№ 1 ДӘРІС КІРІСПЕ. ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗДЕРІ
Жоспар:
Кіріспе. Қауіпсіздік мәселелері.
Өндіріс пен өнеркәсіптің дамуынң салдары.
Химиялық қауіпсіздіктің туындау көздері.
Өнеркәсіптің дамуы химиялық заттарды қолданатын ортаның кеңеюімен тікелей байланысты. Қолданылатын пестицидтердің, тыңайтқыштар мен басқа да химикаттардың көлемінің өсуі – қазіргі ауылшаруашылық пен орман шаруашылығына тән сипат. Адамзат табиғатына тән, қоршаған ортаға химиялық қауіптің күшеюінде объективті себептер бар.
Бұдан оншақты жылдар бұрын, газ тәрізді заттар атмосферада тез сейіліп, сұйықтық суға сіңеді деген оймен, ешқандай бақылаусыз, өндірістегі химиялық қалдықтар қоршаған ортаға тасталынып, пестицидтер мен тыңайтқыштар ұлан-байтақ аймақтарды тозаңдандырды. Алайда, қатты өнімдер бірқатар аймақтарда едәуір шоғырланғанмен, өнеркәсіп тастандыларының қауіптілігі төмен деп қарастырылды. Пестицидтер мен тыңайтқыштарды қолдану, токсиканттардың табиғатқа тигізген шығындарына қарағанда, бірнеше есе артық экономикалық нәтиже берді.
Бірақ, 1962 жылдың өзінде, пестицидтерді есепсіз қолдану нәтижесінде құстар мен балықтардың жаппай қырылғаны туралы баяндаған Рашель Карсонның «Үнсіз көктем» кітабы жарыққа шығады. Карсонның тұжырымы бойынша поллютанттардың жабайы табиғатқа тигізетін әсері адам үшін де қауіп төндіреді. Бұл кітап көпшіліктің көңілінен шықты. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұйымдар ашылып, ауаға шығарылатын ксенобиотиктерді реттейтін үкіметтің заң актілері пайда болды. Осы кітаптың арқасында ғылымның жаңа тармағы – экотоксикология дамыды. Экотоксикология химиялық және биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мәселелерді қарастырады.
1969 жылы, алғаш рет, бір біріне мүлдем ұқсамайтын экология (Кребс бойынша – тірі жандардың тұрағы мен таралуын анықтайтын қарым-қатынас туралы ғылым) мен токсикология пәндерін өзара байланыстырған Рене Траут экотоксикологияны (ecotoxicology) дербес ғылым ретінде бөліп шығарды. Іс жүзінде, бұл ғылым, жоғарыда көрсетілгеннен басқа химия, биохимия, физиология, популяциялық генетика және т.б. жаратылыс ғылымдарының элементтерін қамтиды.
Адамды санамағанда, химикаттардың экожүйеге қатысты әсерін білу үшін экотоксикология терминін қолдану беталысы қалыптасқан. Уолкер және басқалары бойынша (1996) экотоксикология – химикаттардың экожүйеге зияны туралы ілім. Экотоксикологияда қарастырылатын аядан адам объектілерін алып тастағанда, бұл анықтама қоршаған ортада экотоксикология мен токсикологияның өзара айырмашылығын детерминдейді және соңғысының зерттелетін нәрсесін анықтайды. Қоршаған орта токсикологиясы терминін қоршаған орта ластандырғыштарының адамға тікелей әсерін зерттеу үшін ғана қолдануға ұсынылады.
Бұл әдісті толығымен қолдай отырып, жәнеде оның тәжірибелік маңызына дұрыс баға бере отырып, зерттеушіге қойылған талабына сәйкес - адам популяциясына (мысалы, биотты токсикалық модификациялауды қамтамасыз ету) ластағыштардың тікелей әсерін бағалауда, немесе, керісінше, тірі жәндіктердің жеке түрлеріне әсерін тигізетін айналадағы химикаттардың қозғалыс механизмін анықтауда, қоршаған орта токсикологиясы мен экотоксикологиясы арасындағы методологиялық айырмашылықтың толық өшірілетінін ескеру қажет.
Адам баласының жаратылысында бірінші рет улануы, улы затармен жалпы умен кездесуы туралы нақтылы деректер жоқ, сонымен қатар мұндай сұраққа сшкім жауап бере алмайды десек кателеспеймыз. Біздің ата бабаларымыз улы өсімдіктермен, жануарлармен өте көне ерте уақытта кездескенді бізге аян.
Ертеде улы заттардың жалпы айтқанда удың әсері өте құпия жағдайда сақталып, уланудан болған құбылыстарды жын-сайтанның қара ойлы дұшпанның болмаса сыйкыршылардың іс әреккеттері деп адамдар бір-біріне түсіндірген. Адамзат баласы улы заттарды қолданып аң аулаған, кылмыстық әрекеттерге барып бірін бірі қастандықпен улаған, уды қолдану арқылы емделген бұл әрекеттердің бәрін улы заттардың әсерлік механизмін ашпас бұрын олар білген.
Токсикология - уды, улы заттардың тірі (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің) организмдерге әсер әрекетін шығыу табиғатын қасиетін анықтап сезімталдығын зертейтін, денедегі удың өзгеруін, шығуын, уланудың клиникалық белгілерімен уқытаты оның жүру процесстерін, улардан болған себеп салдарларға, емдеу, алдын алыу әрекеттерін жасап жауап беретін ғылым.
Өндіріспен техниканың және технологиялардың дамып жетілген уақытында халық шаруашылығының қай саласын алмасаңызда өткір созылтпалы улану, және сол уланулардың себебінен болған салдарлар проблемалары қоғамның дұрыс дамуында адамдардың деңсаулықтарын сақтаудағы актуалды бірден-бір өте маңызды фактор болып табылалы.
«Химиялық биологиялық қауіпсіздіктің негіздері» дегеніміз екі ұғымнан құралған сөз тізбегі дәлірек айтқанда «химия» – дегеніміз заттардың құрамын, өзгеру қасиетін зертейтін ғылым ал биология – ғылымы тіршілікті зерттейді, ол гректің екі сөзінен «био» - «тіршілік», «логос» - ілім деген мағананы білдіреді, бұл екі ғылымда табиғатты зерттейді сонымен қатар физикамен, биологиямен, геологиямен тығыз байланыста, көптеген бөлімдері осы жоғарыда келтірілген ғылымдардың қыилысында шығып физикалық химия, геохимия, биохимия сыяқты ғылымдарменен терең байланыста.
Токсикология - атауы грек сөзінен шығады, «toхісоn» – дегеніміз жебенің ұшына жағуға арналған улы зат, ал «logos» деп ғылымды айтады.
Жалпы адамзаттың дамуы өрлеген сайын ғылымдағы өрлеуде соның ішінде химия ғылымы өте дамып өсті міне сонымен қатар химиялық залалды затардың саны мен сапасы көбейдіде адам мен жануарлардың жалпы тіршілік атаулының барлығы дерлік саны көбейген қауіпті химиялық заттармен қарым қатнасы нығайып тереңдеді кейбір өте қауіпті заттар халық шаруашылығының міндетті тұтыну құралына айналды мысалы ауыл шаруашылығында малдың өсімдіктердің зианкестеріменен күресу ұшін сан алуан пестицидтер қолданылатыны бәрімізге белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: |