Жоспар: 1) Патент беру тәртібі 2) Сараптау жүйесі деген не ? 3) “Кейіннен сараптау” патент беру жүйесі
Патенттік ақпаратқа өнертабыстар сипаттамаларында келтірілген ақпарат, берілген патенттер және патент иеленушірердің құқықтары туралы мәліметтер жиынтығы жатады. Патенттік құжаттарға қорғау құжаттары берілген өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және пайдалы модельдер туралы, сондай-ақ өнертапқыштардың, патент иеленушілердің құқықтарын қорғау жөнінде мәліметтер жазылған құжаттардың жиынтығы жатады.
Патент беру заң бойынша бекітілген тәртіп пен ережелерді сақтау негізінде жүзеге асырылады. Патентті арнайы уәкілетті орган – патенттік ведомство береді. Әр мемлекеттің патенттік ведомствосының өз аты болады. Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосы қысқаша Қазпатент деп аталады. Толық аты: ҚР Әділет министрлігінің зияткерлік меншік жөніндегі Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
Патент алу үшін алдымен патенттік ведомствоға өтінім беру керек. Өтініммен бірге тиісті құжаттар (өнертабыстың сипаттамасы, сызбалар және т.б.), сондай-ақ өтінім бергені үшін төлем төленгенін көрсететін құжат (түбіршек) жіберіледі. Өтінімді қарастыру және сараптау тәртібі патент заңымен бекітіледі. Берілген патенттер жөнінде ақпататтық мәліметтер патенттік ведомствоның ресми басылымында (бюллетеньде) жарияланады. Кейбір мемлекеттерде түскен өтінімдер туралы ақпарат та жарияланады.
Патентік құқықта патент берудің 3 жүйесі кездеседі: - тексерусіз патент беру жүйесі; - тексеруден (зерттеуден) кейін патент беру жүйесі; - кейіннен тексеруден (зерттеуден) өткізіп патент беру жүйесі.
Өтінімді қарастыру және сараптау тәртібі патент заңымен бекітіледі. Берілген патенттер жөнінде ақпататтық мәліметтер патенттік ведомствоның ресми басылымында (бюллетеньде) жарияланады. Кейбір мемлекеттерде түскен өтінімдер туралы ақпарат та жарияланады.
Сараптау жүйесі (білімдерге негізделген жүйе) — ережелер мен шығару механизмдерінің жинағы бар білім базасын қамтитын жасанды интеллект жүйесі. Бұл жинақ ережелер мен пайдаланушыға ұсынылатын мәліметтердің негізінде жағдайды білуге, диагноз қоюға, шешімді тұжырымдауға немесе әрекетті таңдауға нұсқау беруге мүмкіндік тудырады; белгілі бір ғылым саласындағы маманның (мысалы , медицина, энергетика саласында) білімі мен тәжірибесін компьютерде жинақталған білімдер базасы арқылы модульдеп көрсететін зерделік программа. Осындай программа көмегімен маман емес адамның өзі сарапшымен ақылдаспай-ақ, шешім қабылдай алады. Білімдер базасын оңын ережелерімен және нәтиже алу, шешімге келу тәрізді мүмкіндігімен бірге пайдаланатын, осы заңдылықтар көмегімен практикадан алынған нақты мәліметтерді енгізіп, солардың негізінде жағдайды болжауға, мысалы , диагноз қоюға, белгілі бір шешім қабылдауға ұсыныс жасауға мүмкіндік беретін программа немесе жүйе. Берілген ақпаратты бұрын енгізілген ережелер арқылы талдаудан кейін шешім қабылдауды жасақтайтын программалар кешені.
Кейіннен сараптау жүйесі бойынша түскен өтінімдердің барлығы сараптаудан өткізілмейді. Патенттік ведомство сараптаманы өтініш берушінің немесе басқа мүдделі тұлғаның сұрауы бойынша ғана жүргізеді. Өтінім туралы аққпарат бюллетенде басылады, сол күннен бастап өнертабысқа құқықтық қорғау беріледі. Сұраныс бойынша жасалған сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда патент беріледі. Белгіленген уақыт ішінде (3-7 жыл) сұраныс түспеген болса, патенттің күші жойылады. Кейіннен сараптау жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттерде өнертабыс туралы алғашқы ақпарат болып жаряиланған өтінім табылады.
Сараптау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының “Ұлттық мұрағат қоры және мұрғаттар туралы” және Қазақстан Республикасының “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба ” Заңдарын және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларымн бекітілген “Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы “