Гибридтену — пішіндері әр түрлі, энергиялары шамалас орбитальдардың араласып, пішіні, энергиясы, байланыс бұрышы, т.б. сипаттамалары бірдей гибридтенген жаңа орбитальдар түзілуі. Атомдық орбитальдардың гибридтенуі атомдар арасында коваленттік байланыс түзілген кезде жүреді. Гибридтенуге жұмсалған энергияның орны химиялық берік байланыс түзілгенде бөлінетін энергиямен толтырылады. Гибридті орбитальдар түзілу үшін мына жағдайлар орындалуы керек:
Гибридтелетін электрондардың энергиялары шамалас болуы, яғни олар бір деңгейдің әр деңгейшелерінде орналасуы керек; Гибридті орбитальдар басқа элементтің электрон бұлттарымен мүмкіндігінше толық қабыса алуы тиіс;
Гибридтелуге қанша орбиталь түссе, пайда болатын гибридті орбитальдар саны да сонша болады;
Гибридтенуге тек сигма байланысын түзетін электрондар ғана қатысады. Гибридтенуге көміртек атомының төрт орбитальі қатысады.Көміртек атомы үш түрлі болып : sp,sp2,sp3 болып гибридтенеді. Егер гибридтенуге бір s- және бір p-орбиталь қатысса,онда екі sp-гибридтенген орбитальдар түзіледіде,екі орбиталь гибридтенбей,таза күйінде қалады. Бұл жағдайда гибридтенуге бір s және екі p орбитальдар қатысады.Көміртек атомның бір p- орбиталі гибридтенуге қатыспайды.Гибридтену нәтижесінде үш sp2 гибридтенген орбитальдар түзіледі. Химиялық байланыс түзілгенде,көміртек атомының барлық электрон бұлттары бір s пен үш p араласып,бірігіп пішіндері бірдей,симметриялы емес көлемдік сегіздік тәрізді төрт sp3 -орбитальдар түзеді. sp sp2 sp3