Жұмбақ- адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында



бет1/2
Дата21.09.2024
өлшемі16,71 Kb.
#204844
  1   2
Байланысты:
факул. Жұмбақтар сандығы




Түсінік хат.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


1-4 сыныптардың «Жұмбақтар сандығы» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат бөлінген.

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында


нақты бір затты немесе құбылысты тұспалдап сипаттайтын
шағын әдеби жанр.
Қай кезді алсақ та, жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық
арасында бағалы болған. Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба
әдебиет күшеюімен қатар, "Жұмбақ азайған шығар, жаңадан
жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл ой
теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқының арасында да және барлық
басқа халықтарының арасында да әлі күнге тыңнан туып, молайып,
дамып келеді.
Жұмбақ жанры ана тілінің нәрлі, бейнелі сөздеріне қызықтырып,
баланы халық поэзиясы әлеміне баурайды, оған эстетикалық ләззат
береді. Баланың ақыл ой қабілетін дамытып, ой-өрісін, танымдарын
кеңейтеді. Жұмбақтар заттардың, нәрселердің, құбылыстардың
қыр-сырларын талдауға, салыстыруға, айырмашылықтары мен
ұқсастықтарын табуға үйретеді.
Қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы дерлік балаға өмір
танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Айнала қоршаған ортаның
қыр-сырын, сын-сипатын танытып, таным әрекеттерін, яғни
қиялын, ойлауын, еске сақтауын, тілін дамытады. Баланы
тәрбиелеу ісіне қажетті барлық мүмкіндіктер ауыз әдебиеті
үлгілерінен табылып, халықтық шығармаларды оқып-танысу
барысында адамгершілік асыл қасиеттердің адамды адам мұратына
жеткізетініне, ал жаман қылық, жат әрекеттердің зияны тиіп,
жаманшылыққа ұшырататынына көз жеткізеді. Бұл балалардың
ақыл-ойын дамыту мәселесін шешудің бір жолы деп білеміз.
Жұмбақ - логикалық мәтінді есеп. Жұмбақты шешу- ол сұраққа
жауап беру, яғни күрделі ойлану әрекетін жасау.Жұмбақта
жасырынған зат шифрланған, жасырылған яғни, оны шешу тәсілдері
өте көп.Жұмбақты шеше отырып балалардың даму мүмкіндіктері
сан алуан. Ең маңыздылары:
Тапқырлығын, ой-өрісін, шапшаңдылығын дамытады.
Ақыл-ойдың жұмысын арттырады.
Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, зеректігін, фантазиясын дамытады.
Қоршаған дүние туралы білімдерін кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет