығы мн транспорттың әр түрлі жұмысшы мамандықтарымен танысады.Экскурсия кезінде жергілікті жердің өнеркәсіптері,шаруашылық бағым орындары, өндіріс орындары,өлкетану музейлері туралы жинақталған материалдар оқу процесінде бағдарламаларға сәйкес оқытылуы тиіс.Оқушыларды экскурсияға сабақ кезінде дайындайды.Оларды теориялық және практикалық түрінде ұйымдастыруы крек.Оқушылардың теориялық дайындалуы экскурсиякезінде пайдаланатын кейбір физикалық-географиялық,экономикалық-географиялық түсініктерді қайталау.Ал практикалықдайындалу кезінде экскурсия кезінде орындалатын жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Өлкетану материалын оқу материалын жинақтауға қажетті табиғи үрдістер төрт топқа жатқызылады:
1.Маусымда анықтайтын метеорологиялық құбылыстар
( температура,қысым,бұлттылық,жауын-шашын және жел);
2.Тірі табиғатта болатын биологиялық үрдістер;
3.Гидрологиялық үрдістер өзендердегі,су қоймаларындағы,жерасты суларындағы су деңгейі мен өтімі,су объектілеріндегі температуралық режимі;
4.Геоморфологиялық үрдістер.Олардың қатарына арналық және беткейлік эрозия,аккуммуляция,топырақ көшкіні,суффозия,карст,нивация және т.б.
Өлкетану жұмысы бойынша тапсырмалар құрастыру:
1.Табиғаттану,география және биология бойынша мектеп бағдарламаларын талдау негізінде,5-7 сынып оқушылары үшін табиғатта фенологиялық бақылаулар жоспарын жасау;
2.Жыл маусымдары бойынша метерологиялық,гидрологиялық,биологиялық және геоморфологиялық бақылаулар құрамын анықтау;
3.Картографиялық материалдар,агроклиматтық анықтамалар және өңіртану әдебиеттері негізінде өз облысыңыздағы жыл маусымдарының сипаттамасын жазу жоспарынқұрастыру;
4.Өз өлкесіндегі халықтың тіршілік жағдайына байланысты әлеуметтік мәселелерді зерттеу бойынша тапсырмалар құрастыру;
5.»Өз өлкем » тақырыбы бойнша ой толғау жазу жоспарын құрастыру.
Қорыта айтқанда,географияны оқытудағы өлкетану зерттеулерін ұйымдастыру-Оқушылардың өлке табиғатына сүйіспеншіліктерін қалыптастырып,ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтауға,табиғатын қорғауға тәрбиелейді және оқу материалын өз бетімен игеруге,зерттеуге үйренеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.»Қазақстан жолы 2050: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» .17 қаңтар.2014.
2.Х.Муфталов,Ә.Жұмабаев.Мектептегі өлкетану .Алматы.1978.
3.Ә.Бірмағанбетов.Туған өлкені зерттеушілер.Алматы.Мектеп,1986.
4.Б.Ш.Мамаев.Основы туризма и краявидение.Уч.Пособие.Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |