Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген қайта құру өміріміздің барлық саласына тереңдеп енді. Жариялылық,демократиялық аясын кеңейтіп,өткен тарих "ақтаңдақтарын" аршып алуға,болашаққа берік бағдармен баруға үйретті
Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген қайта құру өміріміздің барлық саласына тереңдеп енді. Жариялылық,демократиялық аясын кеңейтіп,өткен тарих “ақтаңдақтарын” аршып алуға,болашаққа берік бағдармен баруға үйретті.Жоғарыда тайтқанымыздай тарих беттеріндегі беймәлім жайлар ашылып,азаматтық үндер айқын сипат алды.Бүгінгі таңда бұрынғы Одақ,қазіргі ТМД елдері сияқты біздің республикамызда да қалың бұқара арасынан көпшіліктің мүддесін қорғайтын,баршаға ортақ күрделі мәселелерді шешуге бағытталған түрлі қоғамдық қозғалыстар,ұйымдар дүниеге келіп жатыр.Сөйтсе де,олардың бірқатары шынында да халық мүддесін көздесе де,енді біреулер егемендікке енді ғана қол жеткізіп, ел экономикасын нығайтуға ұмтылған шақта теріс қимылды әрекеттерімен ұлттар достығының беріктігшін бұзуға тырысуда. Міне осы орайда біздер бұл тақырыптта Қазақстандағы басты – басты деген саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөз органдары туралы сөз етпекпіз. Қазақстанның азаматтық “Азат”қозғалысы - өзін - өзі басқаратын әлеуметтік-саяси ұйым.Ұйымның төрағасы ғалым Сәбетғазы Ақатаев. Бұл қозғалыстың алдына қойғанбасты мақсаты – тәуелсіз,дербес,біртұтас,қазіргі уақытпен үндес,қазақтың демократиялық ұлттық мемлекетін құру, оның тарихи дамуын қамтамасыз ету жолында күресу.“Азат ”қозғалысының жанынан қазақ және орыс тілдерінде “Азат”газеті шығады. Ал , “Желтоқсан” ұлттық – демократиялық партиясы болса, бүгінгі таңдағы Қазақстандағы белгілі қозғалыстардың бірі.Оның төрағасы белгілі журналист Хасен Қожақметов. “Желтоқсан” партиясының бағдарламасында былай деп жазылған : “Бұл партияның түпкі мақсаты – КСРО-дан бөлек, өз алдына тәуелсіз, демократиялық, көп партиялы праволық мемлекет құру”.“Желтоқсан”ұлттық – демократиялық партиясы зорлық – зомбылық, күш қолдануға және қайсыбір болмасын ұлттың қаны төгілуіне қарсы.Сондай ақ, “Желтоқсан ”партиясы әр республиканың әскери құрамалары болуын жақтай отырып, экологиялық апаттарға жол бермеу жолында да күрес жүргізеді.Бұл партияның өзіндік ерекшелігі – 1986 жылғы желтоқсандағы жәбірленген қазақ жастарының мүдделерін қорғап, жазықсыз жазаға ұшыраған жастар мен студенттердің талап тілектерін қорғауы деп білеміз.Оның баспасөз органы “Желтоқсан”газеті.Келесі тоқталатынымыз “Қазақстан бірлесу партиясы” (ПНЕК). Алғашында одақ ретінде дүниеге келген қозғалыс,кейінен партия болып қайтадан құрылды.Олар өздерін халыққа : “Біздің мақсат экономика мен саясатқа, республикамызға еңбек сіңіру ғана емес. Сонымен қатар халықтар достығын құптау” – деп таныстырады.Оның бүкіл Қазақстан бойынша 1500 дей филиалдары жұмыс істейді.Оның баспасөз органы ретінде екі тілде “Дәуір”, “Время”газеттері шығарылып тұрады.