ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»



Дата21.07.2017
өлшемі213,92 Kb.
#21492
түріЖұмыс бағдарламасы







ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы



044-39/15-46

11 беттің

-беті


«Психология негіздері» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

ТжКББФ деканы

________Отыншиев М. А

«____»_________2014ж.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар»
Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»
Біліктілігі : 0302033 « Жалпы практикадағы медбике»

Курс : 3
Семестр: 5-6
Сағат саны: 64


Шымкент -2014 ж


Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2013 ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрастырылды.


Кафедра мәжілісінде қаралды.


«____» _________ 2014 ж. №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к, доцент ______ К.Б. Кемелбеков
Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.
«____»_________2014 ж. №___ хаттама
Әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Н.Р.Джуманкулова

Дайындаған оқытушы:Тілепбаева А.К.



Бағдарлама:

1.Алғы сөз.

Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге,заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған,жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп,тұжырымдалып,ғылыми пәнге арналады. Қазіргі таңда психология пәнінің мақсаты психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрыдан түсіндіру болып табылады. Психология ғылым ретінде тек психика құбылыстарын зерттеп,анықтауға,бейімдеуге болмайды,сонымен қатар оның мағынасын ашып,жинақтап, белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып, психикалық құбылыстарды, процестерді анықтап, оларды алдын ала болжайды.



«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсының оқытылу мақсаты:

Оқытудағы басты мақсат студенттерге психология,педагогикалық ғылымның өз ғасыр дәрежесіне сәйкес жетістіктерінің жалпы сұрақтарын беру.Адам психикасын терең түсініп,жақсы меңгеру үшін керекті факторларды ерекшелеп,белгілеу.



«Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсының міндеттері:

Студентерден адамның қоршаған ортаны сезінуінің,қабылдауының,түйсінуінің,оны көз алдына келтіруінің (елестету)анализін құру,психологияның пайда болу тарихының беріктілігін көрсету. Студенттерге танымдық эмоционалдық еріктік процестерінің жеке адамды зерттеу өрісінде(орта)пайда болуын,сонымен қатар оның дербес психологиялық өзгешіліктерін құру(көрсету).



І.2. «Психология негіздері және коммуникативті дағдылар» курсы бойынша студент білуі қажет:

-Психология ғылымының негізгі заңдылықтарын;

-Психофизиология білімінің ерекшелігін;

-Адамның іс әрекет психологиясын;

-Танымдық процестерді;

-Жеке адамның қалыптасу заңдылығын;

-Адамдардың ара қатынасын;

-Психология тарихы мен әлеуметтену ғылымын;

-Жас тұлғаларды тәрбиелеудегі психология ғылымының мәнін аша білу;

-Адамның орталық нерв жүйесінде болатын құбылыстарды анықтай білу;

-Адам мен анатомия физиологиялық жан жақтылығын білу;

-Жалпы жантану және педагогика пәнін зерттей отырып,болашақ медицинада алатын орнын білу.



Тақырыптық жоспар (теория)

5-семестр




Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Теория

Сағат саны

1

Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау

2

2

2

Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі

2

2

3

Емделушінің ауруға реакциясы, олардың типтері және маңызы Рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

4

Психосоматикалық жағдай. Психосоматикалық жағдай механизмдері Рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2




Барлығы:




















5 -семестр Тақырыптық жоспар (тәжірибе)




Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Тәжірибе

Сағат саны

1

Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау

2

2

2

Сауалнамалар құрастыру, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау.

2

2

3

Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі

2

2

4

Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

5

Емделушінің ауруға реакциясы, олардың типтері және маңызы

2

2

6

Психосоматикалық жағдай. Психосоматикалық жағдай механизмдері. Рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

7

Есту, көру, сөйлеу, зерде бұзылысы бар емделушілермен қарым-қатынас

2

2

8

Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.

2

2

9

Тілдік және мәдени айырмалары бар емделушілермен қарым-қатынас

2

2

10

Әлеуметтік мәдени айырмащылықтары бар емделушілер. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.

2

2

11

Дұшпандық ойдағы және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас

2

2

12

Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.


2

2




Барлығы:







Тақырыптық жоспар (теория)

6-семестр




Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Теория

Сағат саны

1

Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара қатынас

2

2

2

Емделуші үшін психотравмалық зардаптар. Рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

3

Әдептілік категориялары, олардың коммуникативтік үрдістегі рөлі. Рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

4

Емделушілердің кәсіби хабардар болуы, қайғылы жәйттерді хабарлау дағдылары .

2

2




Барлығы:




















6 -семестр Тақырыптық жоспар (тәжірибе)





Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Тәжірибе

Сағат саны

1

Депрессиялық емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен қарым-қатынас

2

2

2

Медицина қызметкерінің эмоциялық бұзылыстары бар және суицидтік мінез-құлыққа бейім емделушілермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

2

2

3

Қауіпті емделушілермен және қорқыныш пен фобиялар реакциясы бар емделушілермен қарым-қатынас

2

2

4

Фобиялар туралы түсінік. Фобиялар түрлері.

2

2

5

Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас

2

2

6

Қарым-қатынас жасау кезінде жас ерекшеліктерін белгілейтін физиологиялық, әлеметтік және психологиялық жағдайлар.

2

2

7

Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.

2

2

8

Сексуалдық проблемалары бар емделушілермен қарым-қатынас

2

2

9

Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.

2

2

10

Жазылмайтын аурулары бар науқастармен, АИВ жұқтырмалары мен ЖИТС аурулары бар науқастармен қарым-қатынас

2

2

11

Жазылмайтын аурумен ауыратын емделушілермен әңгіме, сұрақ-жауап, жағдаяттық міндеттер шешу.

2

2

12

Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара қатынас

2

2




Барлығы:








3. Пәннің мазмұны

Бөлім 1. Емделуші психологиясы.
Тақырып 1.1 Медициналық сұхбат, оның құрылымы. Емделушіні сұрау.

Оқу ақпараты: Медициналық сұхбат түсінігі және құрылымы, сұхбат түрлері- еркін, құрастырушылық. Сұрау ақпарат алу тәсілі ретінде. Сұрау түрлері. Медицина қызметкерінің емделушімен әңгіме жүргізуіне арналған жалпы ұсынымдар.

Практикалық сабақтар: Сұрау, сауалнамалар құрастыру, емделушімен әңгіме өткізу, емделушінің медицина қызметкеріне келу себептерін анықтау.
Тақырып 1.2 Емделуші психикасының ерекшеліктері. Аурудың ішкі көрінісі.
Оқу ақпараты: ауру әсерінен емделуші тұлғасының өзгеруі. Аурудың ішкі көрінісі туралы түсінік (АІК). АІК құрылымы, деңгейі: сенситивті, эмоциялық, зерделік.

Практикалық сабақтар: емделушімен әңгіме, емделушіні қадағалау, ауру әсерінен емделуші тұлғасының өзгерісін анықтау. Сұрау жүргізу. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.
Тақырып 1.3 Емделушінің ауруға реакциялары, олардың типтері мен маңыздылығы.
Оқу ақпараты: емделушінің ауруға қарсы реакцияларының жіктемесі: дезадаптиптік ( аурудағы күтім, қашқақтау, жоққа шығару, анозогнозия) және адаптивтік ( қабылдауы, конструктивті игерілімі, емдеу үрдісіне сенімді түрде қатысу). Адаптивтік және дезадаптивтік дағдылар және олардың коммуникация стилімен байланысы. Аурудың адаптивті байқалуы ретіндегі комплаенттілік. Ауруға дезактивтік реакцияларды қалыптастырудағы ятрогения рөлі.

Практикалық сабақтар: Емделушілердің ауруға мінез реакцияларын анықтау, емделушілермен әңгіме, емделушілерді қадағалау. Жағдаяттық міндеттерді шешу, рөлдік ойындар.
Тақырып 1.4 Психосоматикалық жағдайлар. Психосоматикалық жағдай механизмдері.
Оқу ақпараты: Психосоматикалық және соматопсихикалық өзара әсерлер туралы түсінік. Психосоматикалық бұзылыстар жіктемесі. Психогения мен соматогениялар туралы түсінік. Соматикалық және хирургиялық аурулар кезіндегі психологиялық қорғаныс бойынша негізгі жағдайлар. Соматикалық аурулардың созылмалы ағымы кезіндегі тұлға өзгерісінің феноменологиясы.

Практикалық сабақтар: емделушілермен әңгімелер, емделушілерді қадағалау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.
Бөлім 2. Психологиялық ерекшеліктері мен психикалық бұзылыстары бар емделушілермен қарым-қатынастар.
Тақырып 2.1 Есту, көру, сөйлеу, зерде бұзылыстары бар емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Қарым-қатынас жасауда қиындық көруші емделушілермен: сақау, саңырау, соқыр емделушілермен қарым-қатынас ерекшеліктері. Дәрігердің түрлі мәдениет, тілдік айырмашылықтары мен есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар емделушілермен тиімді қарым-қатынас жасауына бөгет болатын кедергілер. Түрлі айырмашылықтары бар және есту, көру, сөйлеу және зерде бұзылыстары бар емделушілермен тиімді және жанжалсыз қарым-қатынас жасау дағдылары.

Практикалық сабақтар: есту, көру, сөйлеу және зерде бұзылыстары бар емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.
Тақырып 2.2 Тілдік және мәдени айырмашылықтары бар емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Медицина қызметкерінің өзіндік мәдениеті, логикасы, стилі, тілі, әлеуметтік, саяси, діни және кәсіптік айырмащылықтары бар емделушілермен қатынас жасау ерекшеліктері.

Практикалық сабақтар: Әлеуметтік мәдени айырмащылықтары бар емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.
Тақырып 2.3 Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Асоциалдық мінез-құлық түрлері: делинкветтік, аддиктивтік, патохарактерлік, психопатологиялық. Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен қарым-қатынас ( қылмыстық, әкімшілік, отбасылық).

Практикалық сабақтар: Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.
Тақырып 2.4 Депрессивті емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Суицидтік мінез-құлық туралы түсінік. Суицид себептері. Суицидтің алдын алу. Медицина қызметкерінің эмоциялық бұзылыстары бар және суицидтік мінез-құлыққа бейім емделушілермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

Практикалық сабақтар: Депрессивті емделушілермен және суицидтік ниеттегі емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.
Тақырып 2.5 Қауіптенуші емделушілермен және қорқыныш пен фобиялар реакциясы бар емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Фобиялар туралы түсінік. Фобиялар түрлері. Фобиялық рекциялардың байқалуы. Қауіптілік түсінігі, өзіндік және жағдаяттық қауіптілік. Мейірбикенің қауіптенуші емделушілермен және қорқыныш пен фобиялар реакциясы бар емделушілермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері.

Практикалық сабақтар: қауіптенуші емделушілермен және қорқыныш пен фобиялар реакциясы бар емделушілермен қарым-қатынас жасау дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.
Тақырып 2.6 Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас.

Оқу ақпараты: Медицина қызметкерінің балалармен, жеткіншектермен, егде емделушілермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Қарым-қатынас жасау кезінде жас ерекшеліктерін белгілейтін физиологиялық, әлеметтік және психологиялық жағдайларын ескеру.

Практикалық сабақтар: Түрлі жастағы емделушілермен қарым-қатынас. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар.
Тақырып 2.7 Сексуалдық проблемалары бар емделушілермен қарым-қатынас.
Оқу ақпараты: Сексуалдық бұзылыстар. Түсінігі, түрлері, байқалуы. Медицина қызметкерінің сексуалдық салаға бейімі бар емделушілермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Қарым-қатынас жасау әдебі.

Практикалық сабақтар: Сексуалдық проблемалары бар емделушілермен қарым-қатынас дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, емделушілерді бақылау. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар мен презентациялар дайындау.
Тақырып 2.8 Жазылмайтын аурулары бар науқастармен, АИВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен қарым-қатынас.
Оқу ақпараты: Жазылмайтын аурулар туралы түсінік. Тұлға өзгерісі мен қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Медицина қызметкерінің АИВ жұқтырған емделушілердің туыстарымен өзара әрекеті. ЖИТС. Анықтамасы. ЖИТС дискриминациясы және стигмасы. АИВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен медицина қызметкерінің қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Емделушінің қоғаммен өзара әрекеті.

Практикалық сабақтар: Жазылмайтын аурумен ауыратын емделушілермен, АИВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Емделушілермен әңгіме, сұрау, жағдаяттық міндеттер шешу.
Тақырып 2.9 Медицина қызметкері мен емделуші арасындағы өзара қатынас.
Оқу ақпараты: Емделуші үшін психотравмалық зардаптар. Отбасы мен жақындарына психологиялық көмек: психологиялық ағарту, шамадан тыс эмоциялық күйзелу мен қозу жағдайынан шығу жөніндегі ұсынымдар; вербальдық әсер. Аурудың жазылмайтындығы туралы, өлім туралы ойларға бейімделу кезеңдері. Өлім аузындағы науқастарды күту кезінде қызметкерлерге психологиялық көмек беру.

Практикалық сабақтар: қарым-қатынас жасау дағдыларын, емделушілерге , туыстарына бірінші психологиялық ағарту істерін көрсету.
Бөлім 3. Медицина қызметкері мен емделуші коммуникациясының әдептілік аспектілері.
Тақырып 3.1 Әдептілік категориялары, олардың коммуникативтік үрдістегі рөлі.

Оқу ақпараты: Әдептілік категориялары; парыз, құпиялық, әділдік, адалдық, олардың коммуникативтік үрдістегі рөлі. Кәсіби құзыреттілік. Заңнама және әдеп.

Тақырып 3.2 Емделушілердің кәсіби хабардарлық дағдылары, мұңды жаңалықтарды хабарлау.

Оқу ақпараты: Емделушілердің кәсіби хабардарлығы, емделушімен емдеу-диагностикалық үрдісті оңтайландыруға бағытталған конструктивті өзара әрекет дағдылары. Өлім мен қазаның әдептілік аспектілері. Мұңды жаңалықтарды хабарлау проблемасы. Эвтаназия. Түрлері. Мейірбике тактикасы.

4.Оқу әдістемелік жабдықталуы.

4.1.Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

1.Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері А.,2005

2.Ж.Аймауытов. Психология А.,2000

3.Ә.Алдамұратов. Жалпы психология А.,1996

4.С.Б. Бапбаба. Жантану негіздері А.,2001

5.Р.Г. Илешова. Медициналық психология А.,1994

6.Жарикбаев К.Б. История казахской психологии (на казахском языке). – Алматы:Изд-во «Казахстан». 1996.

7.Намазбаева Ж.И. Жалпы психология.- Алматы, 2004.-334 б.



Қосымша

1.Немов Р.С. «Психология» Издательство М., ВЛАДОС, 2001г.

2.Рогов И.Е. «Общая психология» Издательство М., ВЛАДОС, 2001г.

3.Тертель А.А. «Психология в вопросах и ответах», Издательство М., «Проспект», 2009г.

4.Островская И.В. «Психология. Учебник для медицинских училищ и колледжей». М., «ГЭОТАР-Медиа», 2006г.

5.Полянцева О.И. «Психология для средних медицинских учреждений. Среднее профессиональное образование». Ростов-на-Дону, «Феникс», 2004г.

6. Маслоу А. Мотивация и личность. М 1995г.
4.2.Көрнекілік құралдар және ОТҚ

1.Компьютерлер

2.Плакаттар

3.Интерактивті тақта

4.Электронды оқулық

5.Кестелер


4.3.Тест тапсырмалары (220 тест тапсырмасы қосымша беріледі):

1. Психологияның заты мен міндеттері-25 тест тапсырма;

2. Танымдық психикалық үрдістер-32 тапсырма;

3. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері-25 тапсырма;

4. Тұлға және жеке адам- 45 тапсырма;

5. Қарым қатынас психологиясы-38 тапсырма;



6. Тұлғааралық қақтығыстар-16 тапсырма;

7. Кәсіби деңгей-18 тапсырма;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет