Аналық тақша (mothetboard) –компьютердің маңызды құрайыштарының бірі. Кейде жүйелік тақша (systemboard) немесе бас тақша (main board) деп те атайды.
Аналық тақша (mothetboard) – компьютердің маңызды құрайыштарының бірі. Кейде жүйелік тақша (systemboard) немесе бас тақша (main board) деп те атайды.
Аналық тақша – компьютер барлық мүмкіндіктеріне жауап беретін жүйелік қораптың ішінде орналасқан құрылғы, яғни, компьютердің ішкі байланысын және басқа да бөліктерін басқарады. Оның сапасына, функцияналдығына және жылдам әрекеттіне тікелей барлық жүйенің тұрақтылығы мен жылдамдығы тәуелді.
Жүйелік логиканың микросхемасы (чипсет) –әдетте бір немесе екі микросхемадан тұрады, ол перифериялық құрылғыларды (бейнекарта, дыбыстық жүйе, оперативті жады, диксжетек және түрлі енгізу/шығару порттары) басқаруға, микросхеманы «байланыстыру» үшін арналған
Процессор ұяшығы -процессор орнатылатын разъем. Бұл разъемға сәйкес келетін түрлі процессорларды орнатуға болады.
Оперативті жады ұяшық (Bank) – оперативті жадыны орнатуға арналған разъем. Бұл разъемдарды сонымен қатар Bank деп те атайды.
Енгізу – шығарудың базалық жүйесі – немесе BIOS микросхемасы – құрамында CMOS микробағдарламасы кіреді. Ол аналық тақша компоненттерін басқарады.
BIOS - Basic Input/Output System - базалық енгізу\шығару жүйесі. Ол жеке тұрақты есте сақтау құрылғысында сақталып тұрған программа. бұл программа компьютердің жүктелуінің бастапқы кезінде құрылғыларды басқарып олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Барлық құрылғылардың жұмыс істеу қабілетін тестен өткізіп, егер қателер тапса хабарлайды.
Сыртқы интерфейстер - жүйелік қорапты ашпастан мүмкін болатын түрлі құрылғыларды қосуға арналған разъем.
Ішкі интерфейстер – жүйелік қорап ішінде орналасқан түрлі платалар мен құрылғыларды қосуға арналған разъем. Оларды орнату үшін жай ғана жүйелік қорапты ашып жүзеге асыруға болады.
Форм – фактор немесе типоразмер (типтік өлшемі) – аналық платының жүйелік қораптағы өлшемін анықтайды.
Құрамдас орналастырылған құрылғылар (жүйелік тақшада )