ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Аналитикалық шолу
Тақырыбы: Қазақстандағы кәсіпорындар
Орындаған:Усен Қайырбек
Тобы:ЭФ-20 5к1
Қабылдаған: Бекназаров Б
Шымкент-2022
Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Экономиканың дамуының барлық кезендерінде кәсіпорын оның негізгі буыны болып саналады. Тек кәсіпорындарда ғана өнім өндіріліп, жұмысшының өндіріс құралдарымен, еңбек заттарымен тікелей байланысы қалыптасады. Дербес өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, сонымен қатар олардан құралған заңды тұлғалар тобы жатады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шешуші тұлға болып кәсіпкер саналады. Кәсіпкер статусы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қальштасады. Кәсіпкерлік қызметтің субъектісі болып жеке азамат та, олардан құралған топ та саналады.
Өндірістік кәсіпорын деп өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылық қажеттіліктерді қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер тобын айтады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекеге кабілетті және сұранысқа ие болатын өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу.
Қазақстандағы кәсіпорындар туралы айтатын болсам Қазақстан Республикасында 2022 жылдың 1 ақпаны бойынша барлығы 481837 кәсіпорын тіркелген. Олардың 472 878 шағын, 6 504 орта, 2 455 ірі кәсіпорын болып тіркелген. Осы кәсіпорындардың облыс және мемлекеттік деңгейдегі қалалар бойынша бөліп көрсететі болсам
Ақмола 14 678
|
|
Жамбыл 14449
|
|
Маңғыстау
15 922
|
|
Шығыс Қаз.
22 138
|
Шағын 14 361
|
Шағын 14 077
|
Шағын 15 547
|
Шағын 21 549
|
Орта 234
|
Орта 299
|
Орта 266
|
Орта 435
|
Ірі 83
|
Ірі 73
|
Ірі 109
|
Ірі 154
|
Ақтөбе 18 953
|
Қарағанды 31457
|
Павлодар
17 057
|
Нұр-Сұлтан қ. 84 837
|
Шағын 18 590
|
Шағын 30 820
|
Шағын 16 713
|
Шағын 83 996
|
Орта 266
|
Орта 460
|
Орта 252
|
Орта 490
|
Ірі 97
|
Ірі 177
|
Ірі 92
|
Ірі 351
|
Алматы 25 129
|
Қостанай
14 181
|
Солтүстік Қаз. 10 600
|
Алматы қ.
133 284
|
Шағын 24 469
|
Шағын 13 793
|
Шағын 10 342
|
Шағын 131 553
|
Орта 535
|
Орта 282
|
Орта 201
|
Орта 1 207
|
Ірі 125
|
Ірі 106
|
Ірі 57
|
Ірі 524
|
Атырау 13 769
|
Қызылорда
10 998
|
Түркістан
16 048
|
Шымкент қ. 26 743
|
Шағын 13 380
|
Шағын 10 652
|
Шағын 15 435
|
Шағын 26 321
|
Орта 273
|
Орта 265
|
Орта 505
|
Орта 300
|
Ірі 116
|
Ірі 81
|
Ірі 108
|
Ірі 122
|
Батыс Қаз. 11594
|
|
|
|
Шағын 11 280
|
|
|
|
Орта 234
|
|
|
|
Ірі 80
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |