Жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты



бет1/15
Дата25.12.2021
өлшемі84,86 Kb.
#105052
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Тарих 3-семинар


1-сұрақ

Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.



«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. Патша өкіметі тартып алған жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтарып беру, Кеңес өкіметі жүргізген саясат. Азамат соғысы аяқталған соң қазақ халқын өз жағына шығаруға тырысқан Кеңес өкіметі жер-су реформасын жүргізе бастады. 1920 жылы қыркүйекте өткен Түркістан Республикасы Кеңестерінің ЫХ съезі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда жер-су реформасын жүргізу қажет деп тапты. 1920 жылы 20-31 қаңтар аралығында Әулиеатада (қазіргі Тараз қаласы) түркістандық қазақ және қырғыз кедейлерінің съезі болып өтті. Съезд еңбекшілерді жер-су реформасын өткізуге белсенді қатысуға шақырып, Қосшы одағын құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның оңтүстігінде жер- су реформасын жүргізу және «Қосшы одақтарын» құру мен оның нақты іс-қимылын үйлестіруде О.ЖандосовЖ.БөрібаевА.Розыбакиев, т.б. көрнекті қайраткерлер үлкен рөл атқарды. 1921 жылы 2 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК 1917 жылғы ақпан айына дейін қоныс аудару мекемелерінің қазақ еңбекшілерінен бөліп алған, сондай-ақ кулактардың заңсыз басып алған жерлерін қайтару жөнінде декрет қабылдады. 1921 жылы 19 сәуірде патша өкіметі Орал-Жайық өзенінің сол жағалауы) және Сібір (Ертіс өзенінің жағалауындағы он шақырымдық алқап) казак әскерлерінің меншігіне берілген жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару жөнінде жаңа декрет жариялады. Бірақ оларды жүзеге асыру үлкен қиындықтарға соқтырды. Жер үлестерін қайта бөлуге кедейлер мен жалшылар белсене қатысты. Кулактар мен бай шаруалардың дүние-мүлкін ішінара кәмпескелеу арқылы кедейлерге жер, мал мен құрал- саймандар таратылды. Қазақ шаруаларына өздерінен тартып алынған жайылымдар, егіндік алқаптар мен мал айдайтын жолдар қайтарылды. Қоныс аударушылардыц поселкелері, казак-орыстардың қыстағы мен хуторларының кейбіреулері жойылып, олардың халқы өздері бұрын тұрған, өңделетін артық жер қоры бар селолар мен станицаларга қоныстандырылды. Кедейлер мен жалшылардың барлық борыштық, жалға алу міндеттемелері жарамсыз деп жарияланды. Көшпенді қазақ халқыныц егін шаруашылығына деген ынтасы арта түсті. Кеңес өкіметі отырықшылыққа бет бұрған Жетісу мен Сырдария облысының шаруаларын ауыл шаруашылық құралдарымен, ең қажетті заттармен қамтамасыз етті. 1921 жылы көктемде Жетісу шаруалары 15 мың орақ, 13 мың шалғы, 120 соқа, 200 мың аршын мата, шай, сабын, сіріңке, т.б. заттар алды. 20-жылдардың бас кезіндегі аграрлық реформалар ондаған мың қазақ кедейлері мен жалшыларын жермен қамтамасыз етіп, оларды кіріптарлық пен жалға алу ақысының ауыртпалығынан құткарды. Белгілі бір саяси мақсатты көздегендеріне қарамастан бұл реформалар қазақ халқының іс жүзіндегі теңсіздігін жою жолындағы маңызды қадам болды.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.



Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. ОралОрынборҚостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет