К, К', Г, Г', X, X' /И/ - дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері
К және К' дыбыстарының кемшіліктері-каппацизм Г және Г' дыбыстарының кемшілігі - гаммацизм, X және X'дыбыстарының кемшілігі-хитизм деп аталады. Осы дыбыстардың басқа дыбыспен алмасуы паракаппацизм (парагаммацизм, парахитизм) деп аталады.
/Й/ дыбысының кемшілігі - йотацизм деп аталады.
К дыбысының жасалауы мынадай, /29-сурет/. Ерін қалпы іргелес дыбысқа байланысты /ка, ко, ке/. Жоғарғы, төменгі күрек тістер арасында саңылау сақталады. Тіл ұшы төмен, үсті таңдайға тиеді. Ол фонетикалық жағдайға қарай өзгеріп тұрады. Дыбысты айту кезінде тілмен таңдай байланысы ажырап, арттағы ауа қысымына жол ашады. Жұмсақ таңдай көтеріліп тұрып жолын жабады. Дауыс перделері ажыраған күйде.
Одан Г дыбысының айырмасы ажырау алдында дауыс перделері әуелі түйісіп, қатты тербелумен ерекшеленеді.
29-сурет. К фонесмасыньщ артикуляциялык көрінісі (профилі)
|
X дыбысын айтудың К дыбысынан айырмасы тіл үсті таңдайға түгел тимейді, орта қуыс қалдырады, сол арқылы өткен дем ауасы X дыбысына тән шу шығарады. Жұмсақ К', Г', X' дыбстары қатаң жұптардан тіл мен таңдай жасайтын қуыстың ілгері, орта таңдайға ығысуымен ерекшеленеді /Й/ дыбысы үндеген X'дыбысы сияқты артикуляцияланады. Каппацизмнің негізінен үш түрі кездеседі. Оның бірінде К бәсең айтылатын тамақ шертпесі сияқты естіледі.
|
Бұл дыбыс перделері тығыз жабыңқы, тыныс алу бұлшық еттерінің қатысуынан ауа кысымының артуы, содан соң байланыстың қопарылып, ауа шумен дауыс пердесі арқылы шығумен жасалады.
Басқа жағдайларда К мен Т алмасатын паракаппацизм кездеседі. Кітап-тітап, үшінші жағдайда қопармалы К фрикативті X дыбысымен алмасады, бүл да паракаппацизмге тән.
Каппацизм туғызатын аномалия - қатты таңдай биік жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды. Егер оны айна алдында артикуляциясын көрсетіп, еліктеу, қолымен бейнелеу арқылы түзету мүмкін болмаса, шпатель көмегімен механикалық әсер керек /30-сурет/.
а/ б/ в/
30-сурет
К фонемасын шпательдің көмегімен қою.
Балаға та-та-та буындарын айтқызады. Қайталаудан бұрын шпательмен тілдің алдыңғы үстін төменгі тіске қысады. Сонда та орнына тя деп айтылады. Одан соң жаттығу тілді тереңірек басу арқылы кайталанып та орнына кя алынады. Соңында тілді одан да терең басып ка буынын алады.
Жаттығу кезінде үйреншікті қате артикуляция тұрмауы үшін баланың есіне К дыбысын салмайды, дауыстап айтпайды.
Кейбір жағдайда дыбысты түзету бір сабақта өтуі мүмкін, кейде тя немесе кя кезеңіне бірнеше сабақ арнайды. К дыбысын тілді бірден терең басу арқылы алуға ұмтылу, баланың тіл мен таңдай байланысын жасауына мүмкіндік бермей, жұмыстың нәтижесін тежеуі мүмкін.
Айтылған жаттығуларды жасағанда тіл үстін ортаңғы және сұқ саусақтармен өзіне бастыру пайдалы.
Жаңа артикуляция пайда болған соң, балаға К дыбысы алынғанын айтып, оны буындарда бекітеді /тілді басуды тоқтатпай/. Кейін тілді баспай айту да үйретіледі. Онда логопед баланың тілді басатын қолын ұстап отырып, екі буынды айтқызады да, үшіншіде қолды тартып алады, сөйтіп дыбыс инерциясымен айтылады. Мүмкін болған сәтте-ақ механикалық әдіс тоқтатылады. К дыбысына сүйене отырып К дыбысын дұрыс айтқызу үшін тіл мен таңдайдың түйісуін ілгері ығыстыру қажет.
Осы талаптар орындалғанда, дұрыс орныққан К дыбысының орнына коп күш жұмсалмай, жұмсақ К' дыбысын алуға болады.
К дыбысы Т немесе X дыбысымен алмасатын паракаппацизмде буын сөз жаттығулары дұрыс дыбысты бекітуге, алмасқан дыбысты ажыратуға бағытталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |