Кластерлер (“жүзімнің шоқтары” деген мағынада қолданылған) - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер.
Негізгі тақырып(тірек сөз, басты идея) тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, студенттер оларды бір – бірінесызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.
Сабақ мақсаты:
Университеттегі педагогикалық процесс ұғымын қамту. Мектептің педагогикалық процесі мен ЖОО пен педагогикалық процесі айырмашылығын көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Жоғары мектептің тұтас педагогикалық процесінің мәні мен ерекшеліктері, заңдары, заңдылықтары мен принциптері және педагогикалық үрдісінің кезеңдері туралы түсініктің қалыптасуы.
ЖМ педагогикалық үдеріс теориясы
Мәні
Заңдылығы
Кезеңі
Мақсаттылық
Екі жақты сипат
Шығармашылық сипаты
Динамизм
Тұтастық
Жоспарлау
Дайындау
Түзету
Қорытындылау
Заң
Принциптері
Ұйымдастыру
Заңдылығы
ЖОО тұтас педагогикалық үдерісінің мәні
мақсаттылық – педагогикалық процесстің жетекші мақсаты – өнімді және шығармашылық әрекет етуге қабілетті болашақ маманның тұтас тұлғасын қалыптастыру екі жақты сипат-екі субъектінің қызметі: педагог және студент қызметі; шығармашылық сипаты - оқытушының креативтілігі студенттің креативтік қызметімен сәйкес келуі тиіс; динамизм-педагогикалық процесс дамып келе жатқан құбылыс, ол білім беру мазмұнының өзгеруімен, субъектілердің сапалық өзгерістерімен сипатталады; тұтастық-педагогикалық процестің барлық компоненттері келісілген қарым-қатынаста және процестің мақсаттарына бағынады.
ЖОО тұтас педагогикалық үдерісінің заңдылығы
Заңы
Заңдылығы
Принциптері
педагогтер мен білім алушыларды педагогикалық процестің барлық қатысушысына және барлығына табыстылықты қамтамасыз ететін үйлестірілген және бірлесіп-бөлінген қызмет біріктіреді
оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне негізделген;
педагогикалық процестің бағыты білім туралы заңдар арқылы әлеуметтік тапсырыс ретінде ұсынылатын қоғамның мақсаттарын көрсетеді;
педагогикалық процестің гуманистік, кәсіби бағыты;
қызметтің сана мен мінез-құлына бағытталуы;
қызметті ұйымдастыру;
педагогикалық талапты оқушының позициясын қатынасымен үйлестіру;
жас және ұлттық ерекшеліктерін есепке алу;
дамытумен ұштастыру;
табысты нәтижелерге қол жеткізуі;
үздіксіз қадағалау, мониторинг;
ЖОО тұтас педагогикалық үдерісінің кезеңдері
Оқу жоспарларын, жұмыс бағдарламаларын, силлабустарды, ЖОО бейінін ескере отырып, педагогикалық мақсаттарды, педагогикалық үдерістің міндеттерін анықтау.
Оқу жоспарларына, жұмыс бағдарламаларына, басқа да құжаттамаға бағдарлана отырып, фрагментті немесе бүкіл педагогикалық процесті модельдеу; педагогикалық процесті оңтайлы қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік жағдайларды, эстетикалық, гигиеналық, материалдық-техникалық жағдайларды алдын ала диагностикалау.
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, тұжырымдамаларын іске асыру; педагогикалық технологиялар мен әдістемелер негізінде педагогикалық процестің фрагментінің оңтайлы нұсқасы іске асырылады; педагог пен студенттердің жүйелі бірлескен жұмысы жүзеге асырылады.
Тәрбие, білім беру процесінің белгілі бір компоненттері, фрагменттері жедел түзетіледі.
Студенттердің жетістіктерін, қойылған міндеттерден ауытқуларды диагностикалау, білім беру нәтижелерін талдау, жетістіктер мен сәтсіздіктердің басым себептерін анықтау; ЖОО, кафедра, оқытушы қызметінің келесі кезеңінің жаңа міндеттерін ұсыну.
Қолданылған әдебиеттер:
Мынбаева А.К. Основы педагогики высшей школы: Оқу құралы. – Алматы, 2013. – 89б.
Бейсенова М.Б.Сабақтарда қолданатын«50 әдіс-тәсіл» түрлері. «Мұрын жырау сеңгірбекұлы атындағы маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК