Кешегі тарих – арман, бүгінгі күн – мақсат, ертеңгі сәт– жарқын болашақ
Менің анам педагог болғандықтан ба, өз кәсібімді білікті ұстаз болудан бастаймын деген ойды бала кезден қалыптастырып бойыма сіңіріп өстім. Өмірдің ағымы мені осы АрқМПИ-дің студенті болуды жазған секілді. Анамның жұмыстарын көріп өсіп, арман жетегіде самғап, осы институттың грант иегері болу маңдайыма жазылғанына қуанамын. Арман қанатында отырып болашақ институтым жөнінде мағлұматтар жинадым.
Тәуелсіздігіміздің биыл міне 28 жылдық ұлы мерекесі аталып өтті. Осы тәуелсіздік кезеңінде бой көтерген мемлекеттік жоғары оқу орындары көп-ақ. Ал менің сүйікті институтымның тамыры тым тереңде жатыр екен. 1972 жылы 12 сәуірде оның Арқалықта іргетасы қаланған екен. 1977 жылдан бастап Ы. Алтынсарин есімі берілген. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазған Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі – осы, тек осы мектептерде екендігін дәлеледеген атамыздың есімі дәл осы педагогикалық мамандықтарды даярлайтын иститутқа берілгені бекер емес. Айта кететін жайт, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты Торғай облысындағы 40 жылдық тарихы бар және педагогикалық мамандарды даярлайтын жалғыз институт. Қазақ даласындағы алғашқы тәлім-тәрбие ошағының бастауы болған бұл иституттың тарихы тереңде, діні мен ділін терең сақтаған адами құндылықтар мен сапалы білімнің бастауын қалыптастыратын білім ордасы деп тілге тие кетсем артық болмас.
Мен қазіргі таңда педагог-психолог мамандығы бойынша білім алудамын. Қазіргі таңда бұл аса жоғары сұранысқа ие. Себебі, статистик ғалымдарымыздың айтуынша XXI ғасырды - депрессия ғасыры деп атағандықтан, адамның жанын түсіне біліп, оған психологиялық және тәрбиелік көмек көрсету неғұрлым сұранысқа иелігімен ерекшеленіп отыр. «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла деп Абай атамыз атап кеткендей, сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым сыры. Осы сырын ашып көрсетіп, өз саламның білікті кадры атану үшін маған бұл институт көп көмегін тигізеді деп айта аламын. Бітіруші түлек ретінде өз ұстаздарыммен бір қатарда тұру менің - арманым, солар секілді білікті де, өз талаптарын берік ұстанатын, адами қасиеттер мен құндылықтарды бойына сіңірген ұстаз болу мен үшін абырой, мақсат. Болашақта мен де осы ұстаздарым секілді осы мамандыққа өз жаңалығымды енгізіп, дамытып, оны халықаралық аренаға шығару мақсатында үлес қосқым келеді. Сонымен қоса институтымыз Н.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын толықтай қолдайды және өте жоғары деңгейде оқытады. Менің ойымша егер иститут ісін осы қарқында дамыта берсе, әлемнің үздік Гарвард, Кэмбридж, Оксфорд сияқты аузын айға білеген жоғары оқу орындарының қатарына қосылатынына сенімім мол.
ХХІ ғасыр – технология, білім алу, қарым-қатынас заманы. Әлемнің 70 тілін, көптеген мамандықтарды зерттеген әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы.» Иә, өте орынды айтылған сөздер. Не себептен десеңіз, тәртіп, тәрбие болмаса, адам алған білімін теріс жолға жұмсауы әбден мүмкін. Бұл оқу орынының ең басты ұраны осы тәрбие, ал одан кейін барып білім беру деп есептеймін.
Биыл 48 жасқа толғалы отырған институтыма мынадай тамаша деректерді келтіргім келіп отыр. Иститут құрамында 24 педагогикалық мамандық иесін дайындайтын 4 факультет(жаратылыстану мен ақпараттандыру, тарих және өнер, педагогика және филалогия, сырттай оқыту факультеттері) және 10 кафедра бар екен. Әрбір оқытушы тәлім-тәрбиеге толы дәрістер береді. Көңілі дархан ұстаздарымның арасында білімі мұхиттан терең, телегей білімді атақтылары да жетерлік. Ұстаздармыз магистр, доцент, академик, ғылыми доктор, профессорлар шәкірттеріне білім нәрін құяды. Факультетіміздің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, айтыстың кемеңгері ақын Қалиев Айбек Киікбайұлы екенін тілге тие кетсем кенде болмас. Тәрбиені бірінші орынға қоятын ұстаздарымыздан біз, келешек ұрпақ, талапшыл, өз мақсатын толық білетін, орынды жұмыс атқаратын педагог маман шығытынына толық сенімдімін. Мамандығымыз туралы аға оқытушы Аймағамбетұлы Роман ағайымыз «институтымыздың бетке ұстар мамандығысыздар» деген кезінде көкірегімде бір жылылық, мақтаныш, болшаққа нұрлы көзқарас қалыптасқандай болды. Басқа манадықтарға психология мамандығын үлгі етіп көрсеткенде болашағымыздың жарқын екендігін, осы беделді абыройға лайық болу үшін өзімізбен өзіміз шыңдалуымыз керек екендігін айқындап бергендей болды. АрқМПИ шет етелдердегі университетпен тәжірибе алмасу арқылы тығыз байланыс орнатқан институт. Сіз білесіз бе, біздің институтымызды қанша адам бітіргенін? 40 жылдам астам уақытта 14 мыңнан астам адам, 14 мыңнан астам тағдыр өз кәсіби жолдарын осында тауып кетті. Олардың ішінде небір атақты адамдар, бүгінгі белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, атақты ұстаздар, спорт майталмандары, бизнесмендер бар. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір ғажайып шағын қаланың тұрғындары. Ғажайып дейтінім ол қаланың аты Арқалық деп аталады. Осы қала студенттері арасында «Арқалықты ешкім армандап келмейді, бірақ арамандардың орындалатын мекені» деген ұран жайлаған. Расында осы бір Торғай өңірінің сәнін келтіріп тұрған осы бір шуақты армандардың орындалатын мекенінде оқып жатқанымның өзі бір мақтаныш. Бұл оқу орнын бітірген түлектердің ешқайсысы жұмыссыз қалмаған екен. Жыл сайын қай кезде болсада оқу орнын бітіріп кеткен түлектеріміз келіп өз жетістіктерін студенттерге айтып, осы иституттың түлегі болғанын мақтан тұтып, сағынышын басуға келіп жатады. Қайсыбірінің болсын тарихын естігенде ең әуелгі білімнің маңыздылығын, ұстаздарымыздың еңбектерінің молдығын аңғарғандай боламын. Мысалы, Арман есімді ағамыз осы мамандықты бітіріп атақты психолог, коучер болып жұмыс атқарып жатса, тағы бір әпкеміз криминалистика саласындағы психолог, ал тағы бір әпкеміз өзі жұмыс жасап жатқан балабақшада Мантессори әдістемелерін пайдаланып болашақ жас ұрпақты дұрыс қалыптастыруға өз үлектерін қосуда. Айта берсек көп, жетістіктерде, мақтаныштарда, мақсаттарда. Адамға ең керегі, ең қажеті осы өмір жолындағы жұмысы емес пе? Әлбетте! Ендеше мен неге өз институтымды мақтаныш тұтпаймын?!
Сөз соңында айтарым, оқу ордамыз одан әрі даму үстінде болсын және де оқытушыларға шексіз алғысымды білдіремін. Шүкір, институтымыздың кешегі күні, тарихы бар, бүгіні де жоқ емес, ал ертеңі, болашағы одан да жарқын болғай! Менің сүйікті институтым, абыройыңды аспандатып, мәңгілік ел Қазақстанымды гүлдендіруге зор үлесіңді қосып, келешекке қарай қыран құстай қанатың талмай қалықтап ұша бер, ұшақ бер!
Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті Қалдыбек Назгүл Маратқызы
Достарыңызбен бөлісу: |