«KinostArt -2018» киносыншылар жүлдесінің концепциясы мен регламенті
Биік шығармашылық шыңға жеткің келсе, биік мақсаттар қоя біл. Ал, егер сенің қолыңда бейне камера болса, бізге қосыл!
«KinostArt -2018» киносыншылар жүлдесі – бұл мамандардың көзқарасы мен бағасы, ойы арқылы студенттердің шығармашылық жолын қалыптастыратын мүмкіндік.
Бүгінгі күн – белсенді кинематографистер мен білімді киносыншылардың кезеңі.
Сондықтан да «KinostArt» кинотанушылар жүлдесі – бұл ерекше талғамды, жеке дара формасы қалыптасып еркін жүзеге асыра білетін дарынды азаматтың марапаты.
Біз – Астана қаласындағы жастардың қайталанбас киностилінің өмірге келуін қолдаймыз!
Ұран:
Мақсатың биік болса, алар асуың одан да биік!
Өткізілу мақсаты:
Елордамыздағы кино және телевизиялық кино мектептері шеберханасының өткен жылдағы еңбектерінің қорытындысын жасап, бағыт-бағдары мен даму жолдарының ерекшелігін айқындау.
Бағыттары:
Елордамыз Астана қаласындағы кино мектептер мен кино саласындағы жоғарғы оқу орындарындағы кино және телевизия шеберханаларындағы студенттердің туындысына талдау және салыстыру жүргізу.
Студенттердің шығармашылық жұмысына баға беру.
Кино және телевизия шеберханаларындағы білім алып жүрген студенттердің жұмысындағы даму бағыттары мен ерекшеліктерін анықтау.
Кино және телевизиядағы негізгі тақырыптар мен оларды бейнелеу тәсілдерін анықтау.
Ұйымдастырушылары:
«KinostArt» киносыншылар жүлдесін өткізу іс-шараларын: ҚазҰӨУ-нің ректоры А.Қ. Мұсахаджаеваның қолдауымен профессорлық оқытушылар құрамы, ҚазҰӨУ «Өнертану» (кинотану) кафедрасының магистрлері мен студенттері іске асырады.
Жоба жетекшісі: Смаилова И.Т. - өнертану кандидаты, кинотанушы, Казақстан киносыншылар ассоциациясы мүшесі, Халықаралық киноакадемия мүшесі.
Қолдаушылар:
- Қазақстан киносыншылар ассоциациясы.
- Кино туралы сайт «Vosmerka.kz».
Өткізілу кезеңі:
2018 жылдың 1-2 наурызында, 2017 жылдың кинематограф пен телевизия салалары бойынша қорытындысын жасау.
Негізгі бастамашы топ:
Смаилова И.Т. – өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының доценті;
Мұқышева Н.Р. – өнертану кандидаты, ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының профессоры;
Ибрагимова Ж.Б. – ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының оқытушысы;
Айдарова М.М. – ҚазҰӨУ «Өнертану» кафедрасының оқытушысы;
Лумпова А. – «Өнертану» кафедрасының 2 курс магистранты;
Абылханова А. – «Өнертану» кафедрасының 2 курс магистранты;
Исенова Д. – «Өнертану» кафедрасының 4 курс студенті;
Оспанова А. – «Өнертану» кафедрасының 4 курс студенті;
Ақшалова Н. – «Өнертану» кафедрасының 4 курс студенті;
Қажыбекова Б. – «Өнертану» кафедрасының 3 курс студенті.
Қатысушылар:
1.01.2017 – 1.01.2018 жж. уақыт аралығында түсірілген студенттік көркемсуретті, деректі және анимациялық фильмдер мен телевизиялық жобалар.
Жүлделер:
-Үздік көркемсуретті фильм.
- Үздік деректі фильм.
- Үздік телевизиялық жоба.
- Үздік анимациялық жоба.
- Үздік сценарий.
- Үздік актерлік жұмыс.
- Үздік операторлық жұмыс.
- Үздік монтаждық жұмыс (дыбыс)
- Киносыны саласындағы үздік студенттік жұмыс
Қазылар алқасы
Қазылар алқасының құрамына ҚазҰӨУ «Кинотану» мамандануының профессорлық-оқытушылық құрамы, Казақстан киносыншылар ассоциациясы мүшелері кіреді.
Фильмдерді қабылдау үлгісі:
Көрсетілімге әр түрлі жанр мен хронометраждағы фильмдердің барлық курстағы студенттердің жұмысы қабылданады. (этюдтер мен техникалық жаттығулар қабылданбайды!).
Тіл: Қазақша (орысша/ағылшынша субтитрімен) орысша ( қазақша/ағылшынша субтитрімен);
Фильмдерді 2018 жылдың 15 ақпанына дейін сілтеме ретінде zhas.start@gmail.com электронды адресіне жіберу қажет. Сонымен қоса:
• Режиссердің өмірбаяны;
• Фильмнің қысқаша мазмұны (синопсис пен фильм тур. ақпарат).
Киносыны саласындағы үздік студенттік жұмыс бойынша БАҚ немесе сайттарға жіберілген мақалалар мен рецензиялар қабылданады.
• Жүлделі орындарға ие болған фильмдердің көрсетілімі және талқылау. • Қазақстандағы кино өнерінің тенденциясы жайында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |