Кептіру деп қатты материалдардың немесе ерітінділердің құрамындағы ылғалды булану немесе буландыру есебінен жоюдың термиялық құбылысын айтамыз. Мұнысымен кептіргіш басқа да ылғалды жою әдістерінен ерекшеленеді. Мысалы, материалдардан ылғалды жою үшін механикалық тәсілді немесе суды сіңіріп алатын химиялық реагенттерді қолданады.
Өнім немесе материалдарды мақсатына байланысты кептіруге тура келеді. Мысалы, отынды, оның жану жылуын (жану құбылысының жақсаруы) ұлғайту үшін кептіреді, ағаш отын – шіруден және көктен сақтау, беріктігін арттыру үшін, басқа да өнімдер – ұзаққа төзімділігін арттыру, өңдеуді жеңілдету және т.б. үшін. Біраз материалдар салмағын кеміту және тасымалдауды арзандату үшін, сақтау мақсатында физикалық қасиеттерін (мысалы, жылуөткізгіштігін азайту) өзгерту үшін (азық-түлік өнімдері) [3].
Материалдарды кептіру табиғи жолмен (ашық ауада) және жасанды жолмен (кептіргіште) жүзеге асуы мүмкін.
Материалды табиғи кептіру кезіндегі сыртқы ауа параметрлеріне сәйкес тепе-теңдікке жақын ылғалға дейін кептіруге болады. Кейбір жағдайларда ол кейінгі материалдардың технологиялық өңдеу талаптарына жауап бермейді. Материалды жасанды жолмен кептірудің артықшылығы оның жұмыс ұзақтығының аз болғанында.
Ылғал материалдардың термиялық өңдеу құбылысы кептіргіш қондырғыларының көмегімен жүзеге асады. Кептіргіш қондырғыларының жіктелуіне тоқталайық. Жылуды жеткізу тәсілі бойынша кептіргіштерді келесі түрлерге ажыратады:
а) ағындық (конвективные) – ағындық жолмен, үздіксіз немесе кезеңді жанасу жолымен материалдағы ылғалдың булануына қажетті, кетіріліп жатқан материалға ауадан, ошақтық газдан немесе аса қызған будан берілген жылу;
б) байланыстағы немесе кондуктивті - материалдағы ылғалдың булануына қажетті, оған ыстық беттен немесе температурасы 100 0С-ден жоғары, материалмен жанасатын сұйықтан берілген жылу;
в) «жоғарғы немесе өнеркәсіптік жиіліктер алаңындағы тоқ» кептіргіші немесе материал ішіндегі температура жоғары болғандықтан электромагнитті, және соның салдарынан ішкі қабаттардың ылғалы сыртқы беттікке тез ұмтылады да, буланып қоршаған ортаға тарап кетеді. Бұдан басқа, кептірудің қиыстырылған тәсілдері де қолданылады: конвективті және байланысты кептіргіш, конвективтімен қиыстырылған жоғарғы тоқ жиілігіндегі кептіргіш, терморадиациялық және т.б.
Жұмыс кеңістігінде кептіргіш агенттің қысымына байланысты ажыратады: материалды кептіру атмосфералық қысым кезінде жүретін - атмосфералық кептіргіш және кептіргіш камерада атмосфералық қысымнан анағұрлым аз қысымда жұмыс істейтін – вакуумдық кептіргіш.
Жұмыс сипаты бойынша кезеңді (периодты) жұмыс істейтін кептіргіштерді барлық кептірілетін материалдарды кезеңді (периодты) жүктейтін және түсіретін, материалды жүктеу және түсіру үздіксіз (таспалы, конвейерлі кептіргіштер) немесе белгілі бір уақыт аралығында бір жағынан кептірілетін материал жүктелгенде, кептіргіштің екінші жағынан (дәлізді кептіргіштер) түсіріліп жатқан кептіргішті үздіксіз кептіргіштер деп ажыратамыз.
Кептіру агентін қолдануына байланысты кептіргіштерді ауа қолданушы және ошақ газдарымен жұмыс істейтіндер деп ажыратуға болады. Кептіру кезінде ауа оттегісімен жанасуы мүмкін болмайтын материалдар үшін, кептіргіш агент ретінде аса қызған бу немес инертті газдар қолданатын қондырғылар пайдалануы мүмкін.
Кептірілетін материалға қатысты кептіргіш агенттің қозғалуына байланысты кептіргіштерді тура ағынды, қарсы ағынды, айқасқан және кері тоқ деп ажыратылады.
Кептіргіш агенттің айналма қағидасы бойынша камераның әр бөлігінде газ қысымдар айырымының нәтижесінде жүзеге асқан камера ішіндегі кептіргіш агент қозғалысының табиғи айналмалы қондырғыларын да ажыратады және жасанды айналмалы, мұнда кептіргіш агенттің қозғалысы ортадан тепкіш, остік желдеткіш немесе эжектордың ағынды сорғы көмегімен жүзеге асатындар.
Кептіргіш агентті қыздыру тәсілі бойынша бумен қыздыру кептіргішін айтуға болады. Мұнда кептіргіш агентті қыздыру беттік қыздырғыштардағы 3-10 атм қысым аралығындағы будың көмегімен жүреді, ал кептіргіш агент (ауа) әдетте 60-145 0С-ге дейін қыздырылады. Қыздыру буына қажетті қысым мен қыздыру температурасының жоғарылауы кептіру қондырғыларын қымбаттата түседі.
Жұмыс құтысында кептіру агентінің қолдану қысқалығына байланысты кептіргіш агенттерді бір рет және қайта қолдануға болатын кептіргіштер деп ажыратуға болады.
Пайдаланған ылғал ауаны біртіндеп немесе тұтас ауыстыруы жүзеге асатын кептіргіштерді ауа алмастырғыш кептіргіштер деп атайды. Ауа алмастырғышынсыз жұмыс істейтін кептіргіштер де бар немесе олар кептіргіш агенттің тұйық айналымы деп те аталады. Бұл кептіргіштердегі тұрақты ауа ылғалдылығы байланысты немесе беттік жылуалмастырғыш – конденсатордың көмегімен ауаны үздіксіз кептіру арқылы жетеді. Мұндай кептіргіштер кейде конденсациялық деп аталады.
Құрылымдық нышандары бойынша кептіргіштер камералық, дәліздік, шахталық, ленталық, тасығыштық (конвейерлік), дағыралық, құбырлық және басқа да кептіргіш құрылымдарына бөлінеді.
Кептіру қондырғылары келесі белгілері бойынша бөлінеді:
1. Ылғал материалға жылудың ену әдісі бойынша конвекциялы, кондуктивті (контактты), инфрақызыл сәулелер көмегімен радиационды, жоғары және өте жоғары жиеліктегі ток көмегімен;
2. Кептіру камерасындағы ауа қысымы бойынша атмосфералық, ваккумдық және сублимациялық;
3. Жұмыс мінездемесі бойынша – қайталамалы және үздікссіз жұмыс істейтін аппараттар ;
4. Кептіру агентінің түрі бойынша – жылы ауа қолданылатын аппраттар, түтіндік газдар, ауаның түтінді газдармен қоспасы немесе өте ыстық бу;
5. Кептіру агентінің айналымы бойынша – центрден тепкіш және осьтік желдеткішткер көмегімен табиғи және мәжбүрлі айналымды қондырғылар;
6. Материалға қатысты кептіру агентінің қозғалу мінездемесі бойынша – Кептіру агенті мен материалдың бірдей қозғалысында бірқалыпты ағатын, материалдың және кептіру агентінің қарама – қарсы бағытында қарсы ағатын;
7. Кептіру агентінің қызу әдісі бойынша – парды, жалынды калориферлі кептіру қондырғылары;
8. Кептіру агентінің қайталануы бойынша – бір ретті және көп ретті, жылы ауаны әр түрлі нұсқада пайдалану;
9. Кептіру объектісінің түріне байланысты – қатты (ірі, ұсақ, шар тәрізді), сұйық және паста тәріздес материалдар;
10. Конструктивті белгілері бойынша – тоннельді, камералық, шахталық, кордорлық, барабанды, вальсты және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |