Жумагазина Акзерим Сертаевна



Дата02.02.2017
өлшемі91,29 Kb.
#8505
Қазақ қолөнерінің дамуы

Жумагазина Акзерим Сертаевна

Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің техникалық факультетінің дизайн мамандығының 2 курс студенті

Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы.

Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан – жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай – ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті де әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғырту үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде 19 – ғасырдың екінші жартысымен 20 – ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін әрі қарай дамыта беруді, жастарды, келешек ұрпақты осы салада оқытуды тереңдету мақсатында мен болашақ ұлттық мектептің моделін жасадым. Оның себебі әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан  — ұрпаққа жалғастыру.

Қазақ қолөнерінде ою — өрнек өте кеңінен қолданылады. Халық шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдардың ою — өрнекпен безендірілмегені өте аз кездеседі. Ою — өрнек қолданбалы қолөнер бұйымдарының тұтыну және эстетикалық мән – мағынасын аша түседі.

Сондықтан қолөнер шеберлері жасаған заттардың әрқайсысының қалай әшекейленіп, өрнектелгеніне жеті зер салған жөн.

Ою — өрнек өнері ежелгі замандарда қалыптасып, халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет – ғұрып,  салт -  дәстүріне сай дамып, түрлендіріліп, жетілдіріліп отырған. Жер жүзіндегі барлық халықтарда дерлік ою — өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталып келеді. Халық шеберлері ою — өрнекпен, сәулетті ғимараттарымен, киім – кешек, жиһаз, қару – жарақ, ат әбзелдерін, зергерлік әшекей заттарын т.б .тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Міне осы әдет – ғұрыпты әрі қарай сөндірмей жалғастыру біздің міндетіміз.

Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар мен зәулім ғимараттар  -  көз қуанышы. Ол жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын – шайтаннан қорғану   және өзін — өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қоятын. Осының нәтижесінде ою — өрнек пайда болды. Ою — өрнек латынның «оrnamentum» сөзімен мәндес. Оның аудармасы әшекей, өрнек, бедер деген мағынаны білдіреді.Көшпелі қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына аса мән берген. Оған дәлел халықтың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін ою -өрнектердің құруы. Ежелгі шеберлер үшін шабыт көзі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі болған. Олар ыдыс – аяқты, киім – кешекті, қару – жарақты, үйлер мен ғибратханаларды тамаша әшекейлеген. Тіпті ұлттық билердің де өзіндік ерекшеліктері болған. Бишінің түрлі өрнектер жасап қозғалуы үлкен шеберлікті талап еткен.

Дүниежүзілік бәсекеге түскен белсенді қоғамымыз ұрпағының енжар, самарқау болғанын көтермейді. Қазіргі кездегі мақсат – жан – жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғаны бар, адамгершілігі жоғары қабілетті, қарымтап алға басқан өмір ағымына ілесіп, өз мүддесі мен халық мүддесін қатар алға алып жүретін ойлы, ұғымтал, көреген, ынтымақшыл, жауапты, іскер жеке тұлғаны қалыптастыру. Бүгінгі мұғалім жылына бір – екі рет өткізілер ашық панорамалық сабақтарды ғана емес, кез келген дәрісте оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы қалыптасқан оқушыны дайындау арқылы ғана ісіміздің оңға басатынын ұмытпағанымыз жөн. Бала жүрегінің пернелерін дәл табу оңай емес. Бүгінгі мұғалім шәкірттерді қаталдықпен емес, мейірім шуағымен, ағыл – тегіл білімімен ғана баурап ала алады. Сабақ жүргізу барысында мұғалімнің барлық оқушыға бірдей талап қойып, олардың жеке қабілеттерін ескермеуі ұтымсыз екені айтылып келеді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін бұл талап тиімсіз екендігі өз алдына, біз олардың алдына балта шауып, өз қабілеттерін жарыққа шығаруына тосқауыл болуымыз кәдік.

Тәжірибе – қашан да тағылым көзі. Мұғалім түрлі жұмыстар атқарып, оны көпшілікке ұсынып, жалдатып, пікірін біліп отырса, сонда ізденіс болмақ. Осы орайда, шәкірт жүрегіне жол табар билікті, қадірлі ұстаз болу үшін мұғалімнің үнемі ізденіс үстінде болып тұру керектігін ескере келіп,оның шығармашылықпен, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен ұдайы айналысып отыруы, күнделікті сабақ жоспары секілді, оқытушыға аса қажет дүниенің бірі екендігі туралы айта кету орынды. Жақсы ұстаз өзі біліп қана, сол білгендерін шәкірттеріне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, оқушы бойындағы қабілетті дәл тауып, оның сол талантының ашылуына ұйытқы бола біледі. Яғни,  «Бұлақ көрсең көзін аш».

Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласында реформалау ісі жүріп жатқандығы белгілі, білім беру мазмұнына бұрынғыдан өзгеше көзқарас қалыптасуда, ұлттық менталитет дамуда. Педагогика ғылымы мен оқу тәрбие үрдісінде елеулі өзгерістер еңгізулуде.

Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінші сауатты, жан – жақты және білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар адамгершілік, рухани, азаматтық және көптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бүгінгі күнде ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа технологияларды меңгермейінші, оны ұлттық менталитетпен үйлесімді етіп ұйымдастыра білмейінші, болашақ үшін кәсіби құзырлы, шебер маман даярлау да мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік келбетінің қалыптасуына мол септігін тигізеді, әрі тұтас педагогикалық үрдісті үйлесімді ұйымдастыруға қол жеткізеді. Оқу орындары, әрбір мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге лайық қарым – қатынастар жасалуы керек. Оқушылардың ғылыми қоғамын құруда, оның мүшелерін таңдауда түрлі үйірме, қолөнер шеберлігіне таңдау жұмыстарына көңіл бөлуде көп мән бар.Әрбір жасты өзі қызығатын ісіне тарта білу – оның шығармашылық жұмыспен өз қалауымен, беріле айналысуына бастау болады. Жаңа педагогикалық технологияларда көрсетілген негізгі мәселелердің бірі оқушының оқуға ынтасын арттыру, ұжымға, ортаға қызығушылығын ояту. Оқушыға білімнің тыңбай оқу нәтижесінде келетінін ескертіп отыру керек. Өзі өзіне келіп құйған бұлақтарды қабылдай берсе ғана үлкейетіні, іздеген адам сирек те болса, табатыны, іздемеген ешуақытта таппайтындығы, құр оқып қана қоймай, сол оқыған нәрсені іске асыру, өмірде қолдана білу қажеттігі айтылып отыруы шарт. Сөз соңында, мұғалім үнемі оқып, ізденуді тоқтатқан күні мұғалім болудан да қалатындығы туралы даналық сөзді естен шығармайық дегім келеді..

Жалпы білім беру мектебінде бастауыш сыныптан бастау алатын оқушылардың бейнелеу өнері сабағында игеретін білімдерін, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты зерттеу қажет. Себебі бейнелеу өнері сабағында оқушылардың тек шығармашылық қабілеттері ғана емес; сонымен қатар ойлау; елестету; есте сақтау; сезіну; қиялдау; көре білу деңгейлері қоса дамиды. Сондықтан да оқушыларды жоғары дәрежеде дамыту үшін – ұстаз; уақытты үнемді пайдалана білу керек. Ол үшін алдын - ала әр сабаққа жоспар дұрыс құрылуы қажет.

 Оқушылардың шығармашылық қабілетін зерттегенде, оған тікелей қоршаған орта және әлеуметтік жағдай әсер етеді. Кез-келген пән мұғалімі сабақ түсіндіргенде; тақырып бойынша барлық оқушыға бірдей ақпарат береді, бірақ әр оқушы өзінше қабылдайды. Сыныпта отырған әр баланың психикалық көңіл-күйі бір қалыпта болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімге түсетін салмақ, сабақта қанша оқушы бола тұра, олардың қызығушылығын, бар ынталарын бір арнаға шоғырландырып, мидағы басқа ойларды ыдыратып жіберуде. Әрине бұл айтуға ғана оңай, дегенмен өз маман иесі жұмысына мығым болса, оқушылар соғұрлым білімге, өнерге жақын болады.

 Бейнелеу өнері сабағында қатып қалған қағида жоқ, оқушы өзін еркін сезіне алады деп айтамыз. Бірақ осы жерде қате түсінік қалыптасқан, бейнелеу өнері сабағында еркін тақырыпта ойына келгенін салуға болады деген. Бұл пікірді жою үшін ұстаз - теорияға сүйеніп, бейнелеу өнері тарихынан қысқаша құнды мағлұматтарды жеткізу қажет. Бұл орайда теория мен практиканы сабақтастырған дұрыс.

 Басқа пәндерге қарағанда бейнелеу өнері пәні оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндігі мол. Мысалы, әр пән өзіндік бағытын - математикада ойлау қабілетін, қазақ тілінде оқу және жазу мәнерін, денешынықтыруда жылдамдығын қадағаласа, оқушылардың тек салған сурет дәптерлеріне қарап, оқушылардың  ойлау дәрежесін, байқампаздығын, шыдамдылығын, ұқыптылығын, шапшаңдылығын, сезімталдығын шығармашылық қабілеттеріне қарай зерттеу жолдары арқылы анықтауға болады.

Бейнелеу өнері сабағы қай мектепке барсаңыз да, бір қосалқы, қажетсіз, пайдасы жоқ сабақ сияқты. Ал шынтуайтына келсек, ұлы тұлғалардан бастап, қазіргі танымал суретшілердің көпшілігі сурет салуды мектеп қабырғасынан үйренді. Енді осы бейнелеу өнері сабағын өз деңгейінде ұйымдастыруда ауыл мектебінің мұғалімі қандай оқу-әдістемелік, көрнекілік құралдар пайдаланады дегенге тоқталайық. Ауыл мектептерінің көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі өте төмен, бейнелеу өнеріне сынып бөлмесі қарастырылмаған. Орта мектепке арналған оқу құралдары мен оқулықтары да сын көтермейді. Жоғары оқу орындарына бейнелеу өнері мамандығына оқуға келетін талапкерлер емтихан тапсыру кезінде бірінші рет гипсті көреді. Ал қаланың балалары болса мұндай заттардың сырын үйреніп алғандықтан емтихан тапсырмаларын жоғары деңгейде орындап жатады. Ал ауыл, қала мектептерінің балаларына қойылатын емтихан талаптары бірдей. Сынақтан кейін ауылдан келген балалардың ата-аналары емтихан қорытындысына қарап: “Біздің балаларымыз неге төмен баға алады? Баламыз мектепте суреттен үздік оқушы еді, сіздердің талаптарыңыз ерекше ме, сонда?”, деп реніштерін білдіріп жатады. Ауыл балаларының бойындағы табиғи қабілеттің ерекше болатынына еш күмән жоқ. Бірақ олар сурет салудың заңдылықтарын білмейді, не сақтамайды.  Бір таңғаларлығы, емтихан кезінде ауылдың балалары сурет салу барысында ескеретін талаптарды айтсақ, тез қағып алады. Оны айтасыз кейбір мектептерде бейнелеу өнері сабағын суретке ешқандай қатысы, білімі сәйкес келмейтін “мұғалімдер” оқытып жүргенін естігенде таң қаламыз. Суреттен хабары жоқ мұғалім, сурет салу жөнінде оқушыларға бірдеңе айта ала ма? Мәдениеттілікке, әсемдікке баулудағы олқылықтың бір ұшы осында жатыр. Тағы бір дәлел, 12 жылдық оқудың алғашқы бағдарламаларын жасау кезінде бейнелеу өнерін ән сабағына қосып жіберді. Бұларға аз сағат та жетеді, барлығы сол бір өнер ғой деді. Біздің пікірімізді ескермеді. Сөзімізге ешкім құлақ аспаған еді. Жапон, Батыс Еуропа елдерінде бейнелеу өнеріне деген көзқарас ерекше. Бейнелеу өнері пәнін талап бойынша оқытатын болса, ол өте қиын да, қызықты және балалардың жақсы көретін сабағы. Бейнелеу өнері адамның өзі өмір сүріп отырған ортасының әсемдігін өнер тұрғысынан түсінуіне, эстетикалық талғамының дұрыс қалыптасуына жол көрсететін ең алғашқы ілім. Сурет салуды сүю дегеніміз – ол өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Бейнелеу өнерімен сусындаған жас ешуақытта жамандыққа бармайды, көшедегі балауса талдарды сындырмайды, маңайын былғамай таза ұстайды, табиғатқа деген қамқорлығы ерекше болады. Ол адамның ақыл-ойын, парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірде кездесетін келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, ең негізгісі халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды. Бұл ғылыми теория емес, шындық.

