Жоба «Саз өнері» сабағында ән-күйді қабылдауда жаңа технологияларды пайдалану. Дайындағандар: Менеджер



Дата12.02.2017
өлшемі158,96 Kb.
#9011
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Педагогикалық менеджмент кафедрасы



Жоба
«Саз өнері» сабағында ән-күйді қабылдауда

жаңа технологияларды

пайдалану.

Дайындағандар:
Менеджер:

Қарағанды 20__ж.



ӨЗЕКТІЛІГІ
Казіргі уақытта әлемдік стандартқа сай оқыту процессінде көптеген жаңа оқыту жүйелері еңгізіліп жатыр. Педагогикалық теория мен күнделікті тәрбие жұмыстарырда өзгерістер болып жатыр.

Ұстаз жаңа иноиациялық технологияларды, оның түрлерын білуге міндетті. Себебі өз жұмысының мықты маманы болуына, жаңа инновациялық технологиялар көп септігін тигізеді. Сондықтан біз технологияларды зерттеп, осы жобаны жаздық.


Проблемалары:

  1. Әдебиеттің аздығы.

  2. Уақыт тапшылығы.


Зерттеушілік мақсаты:

1.Әдебиетпен танысу.

2. Жұмыс жоспарын құру.

3. Жоспарды моделді компонентке аудару.


Объект: Технологияны оқыту процессіне еңгізу.
Пән: Музыка сабағы. 5 сынып(3 тоқсан).
Болжам: Егерде біз музыка сабағында жаңа иновациялық технологиялрды пайдаланып, интеграциялық сабақты өткізетін болсақ, балалардың қызығушылығын арттырамыз, себебі интеграциялық сабақ оқушылардың ойлау қабілетін және музыкалық шығармашылығын дамытады.

Глосарий

Оқыту – адамды өмір мен еңбекке дайындауда білім беру мен игеру, дағдыландыру іс-әрекет процесі. Оқыту процесінде оқу мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Оқыту – бір-бірімен тығыз байланысты оқытушы мен білім алушының іс-әрекетін жүзеге асыратын екі жақты процесс. Оқытудың мазмұны оның мақсаттарына байланысты. Оқыту мақсаттарын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер, құралдар, ұйымдастырудың жаңа формалары қолданылады.
Технология - әр салада пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің бірлігінің негізі.

Педагогикалық технология ғылыми түрде:



  • оқу процесінің мақсатын, әдіс-тәсілдерін, мазмұнын зерттеп жоспарлайтын педагогикалық ғылымның бір бөлігі.


Процестік – суреттеу түрі:

  • оқу нәтижесіне жету үшін оқу мақсатын, мазмұнын, әдіс-тәсілдерінің бірлігін суреттеушісі.


Процестік – іскерлік түрі:

  • педагогикалық құрал-жабдықтарының бірігіп жұмыс істеуі.

Инновация – «жаңа» деген ұғымды білдіреді.
Интеграциялық ән сабағы - ән сабағын басқа сабақтармен біріктіре өткізіп, оқушыларды әлемдік музыка мәдениетінің озық үлгілерімен таныстыру, музыкалық шығармашылық ойлауын дамыту.
Тақырып – шығарманың негізгі мазмұны.
Музыкалық аспап – музыкалық әуендерді орындауға арналған аспап. Ол жеке және топтық орындауға арналған. Әрбір аспап өзінің ерекше дыбыс бояуымен және белгілі бір дыбыс диапазонымен ерекшеленеді. Музыкалық аспаптардың пайда болуы адамзат дамуының алғашқы сатыларынан басталады. Орындалу ерекшеліктері мен дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты шертпелі, ысқышпен ойналатын, ұрмалы, үрмелі, сілкіп ойналатын аспаптар болып бірнеше топқа бөлінеді.

Жаңа технологиямен интеграциялық оқыту процесіне енгізу диагностикасы



5 сынып. ІІІ тоқсан.
Сабақ тақырыбы: «Қазақтың аспаптық музыкасы»

Құрманғазы – төкпе күйдің атасы.




Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, диск, слайд,

Портрет, қазақ ұлттық аспап, сызба-кестелер.


Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап,баяндау, иллюстративтік суреттеме

арқылы түсіндіру, ойын ( сөзжұмбақ) , топтық

және компьютормен жұмыс.

Сабақ жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру: ( топтық жұмыс, сөзжұмбақ шешу,

карта бойынша сұрақтарға жауап

беру).


  1. Жаңа сабақ: а) интерактивтік тақта бойынша сабақ түсіндіру;

ә) күй тыңдау;

б) күйді талдау:

в) нота сауаты;

г) воклдық жұмыс ( ән үйрету);


4. Сабақты бекіту.

5. Қорытындылау.

6. Бағалау.

7. Үйге тапсырма беру.



Сабақ барысы:

Балалар сыныпқа Құрманғазының “Адай” күйімен кіреді.




  1. Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу)




  1. Үй жұмысын тексеру. (Интерактивтік тақтадағы кроссвордты шешу)











Д




























О




























М




























Б




























Ы




























Р




























А



















1.Өзбек халқының ән, билерін сүйемелдейтін аспабы.

2. Көлемді музыкалы-драмалық шығарма.

3. Жеке дауысқа арналған лирикалық шығарма.

4. Жыраудың әңгімесі, немесе айтатын жыры.

5. Қобыз пірі кім?

6. Әйелдің жіңішке, биік дауысы.

7. Белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.


































А

Й

Т

Ы

С































































  1. Әйгілі айтыс ақыны.

  2. Күйді орындаушы адам.

  3. Ақыл, нақыл сөздері бар тақпақ сазды әуен.

  4. Жырды орындаушы адам.

  5. Біржанмен айтысқан ақын қыз.



Жаңа сабақ түсіндіру
Құрманғазы

/ 1823-1896 /


X1X ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы- теңдесі жоқ ұлы күйші.

Ол- өз заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық- зомбылыққа қарсы қүресіп өткен адам. Қаршадайынан әділетсіздікпен алысып, азапты ғұмыр кешті.

Құрманғазы өзі басынан кешкен өмірі мен халықтық мәселелерді «Кішкентай» атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңына дейін күй тілімен жырлап өтті.

Құрманғазы «Кішкентай » күйін Исатай , Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтеріліске арнаған. Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін,еркіндікті аңсағанел мен ерлер бейнесін айқын суреттеп берді.

Құрманғазы- күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке , озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға.Оның « Серпер», « Сарыарқа »,

«Адай», «Балбырауын», «Ақбай», « Көбік шашқан», « Кісен ашқан», « Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», « Аман бол,шешем , аман бол» және т.б. көптеген күйлері –асыл туындылар.

Құрманғазының көптеген күйлері мінезді,шапшаң ырғақты,кең көлемді,домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60 тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының мемлекеттік академиялық оркестірі, Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне, жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді.

Құрманғазының « Сарыарқа » күйінің шығу тарихы.
Әлі түс болған жоқ,бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып,күйдіріп тұр.Тып- тыныш жолмен келе жатқан жай,бір қалыпта ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса,самарқау.Иықты,маңдайы кең,бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан,түйе жүнінен жасалған қалың күпі,тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген,ал алдында қапқа салынған домбыра бар.

Ол Сарыарқа жаққа бағыт ұстаған,түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті.Атынан түсіп кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы- ояу кейіппен домбыраны қолына алып,жайлап тарта бастады. Даланың домбыра үні кернеді. Ұлы күйші Құрманғазының күйі «Сарыарқа» осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң,ол туған жерінде қала алмайтын болды. «Сарыарқа» сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда халық мінезі,өмірі ,қадір –қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі-барлығы қамтылған. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»-халықтың, даланың өзі сияқты кең,өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы.

Кеш түсті атын шідерден босатып,домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып ,әл жинап алған ,аты шабысын үдетті, Артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды.
Күйді тыңдату
(Домбыра – Қадыр Мырзалиев)
Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра.


Домбыра – қағып, шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап.

Домбырасыз сән қайда.
Сөзі: Х.Талғаровтікі

Әні: И.Нүсіпбаевтікі




  1. Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қонбаған.

Қайырмасы: Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?...

.


  1. Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Қ – сы:


3. Абай, Жамбыл, сал Біржан,

Таңқалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған,

Естіген жан тамсанған.


Қ – сы:
4.Домбырамен сөйлеген,

Махаббаты халқымның.

Жігер беріп күй деген,

Шақырады алтын күн.

Қ – сы:

Қорытындылау:


  1. Балалар біз бүгін қандай сабақ өттік ?

  2. Қай күйшімен таныстық ?

  3. Қандай күйлерін білеміз ?

  4. Құрманғазы күйлері орындалу ерекшеліктеріне қарай, күйдің қай түріне жатады ?

Сондықтан Құрманғазы-төкпе күйдің атасы.
Бағалау:
Үйге тапсырма: « Құрманғазы » тақырыбын мазмұндау.

« Домбырасыз сән қайда» әнінің сөзін жаттау.

Крассворд жасап келу.



Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Г.К.Селевко Современные образовательные технологии. Москва «Народное образование» 1998г.



  1. Л.В. Скопич «Обучение музыке на интегративной основе». Шымкент. Областной институт непрерывного образования. 2005г.



  1. «Музыка» жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқулығы. Алматы «Атамұра» 2001ж



  1. Музыка сабағының бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет