Сұраныс пен ұсыныс
Орындаған: Арайлым Тынышбай
Жоспар:
Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
Қазіргі бәсеке жағдайындағы нарықтық механизм.
Жетілмеген бәсеке және оның түрлері.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең
маңызды элементтері. Нарық – өндіруші мен
тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше
түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы
баланстылықты қамтамасыз етеді. Бұл
баланстылық сыртқы құбылыста сұраныс пен
ұсыныс арасының сәйкес болуы ретінде байқалады.
Себебі сұраныс пен ұсыныс арнайы – өндіруші мен
тұтынушы арасындағы қатынастардың нарықтық
түрі болып келеді және олар өндіріс пен ұсыныстың
ара қатынасы түрінде де кездеседі.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Сұраныс заңы
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып
алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің
арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бағаның төмендеуі
сұраныс көлемін көбейтеді.
Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым
төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын
тауарларының саны көбейеді немесе керісінше.Бұл заң
нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып
табылады.
Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен
сатушылардың белгілі бір уақыт
аралығында сатқысы келетін
заттарының көлемінің арасындағы
байланысты айтамыз.
Ұсыныс заңы төмендегідей
тұжырымды негіздейді: тауардың
бағасы қымбаттаған сайын
сатушылардың сату ынтасы арта түседі,
яғни баға мен ұсыныстың тура
қатынаста болады.
Сұраныстың икемділігі
Нарықтағы жағдайларды зерттеген
уақытта, сұраныстың не себепті және қандай
мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін
сұраныстың икемділік коэффициентін
пайдаланады. Бұл абсолюттік емес,
салыстырмалық коэффициент. Ол зерттелгелі
отырған сұраныс функциясының факторы
1%‐ ке өзгерсе, онда сұраныстың
қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік нарықта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әр түрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бірі-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Назарларыңызға рақмет !