Сондықтан, сабақты сапалы, қызықты өткізу, балалардың өнерге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру тікелей пән мұғаліміне байланысты.

Бейнелеу өнері сабағының қоғамдағы алатын орны және тәрбиелік мәні өз алдына ерекше.Бейнелеу өнер сабағының негізгі міндеті – балаларға бейнелеу өнерінің барлық түрлерінен жалпы мағлұмат беру, қарапайым заттардың суреттерін салуды меңгерту, өмірдегі жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, ұлттық сәндік өнерімізді оқыту негізінде, оқушылардың ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру. Талапқа сай өтілетін бейнелеу өнері сабағында әрбір оқушы, өзін қоршаған ортадағы заттардың әдемілігін, табиғаттың әсемдігін және осы әдемілікті көріп, сезіне біледі. Міне, бейнелеу өнерінің құдіреттілігі қайда жатыр, біз осыны ескереміз бе, ескермейміз? Кейде. Жалпы, Алла Тағала адамзаттың барлығына, барлық білімді қабылдайтындай қасиет берген. Өсе келе бүлдіршіндеріміз нені көп меңгеріп, көріп, естіп шұғылданса, сол ілім ары қарай дамып, қонған ілімдер бірте-бірте ескерусіз қалатыны анық.



Сондықтан біз кәсіби суретші білікті де білімді мамандарды қарасақ, бала бақшадағы бүлдіршін және бастауыш сынып оқушылар мен ерекше жұмыс жасауымыз керек. Бүлдіршіндердің қиялын суретке қолдарын дамыту үшін оқыған ертегі, әңгіме, мысал сияқты шығармалардағы басты кейіпкер және өзіне ұнаған кейіпкерлердің суретін ойша қалай елестетінін қағаз бетіне одан кейін ермек сазбен жасаса және де тек бала бақшада немесе мектепте партада ғана отырып сурет салмай әсем де сұлу табиғатқа шығып яғни пленэр немесе мектеп ауласындағы өсімдіктер мен жануарларды натурадан суретін салып үйренсе, ол баланың ой-өрісіне біразда болса жақсы әсер беретіні анық. Бейнелеу өнері үшін көрнекілік принципі табиғи болып табылады. Әлі қағазға тимей тұрып, оқушы мұғалім жетектеуімен көрімді заттарды талдайды және оны салыстырады. Осы принцип денелердегі ең негізгісін шығару мақсатымен нұсқа қойылымында өтілу шарт. Жаңа мәліметті түсіндіруді мұғалім кестелермен, модельдермен және тақтадағы суреттерге сүйенеді. Оқу барысының тиімділігі көрнекі оқытудың түрлі құралдарынан, ТОҚ-н (техникалық оқыту құралдары) қосқанда, құрама қолданудың көбісінен бағынышты.

Сабақ барысында слайдтарды, диафильмдерді, кинофрагменттерді кең қолдануымен қатар, мұғалім суретті салудың белгілі кезеңдерін сақтайтын кестелерді қолданады. Осындай құралдар оқушылардың суретке деген саналы қатынасын тәрбиелеуге көмектеседі. Нашар дайындалған оқушы жалпы форманы көрмей, жеке бөлшектерді келістіре алмай отыратыны белгілі. Кестелер суреттің орындау кезеңдерін анықтауға көмектеседі. Мектепте бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты – тек қана өмірдің және өнердің әсемдігін көркемдеп қабылдай алу ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық еңбек ете алатын жан-жақты үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет